Электр тоғымен жарақаттанғандағэ көрсетілетін көмек



Дата14.06.2023
өлшемі121,63 Kb.
#101294

«Электр тоғымен жарақаттанғандағэ көрсетілетін көмек»
Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс. Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы. Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.
Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс. Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады!
Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.

Электр торы немесе найзағайдың соғуы
Тұрмыстық электр приборларын олақ пайдалану немесе аңдаусыз ұстағанда адам тоқ зақымдауы мүмкін. Электр тогының соғуынан алған зақымдану жеңіл болған жағдайда сым тиген жер қызарып ауырады (күйелі), зақымданған адамның өңі қуарып, бойын үрей билейді. Ауыр зақымданған жағдайда күйік ұлғайып, тоқ ұрған жердегі дененің ткані қарайғаны байқалады,адам талықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтап қалуы мүмкін.
Зақымданудың ауырлығы, негізінен, токтың күшіне және оның ұру ұзақтығына байланысты. Токтың кедергісі тез өтуі (бұған себеп: қолдың су болуы, аяқ киімнің дымқыл, жердің сыз болуы) электр тогы зақымын күшейте түседі, мұндай жағдайда тіпті кернеуі 36 В «қауіпсіз» ауыспалы токтың соғуынан-ақ өліп кетуге болады.
Алғашқы көмек көрееткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы тартқанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді . Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқгату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратыл, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғын (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) .
Жүрегі тоқтап, тынысы бітіп кетпеген болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады) , жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде — борлы вазелин жағыл немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңыл тастайды. Егер тынысы тоқтал, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек — дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж жасау, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет