Ертеңгілік: «Ғажайып Жаңа жыл!» Жүргізуші Н



Дата21.02.2023
өлшемі18,96 Kb.
#69712

Ертеңгілік: «Ғажайып Жаңа жыл!»
1. Жүргізуші Н.: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін!
Біздің: «Ғажайып Жаңа жыл!» ертеңгілімізге қош келдіңіздер! «Балапан»тобының балаларың қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші Н.: Қыста қандай мейрамды тойлаймыз? Балалар шыршамыз қандай әдемі. Сендерге ұнады ма?
3.Қыс ханшайымы кіреді.
Жүргізуші :Сәлеметсіз бе Қыс ханшайымы.Алыс жолдан шаршамай келдіңіз бе?
Балалар қыс ханшайымының құрметіне арнап бір ән орындап бермейміз бе?
Ән«-----------------------------------------------------------------------------------»
Қасқыр жүгіріп келіп, мен қайда түстім деп , тұрып қалады.
Жүргізуші : О Қасеке қалай жағдай, жайшылық па? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқырдың сөзі. Мен қоянды іздеп жүрмін
Жүргізуші.:Ал, сен оны қайтейін деп едің?
Қасқырдың сөзі. Қарным ашып тұр жеп қоямын.
Жүргізуші :Сендер одан да, қоян екеуің бізбен бірге ертегілер елінде Жаңа жылды тойлаңдар. Балалар қоян мен қасқырды достастырамыз ба? Олай болса Жаңа жыл қоянды ортаға шақырайық.
Жүргізуші : Балалар бізге алыс жолдан жаңа жыл келе жатыр екен қане бәріміз бірге қарсы алайық.
Жаңа жыл, жаңа жыл.Амандасу.
Жүргізуші.:Сәлеметсізбе Жаңа жыл қош келдіңіз, төрлетіңіз, Осы төр Сізге лайықты себебі Сіз биылғы жылдың ең құрметті қонағысыз.
Жаңа жылдың сөзі.
Балалар Жаңа жылға әдемі ән айтып берсек қайтеді?
Ән:«-------------------------------------------------------------»
Ақ қала кіреді
Жүргізуші Т.:Қош келдің Ақ қала біздің мерекемізге, төрлет!
Аққаланың сөзі:
Жүргізуші :Ақ қала біздің мерекімізге келіп қалыпсың, біз саған да, тамаша өнерлерімізді көрсетуге дайынбыз. Аққала балалармен ойын ойнайды «Қар жинау»
Ақ қаланың сөзі: Айтпақпашы балалар, мен сендердің әдемі шыршаларыңды көріп, өнерлеріңді тамашалап, сендерге әкелген жеделхатымды беруді, ұмыттыппын.
Жүргізуші Т.:Жеделхатта не жазылыпты?ООО балалар бізге Аяз-атамен Ақша қар келе жатыр екен, қанекей бәріміз бірге Аяз -ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайықта.1-2-3 Аяз –ата Ақшақар , Аяз –ата Ақшақар, Аяз –ата Ақшақар
Аяз ата, Ақшақар сөзі
Жүргізуші Н.: Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер, біздің әсем шыршаға ерекше сән беріп тұрсыздар.
Аяз-ата және Ақшақар сөзі (Шыршаның жанбай тұрғаның айтады).
Ақшақар: Аяз ата, мына шырша да көңілсіз, шамдары жанбаған. Қане көңіл көтерейік, ойнап күліп әндетейік.
Аяз ата: Қуант бізді танырқат
Шамдарыңды жарқырат
Шырша тойын бастайық
Көңіл шаттық сыйлайық
1-2-3 шырша шамы жарқыра.
Жүргізуші: Қане шеңберге тұрайық,
Шырша әнін бастайық.
Ән: Шырша жыры
Жүргізуші Н.:Аяз ата сіз шаршаған боларсыз, енді отырып балалардын сізге арналған жыр шұмақтары бар соны тамашалаңыз.
Жүргізуші Н.:Ал балалар біраз сергіп алдық, енді Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақ 5 бала.


Айдана
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл


Арсен:Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.


Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.


Жасыл желең жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.


Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.
Жүргізуші Т.: Әуеледі әніміз,
Жаңа кірді сәніміз,
Санта Клаустарды шақырып ортаға.
Би билейік бәріміз
Ұлдардың орындауында «Санта Клаустар» биін тамашаланыздар.
Жаңа жыл сөзі:
Ақшақар: балаларымыз шеттерінен өнерлі. Кішкентай ақшақарлармен бірге билегім келіп тұр
Би қыздар:біздің қыздардың орындауында ақшақар биі
Аяз ата Аққаладан сыйлықты сұрайды
Аққала сыйлықты іздейді
Жезтырнақ кіреді:сөзі
Аяз-ата сыйлық үлестіреді.
Аяз-Ата мен Ақшақар .Қоштасу
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші Т.: Құрметті қонақтар,балалар! 2023-шы жылға арналған «Ғажайып Жаңа жыл!»-атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Құттықтау сөзін балабақша Меңгерушісі Алмагуль Нұрахметовнаға берейік.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет