Эмоция және қозғалыс-ерік бұзылыстарының негізгі симптомдары мен синдромдары Жоспар


 Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек – нақты объектке саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны ұғыну проц



бет3/7
Дата03.12.2022
өлшемі25,34 Kb.
#54500
1   2   3   4   5   6   7
16. Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек – нақты объектке саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны ұғыну проц
Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ
талпыныс.
Тілек – нақты объектке саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны
ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында
тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, таразыға салынып
бағаланады.
Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға
ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты
орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім
таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу
нәтижесінде пайда болады.
Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау – адамның тәжірибелік
қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асырылады.
Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде
болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл
апраксия деп аталады. Патология еріктік үдерістің кез келген звеносына
әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация және
қозғалыс, толық жүріс – тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға
зейін бұзылыстары да жатады. Кликалық тәжірибеде зейін, әуестік
патологиясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады.


17. Зейін бұзылысы Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану
Зейін бұзылысы
Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып
табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану қабілеті
түрінде активті және пассивті болуы мүмкін.
Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық
рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады.
Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты,
бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа
ұшырайды. Зейіннің жиі бұзылыстары қажуы, алаңдаушылығы және
патологиялық қадалу болып табылады.
Зейіннің қажуы астениялық жағдайға тән. Мұндай науқас әңгімелесу
және ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы
үзіледі, жауап қайтару сапасы төмендейді. Бұзылыс негізінде ішкі
тежелудің жетіспеушілігі жатыр.
Зейіннің алаңдаушылығы маниакальды ауруларға тән. Науқас зейіні
үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға
фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектіге шоғырланып, бір
орында отыруы мүмкін болмайды.
Зейіннің патологиялық қадалуы депрессивті ауруларда байқалады.
Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта
ойында бір ғана тақырып қайталанады- өз күйінен шығар жол жоқтай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет