Пәні:Әлеуметтану Орындаған:Әлімхан Б. Қабылдаған



бет1/10
Дата04.11.2023
өлшемі83,46 Kb.
#121983
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасы

БӨЖ


Тақырып: Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Пәні:Әлеуметтану
Орындаған:Әлімхан Б.
Қабылдаған:Байбахов Н.
Түркістан 2023ж

Жоспар


I . Kipicne
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы

  2. Ерте кезеңдегі Америка әлеуметтануындағы әйелдер

  3. Чикаго мектебінің құлдырауы

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы


АҚШ-та әлеуметтанудың пайда болған уақытын нақты атап көрсету қиын. Конт ұсынған әлеуметтану терминін Джордж Фитцхью 1854 жылы қолданды. Америкалық әлеуметтану 1800 жылдардың соңына қарай Америкада бір мезгілде ғылыми мамандықтар мен қазіргі университет жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Еуропада, керісінше, университет жүйесі әлеуметтану пайда болғанға дейін қалыптасып үлгерген. Әлеуметтанудың Еуропада өз жолын тауып кетуі қиынға соққанына қарамастан, жаңадан құрылып келе жатқан америкалық университеттік жүйеде жолы жеңіл болды. Чикагодағы әлеуметтану бөлімі америкалық әлеуметтанудың дамуында маңызды рөл атқарады.
Алғашқы америкалық әлеуметтанушылар еуропалық теорияшылар сияқты консерватор емес, көбіне саяси либерал болғанын дәлелдейтін көзқарастар бар.
Ерте кезеңгі америкалық әлеуметтануға тән либерализмнің екі негізгі элементі бар.Біріншіден, ол адамдардың бостандық пен әл-ауқатқа сенімі арқылы меңгеріледі. Бұл cенімге Конттың ұжымдық көзқарасына қарағанда Спенсердің бағыты көбірек әсер етеді. Екіншіден, бұл тұжырымға байланысты көптеген әлеуметтанушылар эволюциялық көзқарас ұстанды. Алайда олар прогреске алып келудің ең тиімді жолын іздеу барысында екіге бөлінді. Кей ғалымдар әлеуметтік реформалауға, ең алдымен, мемлекет көмек көрсетуі керек десе, кейбіреулері қоғамның түрлі компоненттері өз мәселелерін өздері шешуі қажет деп санайтын – араласпау доктринасын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет