Кошанов Серик Сулейменович – қосымша білім беру педагогы
Көкшетау, 2023
Түсінік хат Заманауи мектеп білімі саналы түрде таңдау жасап, өз бетінше шешім қабылдай алатын және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысуға ынталы тұлғаның қызығушылықтарына бейімделуімен ерекшеленеді. Осы ретте қазақстандық және әлемдік үздік дәстүрлер мен озық білім жүйелерін қамтитын, халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар, жоғары білімді тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған инновациялық мектеп моделін құру өзекті мәселеге айналады. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда еліміздің білім беру саясатының басым бағыттарының бірі – мектеп оқушыларының қабілеттерін жан-жақты дамытып, олардың әлеуеттік қабілеттерін барынша ашуға бағытталған биология пәнінен дайындық құру болып табылады. Аталған мектептердің жоғары сыныптарында оқушыларды облыстық, халықаралық олипиадаға дайындау көзделген.