Гранатаны бір орында жəне жүгіріп келіп лақтыру



Дата07.01.2022
өлшемі19 Kb.
#19477
Байланысты:
Граната лақтыру


19.05 21ж. Ахметжанов Р.

Граната лақтыру

Гранатаны бір орында жəне жүгіріп келіп лақтыру

Жоғарыда аталған снарядтардың ішінен гранатаны лақтыруды қарастырайық. Гранатаны бір орында тұрып та, жүгіріп келіп те лақтырады. Бір орында тұрып лақтыру жүгіріп келіп лақтырудан гөрі нысанаға дəл тигізуді қамтамасыз етеді. Ал жүгіріп келіп лақтыру гранатаның алысқа ұшуына көмектеседі. Лақтырудың ең көп тараған əдісі арт жақтан, иықтан асыра лақтыру болып табылады. Лақтырудың бұл əдісі əдеттегі тас лақтыру сияқты. Граната лақтырғанда, қол тас лақтырғандағыдай, дененің бір жақ жанымен иықтан аса өтеді, айырмашылығы, міне, осында. Гранатаны да кіші доп секілді алысқа жəне нысанаға лақтырады. Осы екі əдіспен лақтырғанда олардың лақтыру техникасы бірдей. Гранатаны дұрыс ұстау, оны алысқа лақтыруға көмектеседі жəне нысанаға лақтырған кезде де мұның маңызы зор. Гранатаны бір орында тұрып лақтыру. Гранатаны жоғарыда көрсетілген тəсіл бойынша ұстап, лақтырудың бастапқы қалпында тұру керек. Гранатаны оң қолмен лақтырғанда лақтыратын бағытқа сол иығын беріп, екі аяғын сəл алшақ қойып тұрады. Осы қалыпта тұрғанда сол аяқты аздап артқа қарай жылжытып қою керек, бұл аяқтың ұшы оң аяқтың өкшесімен бірдей сызықта болуы керек. Сөйтіп, лақтыру алдындағы қалыпта тұру керек. Бұл жағдайда оң аяқтың табаны жерге түгел тиіп тұрады. Лақтыру алдындағы бастапқы қалыптан гранатаны тез жəне аяқ пен кеудені бір мезгілде лақтыратын жаққа қарай иіп, аяқтың ұшымен лақтыратын жаққа бұрылып, оң санды алға шығарып лақтыру басталады. Лақтыру оң иықты тез алға қарай шығарумен жəне оң қолды иықтан асыра, гранатаны өте шұыл сермеп лақтырумен анықталады. Гранатаны ұстаған қолды иықтан асыра лақтыруға көп көңіл бөлу қажет. Гранатаны ұстаған қолды иықтан қашық, бір жақ жанмен сілтеу өрескел қате болып табылады. Ондайда лақтырушы көбінесе лақтыратын қолының шынтағын шығарып алып, зақымданатын болады. Гранатаны лақтырып болған соң, лақтырушы оң аяғымен үлкен адым жасайды, сонымен қатар сол аяғына дененің салмағын түсіреді. Осылай адымдап аттауының арқасында лақтырушы өзін шектеулі сызықтан аттап өтуден сақтап қалады. Гранатаны жүгіріп келіп лақтыру. Жүгіріп келіп лақтыру – едəуір алысқа лақтыруға көмектеседі, екінші жағынан қиындығы да бар. Сондықтан жүгіріп келіп лақтыруға бір орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін көшу керек. Лақтыру үшін онша қатты жүгірмесе де болады, өйткені қатты жүгірген сайын гранатаны ойдағыдай лақтыруды орындау қиындай түседі. Жүгірген жердің ұзындығы 8 қадам болады, оның алғашқы төрт қадамы (бастапқы белгіден бақылау белгісіне дейін) бастапқы жəне қорытынды (бақылау белгісінен кейінгі сызыққа дейін) белгілер болып бөлінеді. Бетті гранатаны лақтыратын жаққа беріп, гранатаны оң қолды бүгіп, шамамен алғанда, иектің тұсына ұстап, лақтырушы жүгіруді сол аяқпен бастайды. Жүгіру қарқынын бірте-бірте үдете түсу керек. Бақылау белгісіне оң аяғы тигеннен кейін лақтырушы жүгіру екпінін тоқтатпастан, қолды артқа қарай сілтеу арқылы лақтыруға даярлық жасай бастайды. Бақылау белгісінен кейінгі бір қадам (сол аяқпен) кезінде граната төмен түсіріледі, келесі қадамда граната артқа қарай жіберіледі, екінші қадам кезінде иықты оңға қарай бұру керек, келесі қадамда (бақылау белгісінен кейінгі үшінші қадам) граната ұстаған қол аздап бүгіліп, дененің арт жағына жоғары көтеріледі. Лақтыру бір орында тұрып лақтырған сияқты осы жерден басталады. Граната лақтыру техникасы үйренудегі жүйелілік. Бастапқыда гранатаны дұрыс ұстаудың тəсіліне үйрену керек. Содан кейін бір орында тұрып, тік нысанаға тура, жайлап лақтыруға кірісу керек. Нысанаға лақтыру қимылды дұрыс орындауда бақылауға жеңіл болады. Нысанаға лақтыруға үйренудің алғашқы кезеңінде лақтырылатын жаққа қарай кеудені беріп тұру керек, сол аяқ біраз алға шығарылсын. Дене салмағы бұл кезде (лақтыру алдында) көбіне оң аяққа түседі. Міне, осы қалыптан гранатаны лақтыру керек. Гранатаны лақтырғанда ол жоғарыдан төмен қарай айналатындай етіп жіберу керек. Лақтыру қимылын меңгеріп, яғни кеудені лақтыратын жаққа беріп тұрудан, қатты ышқынып лақтыруға машықтанған соң, нысанаға дейінгі қашықтықты ұлғайту қажет. Тік тұрған нысанаға (дуал, қалқан) жақсы тигізетін болған кезде көлденең нысанаға (окоп, ор) лақтыруға көшуге болады. Жүгіріп келіп лақтыруға тек бір ғана орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін ғана көшу керек. Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын ең алдымен жүріп лақтыру арқылы үйренген дұрыс болады. Ең əуелі екі адымдап, содан кейін үш адымдап, қолды дұрыс сілтеуді үйрену керек. Адымдап қолды сілтеуді жəне лақтыруды үйренген соң, жүгіруді, алғаш адымдап бастауды, оның ақырғы бөлігін – ақырын жүгіру арқылы қатты жүгіруді үйрену керек. Бұдан кейін жүгіріп екпін алудың барлығын баяу жүрумен орындайды (бастапқы бөлігін ақырын жүгіріп, ал қорытынды бөлігін ақырын үдете жүгіру керек). Гранатаны лақтыратын кезде оны сілтей лақтырып, қолдың басын граната айналып (дөңгеленіп) ұшатындай етіп ұстау керек.

Граната лақтыру

Гранатаны ұстағанда төрт саусақпен қысып ұстап, шынашақты
сол аяқпен алдыға аттап, гранатаны жанға түсіріп ұстап тұрып,
осы жаттығуды гранатасыз-ақ бейнелеу ретінде қайталауға болады;
гранатаны ұстап жүріп, жүгіріп келіп бейнелеу түрінде орындау;
орында тұрып гранатаны бастан асыра лақтыру; граната лақтырудың айла-тәсілін жетілдіру мақсатында, орында тұрып тас ллақтыру иық буындарының қозғалмалы қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық таяқшамен иықты шынтақ буынының созылмалы қасиетін жетілдіру үшін салмағы бар тасты шынтақ буынының созылғыштық қабілетін жетілдіретін жаттығулар орындау.

Граната лақтыру 500-700 гр сабақтарының қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Жүгіру негізінен организімнің төзімділігін, шыдамдылығын қалыптастырады, шапшаңдықты дамытады. Жеңіл атлетиканың бір түрі – лақтыру. Лақтыру құралдыры: доп /үлкен және кіші/, найза, балға, ядро, гранат. Граната лақтыру кезінде жүгіріп келіп сызыққа дейін аяқты қойып қолды жоғары үстау бойымен лақтырылады. Қолдың күшін аудырмай сол салмақты ұстап жоғары сілтеп лақтыру

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет