Ересектер «Домбыра» тобы Білім беру саласы: Кіріктірілген



Дата16.10.2022
өлшемі18,65 Kb.
#43375
түріСабақ

Ересектер «Домбыра » тобы


Білім беру саласы: Кіріктірілген
Бөлімі: Көркем әдебиет,Математика, Жаратылыстану, Сурет.
Тақырыбы: .(қорытынды сабақ).
Мақсаты:1.Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту,суретке қарап сөйлем құрау,буындату,дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін қорытындылау.
2.Тапсырма беру арқылы тура және кері санату,геометриялық пішіндерді ажырату,логикалық есептер,таңбаларды білу арқылы балалардың білімін тиянақтау.
3.Балаларды табиғатты сүйе білуге,аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
4.Ұжымдық жұмыс арқылы өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,салыстыру.
Құрал жабдықтар:Ертегілер суреттері,атрибуттар,текшелер,сандар,табиғат бейнесі.
Сөздік жұмысы:ертегі,кейіпкер, сөз, сөйлем, дыбыс, буын.
Қостілдік компонент: ертегі еліне саяхат-путешестие в сказочный мир.
Іс-әрекет кезеңдері
Таңғы жиын:Армысың,Алтын күн!
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қ.Р-ң елбасы кім?
-Қ.Р.-ң рәміздерін ата?
-Қай қалада тұрамыз?
-Қай балабақшаға келеміз-«Шабыт» бөбекжай – балабақшасы
Іздену-ұйымдастырушылық
-Енді балалар біз жыл бойы алған білімдерімізді қорытындылаймыз

Топпен отыру


Сыйлық ашылады ішінен хаттар шашылады
1 хат- Жасыл «Қатынас»
Тапсырма: «Ұяшықтардағы ертегілерді тап және не жайында екенін айт» (топпен жұмыс)


2-хат сары
Тапсырма: «Сурет бойынша әңгіме құрастыр»
3-Хат Қатынас
Тапсырма: 1-10 ға дейін тура және кері санау.
4-хат
Тапсырма: «Сандардың көршісін тап» (тақтамен жұмыс)
5-хат
Тапсырма «Пішіндерді ата»
-Балалар ешкінің жағдайы мәз емес екен. Кәнекей,тапсырмаларды орындауға көмкетесеміз бе?
1-ден 10ға дейін тура кері санау.(3тілде)
Дидактикалық ойын: «Жоғалған сандарды тап»
Сандардың көршісін тап.
-3,5,7,9,сандарының көрші сандарын тап.
Соңғы тапсырмасы қасқырдың үйін табу үшін бізге есептер беріп жіберіпті,біз осы есептерді дұрыс шығарсақ,қасқырдың үйін табамыз.Ешкінің басында неше лағы болды? Оның нешеуін алып кетті қасқыр?сонда нешеу қалды?
6 үйде есептер бар сол есептерді шығарамыз.
Ал енді осы үйдің есігін ашу үшін бізге мына құлыпты аш деген тапсырма.
Ойын: «Құлыпты аш»
Балалар билеп жүреді,қолдарына геометриялық пішіндерді алып,шеңбер бойымен билеп жүреді,музыка тоқтаған кезде,сендер тез құлыптарыңды ашасыңдар.Ол үшін құлыптағы пішін мен қолыңдағы пішін сәйкес келу керек.Түсіндік па?
Қасқыр:Жарайсыңдар,сендер барлық тапсырмаларды белсенді орындадыңдар,мен лақтарды босатамынКешіріңдерші балалар.Рахмет сендерге.
Ешкі риза болып қоштасып кетеді.
Балалар енді қайда барғыларың келеді?
Ендеше шығармашылық әлеміне аяғымызбен жаяу барайық.
-Балалар кімге қай ертегі ұнады?
Олай болса 3-ке бөлінейік.
1.Күнді іздеген достар.1-ші сурет орталығына келді.
2.Жыл басына таласқан хайуанаттар жапсыру орталығына келді.
3.Қасқыр мен жеті лақ 3-ші құрастыру орталығына келді.
Енді шығармашылық жұмысымызды бастаймыз.
Ал балалар қауіпсіздік ережесін бәрімізде білеміз.Қауіпсіздік ережесін сақтайық
1ші-топ:күн суретін салады бастырып салу әдісімен
2-ші топ:Жыл басына таласқан хайуанаттарды ретімен жапсыру.
3-ші топ: жеті лақ қасқырды құрастырады
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күтілетін нәтиже.
Білуі тиіс:жыл бойындағы өткен сабақтарды,ертегілерді,санауды геометриялық пішіндерді ,сөйлем құрауды,буынға бөлуді,табиғатты қорғауды,өз сезімдерін жеткізе біледі.
Болуы қажет:жыл бойы өтілген білімдерін тиянақтау.
Жасай алады:бастырып салу әдісімен сурет салуды,жыл басына таласқан хайуанаттард

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет