Іш сүзегі – қоздырғышы сальмонеллаларға жататын ішсүзектік таяқша болып табылатын ішектік инфекция. Ол нерв жүйесінің бұзылуымен және аш ішектің осы ауруға тән морфологиялық өзгерістермен сипатталатын сырқат.
Salmonella enterica
Этиологиясы
Қоздырғышы — Salmonella enterica серовары – Typhi, туысы Enterobacteriaceae,тұқымдасы- Salmonella, қозғалғыш, грам теріс соңы домалақталған,барлық анилинді бояулармен жақсы боялады. Адамға ғана патогенді эндотоксин бөледі. Споралар түзбейді.
Salmonella enterica
Іш сүзегінің бактериялары қоршаған ортаға айтарлықтай төзімді келеді: суда айлар бойы, жеміс-жидектер мен көкеністерде 10 күнге дейін сақталып, ал сүт өнімдерінде көбейіп жинақтала алады. 3 % хлорамин ерітіндісінде, 5 % карбол қышқылы, сулема (1:1000), 96 % этил спиртінде олар бірнеше минуттардан соң өледі.
Инфекция көзі ауру адам немесе ауырып жазылған бацилла бөліп шығарушылар, кейде сау бацилла тасымалдаушылар. Инфекция су, азық – түліктер арқылы соларға инфекция түскенде жұғады. Тасымалдаушылар – шыбындар. Сондықтан іш сүзегі жаз, күз айларында, әсіресе Орта Азия республикаларында, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі.
Әлемдік таралуы: ♦ сүзек белдеуі ♦ эпидемиялық аймақтар ♦ спорадиялық жағдайлар