Электрондық пошта



Дата27.09.2023
өлшемі16,31 Kb.
#110337
түріПротокол

Электрондық пошта

SМТР және РОРЗ протоколдары, пошталы сервер және клиент.



Интернетке тіркелу кезінде ISP қолданушыға пошталық жәшікке арналған дискілі корын, пошталық жәшік мекен-жайын (E-mail Account Address), қолданушы есімін (E-mail Account Login Name) және қорғау мақсатында пароль (E-mail Account Password) ұсынады. Электрондық пошты мекен-жайының өз форматы болады.: қолданушы_ есімі @ домен атауы.
Мысалы:Sanat @ ntu.almaty.kz. «@» таңбасының сол жағындағы бӛлім – пошты атауы, пошталық жәшіктің қай жерде орналасқанын кӛрсетеді. Қолданушы әр серверде бірнеше электрондық мекен-жайын тіркей алады. Қазіргі таңда электрондық пошты қызметін тегін көрсететін серверлер көп, сондықтан әркім қалауы бойынша дүние жүзінің қалаған жерін электрондық пошта мекен-жайын тіркей алады.
Сондықтан, электрондық пошты мекен-жайы сіздің компаниялардың мекен-жайын емес, сіз хат алатын сервер мекен-жайын көрсетеді. Мысалы: бір қолданушының 2 мекен-жайы бар: sasha @ ny-server.com. және sasha @almaty-server.ru.
Әр жәшіктен ол өзінің үйдегі компьютері арқылы хат алып отырады.Біреуі Нью-Йорктегі серверде, екіншісі Алматыдағы серверден келеді. Электрондық пошты клиент-сервер архитектурасы бойынша құрылған.
Қолданушы клиент бағдарламасымен әрекеттеседі, ал ол өз кезегінде пошталық сервермен әрекетке түседі. Поштаны қабылдау және жіберу тұлғаны идентификациялауды талап етеді, яғни кәдімгі пошты секілді, сіз өз хатыңызды алу үшін кілт керек. Электрондық поштыда кілттің орнына авторизациялау құралы қолданылады, яғни сіздің поштыны қарауға құқыңыздың бар немесе жоқ екендігін қадағалайды. Ал хат жіберуде авторизация қажет емес. Хатты қабылдау және жіберуге байланысты тұлғаны идентификациялау дәрежесі де 2 түрлі болады. Осыған байланысты 2 протокол болады – хатты жіберуге және хатты қабылдауға. Хат жіберу кезінде авторизация маңызды еместігіне қарамастан, қазіргі таңда провайдерлер, бұл бағдарламаны қорғаныс мақсатында ӛндіруді талап етеді.
Хаттарды жіберу үшін SMTP (Simple Mail Transfer Protocol – хат жіберу почтасының қарапайым протоколы) протоколдар және SMTP – серверлер қолданылады. Көбінесе, хат жіберу сіздің интернт провайдеріңіздің почталық сервері арқылы жүзеге асады. Әдетте SMTP – серверлер идентификацияны талап етпейді де, сондықтан хатты мұндай кез-келген сервер арқылы жібере аласыз. Ал хаттарды қабылдау үшін қазіргі таңда POP 3 (Post Office Protocol – почталық офис протоколы) протоколы қолданылады. Бұл тек нақты қолданушының хатын тасымалдайды, сондықтан авторизацияны талап етеді.
Пошталық клиенттердің негізгі қызметтері
Барлық пошталық клиенттердің базалық қызметіне – хаттарды қабылдау, олардың автономды режимде қаралуы, хаттарды реттеу, жауап жазу хаттарын құру және мекен-жай кітапшасын сақтау жатады.
Хатты жіберу және жеткізу
Сіз интернетке қосылған соң, клиенттік бағдарлама пошталық сервермен байланысып, оған жіберушінің мекен-жайы мен текстті жібереді. Жіберу кезінде клиент бағдарламасы поштасымен сыртқа пошта байланысып, (SMTP – сервері, SMTP протоколы бойынша) 25 нөмеріндегі портпен әрекеттеседі.
Пошта жіберілетін SMTP – серверінің атауы алдын ала клиенттік бағдарлама поштасына енгізілуі тиіс. Бұл процессті толығырақ қарастырайық. Хат жіберушінің серверіне жеткізілген соң, SMTP – сервер қабылдаушының серверімен байланысуы керек.
Оның мекен-жайын білу үшін, сервер DNS – серверімен байланысып хат алушының SMTP – серверінің IP – мекен-жайын сұрайды. Қандайда бір себеппен жіберушінің SMTP – сервері мен қабылдаушының SMTP – сервері байланысқа түсе алмаса, бұл хат кезекке тұрады.
Әдетте әрбір 15 минут сайын хатты қайта жіберу мүмкіншілігі орындалып орырылады. Шамамен 4 сағаттан соң бұл мәселе жайында жіберушіге хат жолданылады да, 5 күннен кейін бұл процесс орындалмаса, хат иесіне қайтарылады. Сондықтан, хат тектен-тек жоғалыпкетпейді.
Пошта серверге келіп түскен соң алушы бұл хатты өз компактісіне құйып алады. Сіздің пошталық жәшігіңізде жиналған хаттарды алу үшін клиенттік бағдарлама POP 3 протоколы бойынша POP 3 серверімен байланысады. Сіз интернетке кірерден алдын пароль мен логиңізді кӛрсететіндіктен, хат алу кезінде олар қажет емес. Сіздің почтаңыз POP 3 – серверімен байланысып, хатты сіздің компактіңізге құю туралы бұйрық береді.
Егер клиент поштасында «сақтау» бұйрығы көрсетілмесе, серверде хаттар қабылданғаннан соң жойылады. SMTP – серверде, POP 3- серверде қабылданушының почтасымен « сұхбаттасқан» кезде интуициялық командалар жинағын қолданады; user (IORG – ң FD енгізіңіз), poss (парольді енгізіңіз, quit POP 3 серверден шығыңыз), dele (хатты жойыңыз) және т.б.
Хатты қабылдау үшін IMAP – протоколы да қолданылуы мүмкін. Келіп түскен хаттарды таңдаулы түрде өз компактіге құя аласыз, папкалармен жұмыс істей аласыз және т.с.с.
Электронды хатты адресатына жеткізілмей қалуына бірнеше себептер болуы мүмкін.
Мүмкін хат алушы жіберуші северінен хат қабылдамайды. Сонымен қатар сервер шамадан тыс болған кезде қайтарылып жіберіледі. Егер жіберуші хат жіберіп отырған сервер атауын қате жазса, хат кері қайтарылады және соңғысы, кӛрсетілген адресат болғанымен, оның почталық жәшігінде бос орын болмаған жағдайда.
Хатқа енгізілген арнайы таңбалар жіберу
SMTP протоколы ASCII таңбаларының барлығын жіберуге мүмкіндік бермейді, тек ағылшын алфабитіне сай және ASCII кодтау кестесін базасы анықтайтын таңбаларды жібереді. ASCII кодтаудың 2 кестесін анықтайды. биттік – базалық (0-127 нӛмерлік таңбалар) және 8 биттік кеңейтілген )128-255)
Кириллица символдары кеңейтілген кестеге жатады. SMTP протоколына арнайы таңбалар болып табылады. Арнайы таңбаларды жібергенде әдетте MIME стандарты (Multipurpose Internet Mail Extensions – интернет стандартының кӛпбағытты кеңейтілуі) қолданылады, арнайы таңбаларды жіберуге және электрондық почтада жіберілетін тексттік емес ақпаратты жіберуге қолданылады. Мысалы: сіз хатқа енгізген графикалық файлдар әуелде электрондық пошта хат жіберу мақсатында қолднылған, сондықтан файлды жіберу үшін оны тексттік хат аналогына алмастыру керек.
MIME стандарты файл тақырыпшасы арқылы оның қандай типті мәлімет екендігін анықтайды (текст, графика, музыка т.б.).
MIME стандартын қолданғанда кириллицияны кодтау оңай жүзеге асады.
Бақылау сұрақтар:
1. E-mail-де ISP тіркеу қалай жүзеге асады?
2. Электронды почтаның жіберу-қабылдау қызметі қалай жүзеге асады?
3. E-mail сервисінде қандай протоколдар қолданылады?

4. Арнайы таңбаларды жіберу ерекшелігі қандай?__



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет