Сабақтың тақырыбы: Қонақжайлық ата дәстүр Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата31.12.2021
өлшемі67,57 Kb.
#22359
түріСабақ

«Бекітемін»



Бөлім:

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

Машықтанушының

аты-жөні:

Жұмабай Ақерке

Күні:

26.02.2021ж

Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қонақжайлық – ата дәстүр

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Т/А.6.1.1.1 – мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселелерді болжау;

ӘТН.6.4.4.3 – үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

Сабақтың мақсаты:




Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.



7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

«Жылулық, шаттық, сергектік» әдісі

Оқушылар ортаға жиналып, шаттық шеңберіне тұрады.

Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық. Бір оқушы «жылылық» сөзін, екінші оқушы «шаттық» сөзін, үшінші оқушы күлкі сыйлайды.

Оқушыларға әр түрлі суреттерді көрсету. Суреттегі қандай салт-дәстүр екенін анықтап, топ атын беру. Тыңдалым алды кезең Деңгей: білу  «Болжау» әдісі бойынша суреттерге қарай отырып,  мәтіннің тақырыбына, проблемасына ену  Болжау дағдыларын дамыту.

Тыңдалым кезіндегі тапсырма

Жаңа тақырыпқа шығу үшін «Қазағымның дәстүрлері-ай» әні тыңдалады.  Балалар бұл әнде не туралы айтылатынына тоқталады. Қолдарындағы суретпен сәйкестігін анықтайды. Осыдан соң мұғалім оқушылардан неге дәл осы сөздер төңірегінде ой бөліскендерін сұрай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға жетелейді.



Оқулық, Слайд


Жаңа сабаққа кіріспе




Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.



Негізгі үстеулер

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.



Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.



  1. Мезгіл үстеулер

  2. Мекен үстеулер

  3. Мөлшер үстеулері

  4. Сын (я бейне) үстеулері

  5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

  6. Мақсат үстеулері

  7. Себеп-салдар үстеулері

  8. Топтау (я бөлу) үстеулері




Тыңдалым. Айтылым

Үстеу туралы ақпаратпен танысады.



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


Оқу кезіндегі тапсырма ТЖ

1-тапсырма

Деңгей: түсіну «Т» кестесі әдісі Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз. Бірінші бағанға мәтіннің негізгі ойын ашатын негізгі ақпаратты жазыңыз, ал екінші бағанға негізгі ойға қатысы аз ақпаратты жазыңыз. 
  Дәстүр дегеніміз –халық пен қоғамдық ұйымдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттерінің  рухани негізі. Дәстүр (traditio –жалғастыру) –тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрып, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары. Дәстүр адамдардың өмірлік қарекетін реттеудің маңызды факторы болып қызмет етіп, тәрбие негізі болып табылады.   

     Ұлтты рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін көрсететін сипаттарының бірі –дәстүр. Ол да тіл сияқты ұлттың қанында, жанында, рухында жүретін, ұлт үшін аса қажетті, қасиетті нәрсе. 

     Әр ұлттың көрнекті, ғұлама адамдары өз халқының салт-дәстүрін жақсы білген. Дәстүрді жақсы білгендіктен, олардың шығармалары оқырмандары үшін тартымды, қызықты, халықтың көкейіне қонымды. Сондай-ақ ел басқаратын адамдарға дәстүрді жақсы білгеннің артықтығы жоқ. Халықпен тіл табысуына жақсы. Қазақ халқында дәстүр мәселесін терең меңгерген адамдар билер болатын. Олар әдет-ғұрып, салт-сананы терең біле отырып, әділ билік жасаған. 

   «Дәстүр» деген ұғым –жалпы ұлт рухының негізгі бөлігі. Ұлттың мінез-құлқын, психологиясын танытатын тамаша салт-дәстүрлер сол ұлттың рухын байытып отырған.                                                 

Негізгі ақпарат

Жанама ақпарат








  Әр топ өздерінің таңдаған ақпараттарын дәлелдейді. (Осы жерде оқушылар тақырып пен идеяны қозғайды. Бұл негізгі ақпарат, себебі ол бұл мәтіннің негізгі ойын көрсетіп тұр, мынау жанама ақпарат себебі негізгі ойға қатысы аз (немесе жоқ)  

Дескриптор 

-Мәтінді түсініп оқи алады

-Кестеге толтыру арқылы негізгі және қосымша ақпаратты жаза алады

-Таңдаған ақпаратты жаза алады



Оқылым. Айтылым

Мәтінмен танысып, ондағы негізіг және қосымша ақпаратты анықтайды.



«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Топтар бір-бірін бағалайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері.




2-тапсырма.  «Атқа мінгізу –тәрбиелік мәні зор дәстүр» екенін ассоцация арқылы дәлелдеп жазыңыз. Ойыңызды білдіруде мезгіл үстеуін синонимдерімен алмастырып жазыңыз

Дескриптор:

  • Пікірін білдіреді

  • Себебін түсіндіреді

  • Дәлел келтіреді

  • Қорытындылайды

  • Мезгіл үстеуді синонимдерімен алмастырып қолданады




Жазылым.

«Атқа мінгізу – тәрбиелік мәні зор дәстүр» тақырыбында ассоцация құрады.



«Смайлик» әдісі

Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.





Рефлексия : «Тазалық»

 Чемодан (маған қажет)

 Еттартқыш (қайта қарастыру қажет)

 Қоқыс жәшігі (маған қажет емес)

Үй тапсырмасы:

5-тапсырма



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет