Қазақ отбасындағы ер балалар тәрбиесіне қойылатын талаптар
Қазақ отбасында ұл балаларға қойылатын талаптардың қазіргі жаһандану дәуірінде қолданылуы
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін балдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.
Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын
Қазақ отбасында ұл балаларға қойылатын талаптардың қазіргі жаһандану дәуірінде қолданылуы
*Қазақпыз-құндыздай ғып қыз өсірген *Қазақпыз-жұлдыздай ғып ұл өсірген *Қазақпыз құс та салып,ат жаратып *Тұлпар мініп, бәйгеге сынға түскен
Қазіргі таңда жастар өз бетімен, дәлірек айтқанда ғаламтор арқылы өмір сүруге дағдыланған. Олардың басты тәрбиелеуші құралы – ұялы телефондары. Сырластары да, мұңдастары да сол. Бар мамықты астына төседім, бар тәттіні аузына салдым деп ойлайтын ата-ананың бар ойлайтыны – баласын ешкімнен кем қылмай өсіру. Бірақ, олардың кейде ескермей, қалдырып қоятын дүниелері – балаларымен сырласпау, жеке қалмау, оларға уақыт бөлмеу, не істеп, не қойғандарынан хабардар болмау.
«Жеті жасқа дейін балаңды хандай күт, жеті жастан кейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» дейді. «Халық айтса, қалып айтпайды» деген. Көптің сөзінің жаны бар. Он бес жас – баланың жаңа дүниелерге елітіп, ешкімді тыңдағысы келмей, өзінің позициясын көрсеткісі келіп тұратын өтпелі кезеңінің бастау алар шағы. Демек, сол кезеңдерде балаға психоллогиялық қолдау керек. Ол кімнен болу қажет? Әрине, ең біріншіден, баланың ата-анасы баланы қолдап, қолпаштап, досындай сырлас болып, тәрбиелей білу қажет.