Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың негізгі идеялары



Дата23.09.2022
өлшемі12,04 Mb.
#40034

Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың негізгі идеялары
Орындаған:Тұрсын Ақерке
ТОП21-11
Тексерген:Махмутов Бекен
Алматы Технологический Университет
Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы
01
Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар
02
Чикаго мектебі
03
Дюбуа-Атланта мектеб
04
АҚШ-та әлеуметтанудың пайда болған уақытын нақты атап көрсету қиын. Конт ұсынған
әлеуметтану терминін Джордж Фитцхью 1854 жылы қолданды. Америкалық әлеуметтану
1800 жылдардың соңына қарай Америкада бір мезгілде ғылыми мамандықтар мен қазіргі
университет жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.
Алғашқы америкалық әлеуметтанушылар еуропалық теорияшылар сияқты консерватор
емес, көбіне саяси либерал болғанын дәлелдейтін көзқарастар бар.
Ерте кезеңгі америкалық әлеуметтануға тән либерализмнің екі негізгі элементі бар.
Біріншіден, ол адамдардың бостандық пен әл-ауқатқа сенімі арқылы меңгеріледі.
Еуропада, керісінше, университет жүйесі
әлеуметтану пайда болғанға дейін қалыптасып үлгерген. Әлеуметтанудың Еуропада өз жолын
тауып кетуі қиынға соққанына қарамастан, жаңадан құрылып келе жатқан америкалық
университеттік жүйеде жолы жеңіл болды. Чикагодағы әлеуметтану бөлімі америкалық әлеу-
меттанудың дамуында маңызды рөл атқарады.
Екін-
шіден, бұл тұжырымға байланысты көптеген әлеуметтанушылар эволюциялық көзқарас
ұстанды. Алайда олар прогреске алып келудің ең тиімді жолын іздеу барысында екіге бөлінді.
Кей ғалымдар әлеуметтік реформалауға, ең алдымен, мемлекет көмек көрсетуі керек десе,
кейбіреулері қоғамның түрлі компоненттері өз мәселелерін өздері шешуі қажет деп санайтын –
араласпау доктринасын ұсынды.
Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар
Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтанудың тағы бір ерекшелігі – тарихи көзқарастан
бас тартып, позитивистік немесе «ғылыми» бағытқа бет бұрды. Дороти Росс жазғандай,
«біріктірілген абстракцияға қол жеткізу ынтасы және сандық әдістерді қолдану америкалық
әлеуметтік ғалымдарды тарихи және мәдени антропология мен Макс Вебер ұсынған түсіндірмелі
интерпретативті модельдерді жалпылаудан бас тартқызды» .
Герберт Спенсердің әлеуметтануға ықпалы. Неліктен алғашқы кезеңде америкалық әлеу-
меттануда Спенсердің идеялары Конттың, Дюркгеймнің, Маркстің және Вебердің ағартуларына
қарағанда ықпалдырақ болды деген сұрақ туады. Ол өзгелерге қарағанда өз еңбектерін
ағылшын тілінде жазды деген көзқарастар бар және адамзат тарихының барлық кезеңдерін
қамтитын, тұтастай біріктіретін теорияны ұсынды. Әсіресе оның теориясы индустриаландыру
процесінің ауыртпалығын көрген қоғам үшін үміт сыйлап, жайлы сипатқа ие болды. Ғалымның
айтуынша, қоғам тоқтаусыз алға қарай жылжып отырады.
Чикаго мектебі 1920 жылдары өркендеу шыңына жеткенімен, Парктың кетуі, Мидтің қай-
тыс болуына орай, 1930 жылдардың басына таман америкалық әлеуметтану ілімінің орта-
лығы ретінде маңызын жоғалта бастады. Чикаго мектебінің құлдырауына бірнеше фактор
себеп болған, оның ішінде екеуі аса маңызды.
Чикаго мектебінің құлдырауы
Чикаго мектебі ешқашан америкалық әлеуметтанудың орталығы бола алмайтынына
қарамастан, 1950 жылдары қайтадан аяққа тұрды. Герберт Блумер 1952 жылы Берклиге
кеткенінше Чикагодағы бөлімнің маңызды тұлғасы болды. Ол Мид, Кули, Зиммель, Парк,
Томас және басқа да ғалымдар негізін қалаған, Чикаго мектебінде қалыптасқан теориялық
көзқарастың насихатшысы еді. 1937 жылы символикалық интеракционизм фразасын
ойлап тапқан Блумер болатын. Ол бұл дәстүрді дамытуда маңызды рөл атқарды, Чикагода
оқытушылықпен айналысып жүргенде көптеген мақалалар жазып, 1950 жылдары симво-
ликалық интеракционизмнің сақталып қалуына үлкен ықпал жасады. Осылайша, Чикаго
мектебінің мүшкіл халіне қарамастан, бұл дәстүр елдің әр тарабына, сондай-ақ бүкіл әлемге
таралды.
Дюбуа-Атланта мектебі
Смолл чикаголық мектепті дамытып, Гилман да «Әйелдер және экономика» атты еңбегін
жаза бастаған кезде, афро-америкалық әлеуметтанушы Дюбуа Алдон Д. Моррис Атлантадағы
әлеуметтану мектебінің жұмысын жолға қойды. Дюбуа Германиядағы ең беделді әлеуметтанушы
ғалымдармен бірге оқып, докторлық дәрежесін Гарвардтан алды. 1897 жылы Пенсильвания
университетінде бір жыл қызмет етіп, сол жерде өзінің ең маңызды эмпирикалық зерттеу
жұмыстарын жүргізді, «Филадельфиялық қара нәсілді» атты кітабын жазды.
Дюбуа өзінің жетістіктеріне қарамастан, Атланта университетінен 1910 жылы шығып
кетті, сөйтіп, нақты саяси жұмыспен айналысуға біржолата бет бұрды. 1905 жылы ол Монро
Троттермен бірге Ниагара қозғалысын құрды, бұл азаматтық құқық ұйымы дискриминацияны
сынға алып, саяси жұмыстар атқарды.
Назарыңызға рахмет
Орындағын :Тұрсын Ақерке
ТОП 21-11
Тексерген:Махмутов Бекен
Алматы 2022

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет