Абай облысы білім басқармасының Аякөз ауданы білім бөлімінің



Дата12.07.2023
өлшемі14,59 Kb.
#104267
түріСабақ

Абай облысы білім басқармасының
Аякөз ауданы білім бөлімінің
«К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
география пән мұғалімі Турысбеков Мухтар Мажитовичке
ПІКІР
Турысбеков Мухтар Мажитович – география пәнінің мұғалімі болып 2017 жылдың қараша айынан бастап қызмет етіп келе жатыр.
Осы уақыт аралығында өзін тек білікті ұстаз ғана емес, адамгершілігі мол, жан-жақты, білімді тұлға ретінде таныта білді. Мухтар Мажитович өткізген әр сабақтары өте қызықты. Ол оқытудың заман талабына сай әдіс - тәсілдерін қолданып, оқушылардың қызығушылықтарын оята біледі. Сонымен қатар барлық сабақтарында оқушылардың білім беру платформаларымен, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалана білетін құзіретті мұғалім.
9-сыныпта география сабағында оқушыларының есте сақтау қабілеттері мен зейіндерінің шоғырлануын жақсарту үшін оқушылардың айтылым дағдыларын қалптастыруда «Айналмалы бекеттер», «Swot» талдау? «Жауап беретін әріптес», «Жәшіктегі кітаптар» «Көршіме айтамын» әдіс-тәсілдері оқу мақсатына жету үшін тиімді болды. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшелігіне сай, проблеманы шешуде тиімді болды. Сонымен қатар сабақтарында қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп, білім алушылардың жоғары нәтижеге жетуі үшін кері байланыс беріп отырады . Оқушылардың жас ерекшелігін ескереді. Оқушы тұлғасының интеллектуалды дамуына сауаттылықтың жоғары деңгейіне, танымдық іс-әрекеттің тұрақты мотивациясына ықпал ететін білім кеңістігін қалыптастырады.
Өзінің педагогикасының іс-тәжірибесінде мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер бойынша мектеп тренері ретінде мектеп мұғалімдеріне «Lesson Study» және Action research бойынша зерттеу сабақтарын жүргізуге көмек жасайды. Жасаған зерттеу жұмыстарының нәтижесімен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда бөлісіп, алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Сабақтағы және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізу,талдау жұмыстарын шебер меңгерген.
Мухтар Мажитович – мінезі ашық, өз ісіне адал, ұжымда сыйлы, әріптестеріне қолынан келген көмегін аямайтын, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, креативті ұстаз

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Т.Сайлыбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет