Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.
Жәй сөйлемнің түрлері :
Жақты сөйлем
Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.
Жақсыз сөйлем
Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б
Жалаң сөйлем
Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б
Жайылма сөйлем:Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.
Әдебиетті зерттеу әдістері
мектепте оқытылатын көркем шығарманы оқушыға жеткізу әдістер жүйесі;
сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері.
Әдебиет әдістемесінің міндеттері :
білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;
Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру
Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылық-тарын ажырата білуге үйрету.
Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашыл-дық, жалғаспалық әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету.