Сабақтың басы
Ұйымдастыру
кезеңі
Қызығушылықты ояту
8 мин
|
1.Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, сабаққа сәттілік тілеу. 2. «Жедел жауап» әдісі арқылы үй тапссырмасын тексеру. 1.Көшпелілердің сән-салтанаты олардың жоғарғы талғамын көрсете ала ма? Қалай ойлайсың?
2.Көшпелілер сән-салтанатты қандай ұғымдармен байланыстырады?
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін білдіреді. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.
|
«Жарайсың!», «Жақсы!», «Талпын!» сөздерімен бағалау.
|
«Қазақ тілі» оқулығы, Алматы, «Атамұра», 2017.
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30 мин
|
Оқылым алды тапсырмасы.
1.Көшпелілердің ұрпағы кімдер?
2.Олар бізге қандай мұра қалдырды?
Оқылым тапсырмасы.
1-тапсырма Мәтінді оқып, хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыздар.
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Елордада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті. 8-13 қыркүйек күндері өткен көшпенділер Олимпиадасына 90-ға жуық мемлекеттен 2500-ден астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Тілдік бағдар. Хроника –ақпараттық жанрға жататын шағын ақпараттық мақала. Хрониканың басты ерекшелігі ретінде оның басына тақырып қойылмайтындығын айтуға болады. Шағын, кейде тіпті көлемі бірер жол ғана болатын ақпараттық сипаттағы мақалалар. Осындай қысқа сөйлемдерден тұратын бір-екі жолдық хроникалар фактілер келтіріп жазылады. Хроникада Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап беріледі.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
2-тапсырма
Мәтіндегі сөз құрамында кездескен жалғаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазылуын анықта.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді.
Хроника туралы түсінеді.
Көптік, тәуелдік, жіктік жалғауларды үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуды үйренеді.
|
Дескриптор:
- мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді-2;
-хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады-3.
-көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулардың ерекшелігін ескереді-2; -үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазуды үйренеді-3.
|
Оқулық, жазу дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Қорытынды
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
Үйге тапсырма
|
«Шығу парағы»
1.Бүгін не үйрендің?
2.Сабақ бойынша нені түсінбедің?
3.Келесі сабақта қандай мәселеге көңіл аудару керек?
Жалғауларды жаттау.
|
-сабақтан не түсінгендерін айтады; - кері байланыс жасайды; -келесі сабаққа ұсыныс тастайды.
|
Білім алушылар сабаққа қатысына қарай 1-10 балл деңгейінде бағаланады.
|
Стикерлер
|