Еркіндік философиясы



Дата25.04.2023
өлшемі18,43 Kb.
#86751

Еркіндік философиясы
Заман өзгерген сайын “еркіндік” философиясы алдыңғы қатарға шығып келеді. Қазақ қоғамының бұл ұғымға қатысты көзқарасы жылдан-жылға өзгеріп жатыр. Құлағымыз үйреніп, санамызға сіңіп қалған “қызға қырық үйден тыйым”, “көп сөйлеп, орынсыз күлме”, “қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимеуі қажет” деген секілді көптеген тыйым сөздер бар. Қазақтың тыйым сөздері адамның еркіндігін шектей ме?
​Байқасаңыз қазір тыйым сөздер көп айтылмайды. Күннен күнге адам өз жүрек қалауын, жан таңдауын істеп келеді. Біздің әке, анамызға үлкендер тарапынан айтылған тыйымдар бізге айтылмайды. Керісінше, “қазіргінің балалары бәрін біледі, жастардан үйрену керек” сынды сөздерді естіп жатамыз. Бір адам өз қажеттілігі үшін басқаның еркін шектемеуі қажет. Бұл жас, жыныс, ұлт талғамайтын түсінік.
​Еркіндік ұғымы жайлы ойшылдар түрлі пікір айтқан. Ағылшын ойшылы, ғұлама Томас Гоббс: “еркіндік - әр адамның түсінігі мен өз ойы бойынша істеуге болатын әрекеттерді атқару. Осы кезде сырттан басқа кедергілердің болмауы” деп түсіндірген екен. Сонымен қатар Гоббс еркіндік пен қажеттілік үйлесе алатынын алға тартады. Еркін адам - өзінің қажетін, қоғамға қалай пайдалы бола алатынын түсінген адам. Неміс философы Фридрих Энгель өзінің «Анти-Дюринг» атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Яғни біз еркіндік арқылы қоғамдағы байланысымызды реттеп, өз орнымызды таба аламыз. Еркіндік жауапкершіліктен қашырмауы тиіс. Еркін екенмін деп қоғамға, ұлтқа зияны тиетін әрекеттер жасау құпталмайды. Еркін адам ретінде саналы ғұмыр кешуді игеруіміз қажет.
​Еркіндік философиясы - адамды айналасынан алыстатып, қажетсіз іспен шұғылдануды қаламайды, еркіндік философиясы адамға қуаныш, бақыт сыйлауды көздейді. Жан-жағыңа жылу сыйлап жүрер болсаң, еркін адам болу құқығы ақталады. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуын маңызды деп есептер болсақ, екі жақты дамуға “еркіндік” аса қажет. Адамдар өмірде не қалайтынын түсінер болса еркін болуға қадам жасайды. “Еркін” түсінігі мен “ойына келгенді істеу” түсінігінің бір-біріне қарама-қайшы екенін ұғынған абзал. Ағылшын жазушысы Джоко Виллинк: “тәртіп еркіндікпен пара-пар” деген сөзінің идеясы да осында жатыр.
Еркіндік философиясын қазақ ғұламаларының сөзімен түйіндейін. Үш бидің бірі Төле би: “тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық” деп еркін болудың қаншалықты маңызды екенін айтып кеткен. Еркіндік түсінігі ғаламда үлкен адам болуға деген алғашқы талпынысты сыйлайды. Әрине, бұл тек түсінген адамға теңдессіз философия.



  1. Тақырып бойынша үш тілде глоссарий жазу

Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
Свобода – это способность человека или отдельной нации, людей действовать в соответствии со своими интересами и возможностями и реализовывать свои желания.
Freedom is the ability of a person or a separate nation, people to act in accordance with their interests and capabilities and realize their desires.


Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Еркіндік категория ретінде. Адам және оның еркіндігі мәселесі (Б.Спиноза).
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай – табиғаттың өзі. Ол субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.
Ең бастысы Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату – құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бұл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет