Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу


  «Жағымды сабағыңыз үшін рахмет»



жүктеу 1.57 Mb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата30.12.2016
өлшемі1.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 9.  «Жағымды сабағыңыз үшін рахмет» 

жаттығуы

-  Келіңіздер,  шеңбер  жасап  тұрыңыздар.  Мен  бір-

біріңізге  достық  сезімдеріңіз  бен  ризашылықта-

рыңызды  білдіруге  көмектесетін  шағын  рәсімге 

қатысуды ұсынғым келеді. Ойын былайша өтеді: бір 

адам ортаға келіп тұрады, екіншісі оған жақындап 

келіп, қолын қысады да: «Жағымды сабағыңыз үшін 

рахмет!»  дейді.  Екеуі  де  ортада  бір-бірінің  қол-

дарын  ұстаған  күйі  қала  береді.  Одан  соң  үшінші 

қатысушы  келеді,  бірінші  не  екінші  адамның  бос 

қолын қысып ұстап: «Жағымды сабағыңыз үшін рах-

мет!» дейді. Осылайша ортадағы топтың саны арта 

түседі. Бәрі бірінің қолын бірі ұстап тұрады. Сіздің 

тобыңыз ға  ең  соңғы  қатысушы  қосылғанда,  шең-

берді тұйықтап, үнсіз ғана үш рет қатты қол қысысу-

мен рәсімді аяқтаңыз. 

ӘДІС

ТЕМЕЛІК


 АҚПАР

АТ


38

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ



1.  Кіріспе

Танысу. 

Жүргізушілер  семинардың  мақсаттары  мен  міндеттерін  танысты-

рады  және  суреттеп  береді.  Қатысушыларға  өз  аттарын  жазу  үшін 

карточкалар  (немесе  белгіше/бейджи)  таратылып  беріледі.  Бұл  жат-

тықтырушыға  әрбір  қатысушыны  өз  аттарымен  шақыруға  көмекте-

седі. Танысу үшін шағын ойындар ұйымдастырып жіберуге де болады. 

Мәселен: 

«Қар жентегі» ойыны:

Әрбір қатысушы өз аттарын айтады және өз атының бастапқы әрпінен 

басталатын сын есімді ойлайды. Қатысушының жеке-даралығын атап 

көрсететін эпитет-теңеуді айту маңызды. Мұнда анықтамалардың қай-

таланбауын және қатысушылардың бір-біріне эпитеттерді сыбырлап 

айтпауын бақылап отыру керек. Жаттығу былайша өтуі тиіс: қатысушы 

алдымен бұдан бұрын өзін-өзі таныстырған қатысушының атын және 

сын есімін, содан соң өзінікін айтуы қажет. Келесі қатысушының мін-

деті 2 есімді және 2 сын есімді, содан соң өзінікін айтуы тиіс, ойын 

ары  қарай  жалғаса  береді.  Соңғы  ойыншыға  топтағы  барлық  қаты-

сушының аттарын және сын есімдерін қайталап айтуына тура келеді. 

Топтағы жұмыс ережесін қабылдау 

1.  «Сөйлегендердің» құқығы

Жеткіншектер үшін

 

«ВИЧ/СПИД-тің алдын алу»  



тақырыбында тренинг өткізудің болжалды жоспары

Тренинг өткізудің 

жоспары.

№  Кезеңнің атауы

1.  Кіріспе

2.   «Топтың ақпараттануы-

ның бастапқы деңгейін 

бағалау. Проблеманың 

өзектілігі» пікірсайысы

3.  «Ананас, банан, алма» 

ширату-жаттығуы

4.  Ақпараттық блогы: эти-

ология, берілу жолдары 

мен факторлар

5.  «Тәуекел ету дәрежесі» 

жаттығуы


6.  «Ақпаратты беру стилі» 

ширату-жаттығуы

7.  Жұмысты аяқтау. Рефлек-

сия


39

Әдістемелік құрал 

2.  Қол көтергендер ережесі

3.  Құпиялық

4.  «Баға бермеу»

5.  Жүргізушінің құқығы

6.  Ұқыптылық

2.  «Топтың ақпараттануының бастапқы деңгейін бағалау. 

  Проблеманың өзектілігі» пікірсайысы

Пікірсайыс үшін сауалдар:

 



Сіздің аймағыңыз үшін ВИЧ-инфекция проблемасы өзекті ме?



 

Сіздің қалаңызда ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар бар ма?



 

Ондайлар нешеу?



 

Бұл аз ба көп пе?



 

Бұл мәселенің бізге қатысы бар ма?



 

Қазіргі уақытта бұл проблема туралы айту қажет пе?



 

Ол не үшін қажет?



 

Сіз қалай ойлайсыз, біздің қаламызда тұратын жастардың 



ВИЧ-инфекциясы туралы хабардар болуы жақсы ма?

2.  «Байланыс»  жаттығуы:  әрбір  қатысушыға  ВИЧ/СПИД  тақыры-

бында белгілі бір ұғым беріледі. 

Және осыған байланысты туындаған ойларын жазу ұсынылады. Бар-

лығы біткеннен кейін әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісуі қажет.



Ұғымдар:  ВИЧ-инфекцияны  емдеу,  есірткілер,  жыныстық  жолмен 

берілетін аурулар (ЖЖБА), ВИЧ үшін антителаға тест, белсенді жыныс-

тық  қатынас  өмірі,  вирусты  гепатит,  ВИЧ  анықталған  бала,  ВИЧ 

анықталған ана, мүшеқап, ВИЧ белгіленген оқушы, инфекция жұқты-

рылған қан, қорғанышсыз жыныстық қатынас, ВИЧ диагнозы туралы 

хабарлама, кемсітушілік, вирусты жүктеме.



3.  «Ананас, банан, алма» ширату-жаттығуы

Қатысушылар  дөңгелене  отырады,  жүргізуші  ортаға  шығып,  бар-

лығына орындарын ауыстыруды ұсынады, мәселен, «алмаларға» (жүр-

гізуші алдын ала әрбір қатысушыға олардың жеміс-жидектері туралы 

құлақтарына сыбырлап қояды). «Алма» өз орнын міндетті түрде ауы-

стыруы  тиіс.  Қатысушылар  өз  орындарын  ауыстырғанда,  жүргізуші 

сондағы босаған біреудің орнына отыруы керек. Орындықсыз қалған 

қатысушы жүргізуші болады. Егер қатысушы ұзақ уақыт орынға отыра 

алмаса «компот» деп айтуына болады. Сонда ғана барлық отырғандар 

өз орындарымен ауысады.

ӘДІС

ТЕМЕЛІК


 АҚПАР

АТ


40

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ



4.   Ақпараттық блок: этиология, берілу жолдары 

  мен факторлар

Бүгін  біз  ВИЧ  инфекция  мен  СПИД  туралы  әңгімелейміз.  Алдымен 

ВИЧ  деген  не,  соны  түсініп  алайық.  Дұрыс.  ВИЧ  (АИТВ) -  Адамның 

Иммун  Тапшылығының  Вирусы.  ВИЧ  инфекциясын  жұқтырған  адам 

ВИЧ  жұқтырылған  деп  аталады.  Ал  СПИД  қалай  талданады?  СПИД 

-  орысшасы:  синдром  приобретенного  иммунодефицита  человека, 

қазақшасы: (ЖИТС) жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы.

Синдром  ше?  Бұл  ауруды  (СПИД  белгілері түрлі-түрлі  болып  келеді) 

білдіретін белгілердің жиынтығы.



Неге  жұқтырылған?  Өйткені,  ауру  ұрпақтан  ұрпаққа  тарап  келе 

жатқан жоқ, адамнан адамға жұқтыру арқылы таралады. Неге иммун 

тапшылығы? Өйткені, иммундық жүйе әлсіреп, инфекцияларға қарсы 

тұру мүмкіндігін жоғалтады.



Берілу жолдары мен әдістері.

Бұдан  бұрын  айтып  өткеніміздей,  бұл  вирус  тек  қана  адам  орга-

низмінде  өмір  сүреді,  егер  анықтап  айтатын  болсақ,  организмнің 

клеткаларында және сұйық ортада болады. Сонда вирус еркін қимыл-

дайды және көбейеді.

Организмнің қандай сұйық ортасын білесіз? (қан, несеп, лимфа, тер, 

шәует, сілекей, сүт, қынаптан бөлінетін сұйықтық, ас қорыту сұйықтығы 

және  т.б.).  Ас  қорыту  сұйықтығынан  басқа  осы  орталардың  бәрінде 

вирус болады. Алайда, тек 4 орта арқылы ғана жұғуы мүмкін: 

1.  Шәует (сперма)

2.  Қан

3.  Вагиналды бөлініс (вагиналды секрет)



4.  Ана сүті

Басқа орталар арқылы вирус жұқтыру мүмкін емес, өйткені онда виру-

стар  аз  болады.  Мәселен,  сілекей  арқылы  жұғу  үшін  оның  10 литрі 

керек.


Осылайша, егер вирус организмнің 4 сұйықтық ортасы арқылы жұға-

тын болса, ВИЧ инфекцияны жұқтырудың қандай жолдары бар екен-

дігін анықтайық?

1.  1.  Жыныстық қатынас арқылы (қорғанышсыз сексуалдық қаты-

настар).

2.  Қан арқылы (қан тиген шприцтерді, инелерді, басқа да медици-

налық аспаптарды пайдаланған кезде).

3.  Анадан балаға.

• 

Жүктілік кезінде



• 

Босану кезінде

• 

Көкірек сүтімен емізген кезде



41

Әдістемелік құрал 



5.  «Тәуекел дәрежесі» жаттығуы

«ЖОҒАРЫ  ТӘУЕКЕЛ»,  «ТӘУЕКЕЛ  ЖОҚ»,  «ШАМАЛЫ  ТӘУЕКЕЛ»  деген 

жазулары бар конверттер ілінеді. Әрбір қатысушыға ВИЧ инфекция-

сын жұқтырған адаммен байланыстағы жағдай жазылған карточкалар 

беріледі.

Маңдайынан сүю



Емдеу мекемесіндегі инфекциялар

Ауызбен жасалатын секс



Некедегі жыныстық қатынас

Қан құю


Өзге біреудің тіс щеткасын пайдалану

Бассейнде жүзу



Есірткі пайдаланатын адаммен жыныстық қатынас

Терең сүйісу



СПИД-пен ауыратын адамды күту

Масаның шағып алуы



Көп адаммен жыныстық байланыста болу

Құлақ тестіру



СПИД-пен ауыратын адаммен бір бөлмеде тұру

Татуировка (денеге сурет салу)



СПИД-пен ауыратын адаммен құшақтасу

Қоғамдық дәретхананы пайдалану



Төсектегі қандаланың шағуы

Әрбір қатысушы кезек кезегімен өз карточкасындағы жазуды оқиды 

және өз ойынша карточкадағы жазуда сипатталған ВИЧ жұқтыру тәу-

екелі дәрежесін нақты бере алатын конвертке жинақтайды. 

6.  .«Ақпаратты беру стилі» ширату

   жаттығуы

Әрбір қатысушыға жүргізуші кезекпен белгілі бір сауалды қояды, оған 

қатысушы ақпарат берудің белгілі бір стилдерінің бірімен жауап беруі 

тиіс (жағымды, қорқынышты, теріс, рационалды, морал оқу, эмоцио-

налды, күлкілі).

Жаттығу соңында қатысушылармен қандай стиль маңыз ды ақпаратты 

қабылдағанда тиімді, өтімді екенін талқылайды.

7.  Жұмысты аяқтау. Рефлексия

Бұл  кезеңде  жүргізуші топтағыларды  шетінен  оларға тренинг  бары-

сында ненің ұнағанын және ненің ұнамағанын сұрайды, олардың күт-

кендеріндей болды ма, осы сәтте қандай сезімдерді басынан өткерді 

деген сауалдар қояды.

ӘДІС


ТЕМЕЛІК

 АҚПАР


АТ

42

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ МӘЖБҮРЛІ НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ 

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҮНДЕУЛЕР

Ерте  жастағы  және  мәжбүрлі  неке-

лер қыз балалардың бірінші кезекте 

білім  алуға  деген  құқықтарынан 

айырады.


 Сонымен қатар мұндай жағдай 

олардың  өз  денсаулықтарын  сақтау 

құқығын  шектейді,  ауру-сырқаулық  пен 

өлім-жітімді арттырады. Қыз балалар ден-

саулық сақтауға, білім беру қызметтеріне, 

жұмысқа  және  өзге  де  әлеуметтік  игілік-

терге теңдей еркіндікке қол жеткізу үшін 

денсаулық  сақтау  және  білім  беру  жүйе-

леріндегі кемшіліктерді жоймайынша, біз 

тұрақты  өсу  мен  ілгерілеушілікті  байқай 

алмаймыз. 

Білімді  қыз  балалардың 

денсаулықтары  да  жақсы  болады, 

табысы да жоғары болады, бұл олар-

дың жалпы отбасына және қоғамы-

мызға пайда алып келеді. 

Елімізде  қыз  балалар  мен  әйел-

дердің құқықтарында ислам дәстүр-

лері ешқандай жолмен көрініс тап-

пауы  тиіс.  Ешқандай  ұлттық  салт-дәстүрлер  зорлық-зомбылықтың,  жеткіншек 

қыздарды әйелдікке алу үшін алып қашу немесе олардың келісімінсіз күштеп 

күйеуге беруді ақтап алатын дәлел ретінде қарастырылмауы тиіс. 

Сондықтан да, 

тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде дін саласының, этномәдени бірлестік-

тердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ерекше роль атқаруы керек. 

Балалар, жеткіншектер және жастар, әсіресе қыз балалар кедергісіз көмек сұрай 

алу мүмкіндігіне ие болуы керек. Оларға тұрғылықты жерлері бойынша (мек-

тепте, полицияда, медициналық мекемелдерде) арыздануына және сот орында-

рына өтінішпен баруына кез келген қолдаулар көрсетулері керек. Жасына қарай 

олар құқыққорғау органдары, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар тарапынан 

арыздарды қарау және сот талқылаулары кезеңдерінде қорғаумен қамтамасыз 

етілуі тиіс. 

Кәмелетке толмаған қыз балаларды күштеп некесін қию немесе жыныстық қатынасқа тарту 

жағдайларының бәрі тіркеліп, олардың әрқайсысына шұғыл түрде әкімшілік те, қылмыстық та 

шаралар қабылдануы керек. 

Осындай  тектес  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу  жөніндегі  жұмыстар  тек  қана  құқық 

қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің және өзге де мемлекеттік құрылымдардың 

өзара іс-қимылдарына ғана емес, сонымен бірге отбасымен, жергілікті қауымдастықтың өкіл-

дерімен, дін саласымен, БАҚ-пен ынтымақтаса жұмыс жүргізуге негізделуі керек



43

Әдістемелік құрал 

Дереккөздер

1.  Бала – бұл «18 жасқа дейінгі адамзат өкілі, сол 

балаға қолданылатын заң бойынша, бұдан ерте 

кәмелет  жасына  жетпейді».  Бала  құқықтары 

туралы  Конвенция  (1989)  http://www2.ohchr.

org/english/law/crc.htm.

2.  Қазақстанның  келесі  баяндамасы  2012-2013 

жж. болады.

3.  Әйелдерге  қатысты  кемсітушіліктерді  жою 

жөніндегі  Комитет,  37-ші  сессия  (2007  ж). 

«Әйелдерге  қатысты  кемсітушіліктерді  жою 

жөніндегі Комитеттің қорытынды ескертпелері: 

Қазақстан»,  CEDAW  /C/KAZ/CO/2,  ООН,  НьюЙ-

орк, П.29.

4.  Бала  құқықтары  жөніндегі  Комитет,  45-ші  сес-

сия (2007 ж.) Бала құқықтары жөніндегі Коми-

теттің  қорытынды  ескертпелері,  CRC/C/KAZ/

CO/3, ООН, Женева.

5.  «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 

туралы»  Заңының  1-бабында  бала  ұғымына 

анықтама 

беріледі(2002). 

http://bauka.kz/

index.php/2011-08-20-05-03-21/2011-08-

21-04-00-19/98-2009-11-07-12-09-04#_

Toc6434655.

6.  Ақпараттық  сервер  xFRK/  Қазақстан  заңна-

масы 


on-line 

http://www.pavlodar.com/

zakon/?dok=00002&uro=08023. 

7.  Қазақстан  Республикасы  Бас  Прокуратурасы-

ның  Құқықтық  статистика  және  арнайы  есеп 

Комитеті.

8.  2006-2016 жылдардағы гендерлік теңдік Стра-

тегиясына гендерлік индикаторлардың серпін-

ділік қатары www.stat.kz

9.  Қазақстандағы  ерте  және  күштеп  қиылатын 

некелер  проблемалары  бойынша  аналитика-

лық  талдау,  Сорос  Қазақстан  Қорының  қолда-

уымен «Әйелдердің шығармашылық бастамасы 

Лигасы» ҚБ, 2011 ж.

10.  «Амансаулық» ҚҚ. «Отбасын жоспарлауды қоса 

алғанда,  сексуалдық  және  репродуктивті  ден-

саулықты  қорғау  қызметтеріне  әйелдер  мен 

жастардың  қол  жетімділігі»  Республикалық 

кеңесінің Есебі, 28 қараша, 2011 ж.

11.  «Қазақстан  жастары»  статистикалық  жинағы, 

2010  ж.  Статистика  жөніндегі  Агенттіктің 

мәліметтері бойынша, www.stat.kz.

12.  Қазақстан Республикасындағы көптеген көрсет-

кіштер  (МICS)  бойынша  кластерлік тексерулер, 

2010-2011  жж.  Балалар  мен  әйелдер  жағдай-

ларына  мониторинг.  А.А.  Смаилованың  редак-

циясымен, 2012 ж.

13.  Балалар некесінің жоғары көрсеткіштері күрд-

тер (осы ұлттың күйеуге тиген барлық әйелдері 

кәмелет жасына толмаған қыздар 6%), түріктер 

(4,3%)  және  әзербайжандар  (3,5%)  арасында 

кең  таралған.  Салыстырмалы  түрде  айтқанда, 

кәмелет  жасына  жетпеген  дүнген  қыздар 

некеде  тұрған  әйелдердің  жалпы  санының 

2,5%-ын  құрайды.  Бұл  көрсеткіш  ұйғыр  әйел-

дері арасында 1,5%-ға тең. ҚР Статистка жөнін-

дегі Агентігінің 2011 жылғы есептік мәліметтері 

бойынша.


14.  ҚР Статистка жөніндегі Агентігінің 2011 жылғы 

есептік мәліметтері бойынша.

15.  Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасы. 

Сорос  Қазақстан  Қорының  қолдауымен  «Ерте 

жаста ана болу проблемаларын талдау» жобасы 

аясында  Алматыда  жеткіншектер  мен  жастар-

дан  алынған  сауалнама  қорытындылары, 

2010 ж.


16.  Статистика  жөніндегі  Агенттіктің  тапсырысы 

бойынша  «САНДЖ»  Зерттеу  Орталығы  әзірле-

ген «Қазақстан Республикасындағы жастардың 

әлеуметтік-демографиялық  жағдайы»  талдау 

жазбасы. 

17.  Қазақстан  Республикасының  2009  жылғы 

Ұлттық  халық  санағының  қорытындылары, 

Қазақстан  Республикасы  Статистика  жөніндегі 

Агенттігі,  Алматы  облысы,  2-том,  Астана  2011 

жыл. www.stat.kz.

18.  Ресми  статистикалық  есептілік-есеп  беру  фор-

масы МЗ РК Ф№32У, 2011 жыл.

19.  Ресми  статистикалық  есеп-есеп  беру  формасы 

МЗ РК Ф№13У, 2011 жыл.

20.  Алматы қаласы бас мешітінің имамы. Қазақстан-

дағы  ерте  жастағы  және  мәжбүрлі  некелер 

проблемалары  бойынша  талдау  есебі,  Сорос 

Қазақстан  Қорының  қолдауымен  «Әйелдердің 

шығармашылық бастамасы Лигасы» ҚБ, 2011ж.

21.  Қазақстандағы  ерте  жастағы  және  мәжбүрлі 

некелер проблемалары бойынша талдау есебі, 

Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен «Әйел-

дердің шығармашылық бастамасы Лигасы» ҚБ, 

2011ж.


44

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

22.  Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен «Әйел-

дердің  шығармашылық  бастамасы  Лигасы» 

ҚБ-нің Қазақстандағы ерте жаста ана болу про-

блемаларына  талдауы,  2010ж.  Алматы  қала-

сындағы АХАЖ меңгерушісімен сұхбат.

23.  Алматы  облысындағы  Қоғамдық  қауіпсіздік 

Басқармасы инспекторымен сұхбаттан.

24.  Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі Істер Депар-

таментінің анықтамасынан, 09.04.2012.

25.  Қазақстандағы  ерте  жастағы  және  мәжбүрлі 

некелер 

проблемалары 

зерттеуі, 

Сорос 


Қазақстан  Қорының  қолдауымен  «Әйелдердің 

шығармашылық бастамасы Лигасы» ҚБ, 2011ж.

26.  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  пробле-

малары Ұлттық орталығының ақпараты.

27.  Қаржаубаева  Ш.Е.  -  Салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру  проблемалары Ұлттық  орталығы 

директорының орынбасары

28.  ҚР  Статистика  жөніндегі  Агенттіктің  мәліметі, 

2012 ж. www.stat.kz.

29.  ҚР  Білім  Министрлігінің  жалпыға  міндетті 

оқудың  жылсайынғы  статистикасы  негізінде 

құралған.

30.  ҚР  Статистика  жөніндегі  Агенттіктің  мәліметі, 

2012  ж.  www.stat.kz.  Мәліметтер  табыстың 

баламалылығы  межесін  пайдалану  арқылы 

алынды.


31.  ҚР  Статистика  жөніндегі  Агенттіктің  мәліметі, 

2012 ж. www.stat.kz.

32.  Index  Mundi  –  Kazakhstan  literacy  rate 

[Қазақстандағы  сауаттылық  деңгейі],  www.

indexmundi.com/facts/kazakhstan/literacy-rate.

33.  38676 теңге. medmedia, 23 қыркүйек 2011 ж.

34.  Қазақстан  Республикасындағы  2009  жылғы 

Ұлттық  халық  санағының  қорытындылары, 

http://www.stat.kz/p_perepis/Pages/default.aspx.

35.  «Барлығы 

Қазақстан 

туралы» 


http://

aboutkazakhstan.ucoz.kz.

36.  «Қазақстан  жастары»  статистикалық  жинағы. 

Қазақстан Республикасының Статистика жөнін-

дегі Агенттігінің мәліметтері бойынша.

37.  Қазақстан  Республикасындағы  2009  жылғы 

Ұлттық  халық  санағының  қорытындылары, 

http://www.stat.kz/p_perepis/Pages/default.aspx.

38.  Қазақстан  Республикасындағы  2010-2011 

жылдардағы  көптеген  көрсеткіштер  бойынша 

(МICS)  кластерлік  терсерулер.  Балалар  мен 

әйелдер жағдайларына мониторинг. А.А. Смаи-

лованың редакциясында. Астана, 2012 ж.

39.  ҚР  Статистика  жөніндегі  Агенттігінің  мәлімет-

тер, 2012ж. www.stat.kz.

40.  Ресми  статистикалық  есептілік-есеп  беру  фор-

масы МЗ РК Ф№32У, Ф№13У, 2011 жыл.

41.  Демографиялық 

жылнама 

/Статистикалық 

жинақ/ ҚР Статистика жөніндегі Агенттігі, Астана 

2012. http://www.stat.kz.



45

Әдістемелік құрал 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТР-

ЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ КОМИ-

ТЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТІРКЕЛУІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың 

құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2006 жылғы 13 қаңтардағы N36 қаулысына сәйкес құрылды 2006 

жылы 27 ақпанда Астана қалалық Әділет органдарында мемлекеттік 

тіркеуден өтті.

КОМИТЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ

Балалар өмірінің сапасын құқықтық және әлеуметтік кепілдікпен 

қамтамасыз ету.

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫЛЫҚТАР

• 

Тұлғаның  адамгершілік-рухани  дамуын  қалыптастыру,  отбасы 



және отбасы құндылықтарын насихаттау, балалардың құқықтары 

мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мәселелерді қоғам ара-

сында жария ету. 

• 

Мемлекеттік  әлеуметтік  саясат  саласында  бала  мүдделерін 



ескере отырып заңнамаларды жетілдіру.

• 

Әлеуметтік  жетімдіктің  алдын  алу  және төмендету,  жетім  және 



ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинститу-

ционализациялау стратегиясын іске асыру.

• 

Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  суицидтік  мінез-құлықты, 



қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, бала еңбегін қанауды, қадаға-

лаусыздықты, панасыздықты, алдын алу.

• 

Мүдделі  мемлекеттік  құрылымдар,  жергілікті  атқарушы  орган-



дар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында ведомствора-

лық өзара әрекет етудің тиімді жүйесін құру.

Мекенжайы:  

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,  

Есіл ауданы, 35 көшеci, «Министрліктер Үйі» 

Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс,  

тел.: 8 7172 74 23 42

 


46

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

«ӘЙЕЛДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАСЫ ЛИГАСЫ» 

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ 

 

Қазақстандағы балалар мен әйелдер үшін сәтті болашақ қалыпта-



стыру мақсатында 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасында 

өз қызметін жүзеге асыра бастады. 

ӘШБЛ жобалары қоғамдық санаға кері әсер ететін көптеген мәдени 

стереотиптерді, өкінішке қарай әлі күнге Қазақстан қоғамында орын 

алып  келе  жатқан  балалар  мен  әйелдердің,  әсіресе  халықтың  әлсіз 

топтарының дамуын тежейтін әлеуметтік ескішілдік наным-сенімдер 

мен тәжірибелерді түп тамырымен  жоюға  бағытталған.  ӘШБЛ  әлеу-

меттік  проблемаларды  бірлескен  күш-жігердің  көмегімен  шешуге 

және алдын алуға болатындығын жақсы түсінеді және өз жобаларын 

жүзеге  асыру  барысында  орталық  және  аймақтық  билік  органда-

рымен (ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-де-

мографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен, ҚР БҒМ жанын-

дағы  Балалардың  құқықтарын  қорғау  Комитетімен,  т.б.)  белсенді 

түрде және ынтымақтаса жұмыс атқарады. Сондай-ақ, қазақстандық 

Үкіметтік емес ұйымдармен және халықаралық донорлар (ҚР-да тір-

келген шетелдік елшіліктер, халықаралық қорлар мен БҰҰ-ның түрлі 

бөлімшелері) тарапынан ұйымдастырылатын бастамаларға қаржылай 

қолдау білдіретін өзге де мүдделі тараптармен іскерлік байланыстар 

орнатқан. 

Мекенжайы:

  

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 



 Фурманов көшесі, 119-21,  

 

 



 

тел. +7 727 272 69 49 

 

 

 



эл.пошта: wlci@mail.ru

Т

 



а

ЛИГА ЖЕНЩИН


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет