Ескі шығармалармен қазіргі шығармалардың ортақ мәселені талқылау



бет1/2
Дата01.04.2023
өлшемі18,1 Kb.
#78209
  1   2

Ескі шығармалармен қазіргі шығармалардың ортақ мәселені талқылау



Ескі шығармалар

Қазіргі шығармалар

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары өз өлеңдерімен оқырмандар көкейінде ерекше сақталған ақындардың даңқтары мен дақпырттары олардан кейін шығармашылық үдеріске келген жас ақындардың тез танылуына, олардың шығармашылықтарының жоғары бағалануына біршама тосқауыл болды. Өйткені сол кездегі сыншылар мен ақындар тарапынан өз заманының мұңы мен сырын жырлаған жастар поэзиясы әлі де өсу үстіндегі, жетілу жолындағы талпыныс ретінде ғана бағаланды.
Поэзияға сексенінші жылдары келген жас ақындар негізінен ұлттық тәрбиеден сусындаған, өздерінің алдындағы талантты аға- апаларын қадір тұтатын, үлкенді сыйлап, кішіге құрметпен қарайтын буын өкілдері еді. Олар өздерінің жақсы шығармалары туралы айтылған мақтауға да, сын пікірлерге де түсіністікпен қарады. Сондықтан да олардың арасында талантты сөз зергерлері болғанымен сол тұста топтан қара үзіп шығып, жарқырай көрінгендері сирек. Кеңес дәуірінде сексенінші жылдардағы жас ақындардың арасынан атаулы сыйлық алғандары да, ерекше құбылыс ретінде бағаланғандары да бола қойған жоқ. Себебі олар әлі жас, алатын асулары алда деген пікір сол кез үшін қалыптасқан түсінік болатын. Ол тұста жас ақындардың өлеңдерінің газет бетіне шығуы, ұжымдық жинаққа кіруі деген ерекше құбылыс болып саналатын, ал жыр жарысы мүшәйра деген болмайтын, айтыс ақындарына сыйлық беру, ат міңгізіп шапан жабу өткеннің сарқыншағындай елестейтін.
Сексенінші жылдардағы жас ақындардың негізгі тақырыптары махаббат тақырыбы, туған жер, адамдар арасындағы достық сияқты гуманистік мұраттармен ғана шектеліп жататын. Бірақ олардың сол кезеңде жарияланбаған жырларының арасында кеңестік режимнің қатал сынына қарамастан ұлттық құндылықтар мен коммунистік жүйенің қайшылықтарын батыл айыптайтын шығармалар ауызша болса да тарап жатты. Мысалы, Бауыржан Үсеновтің «Қара машина» өлеңін сондай шығармалардың қатарына қосуға болады. Ондай өлеңдер тек қана ауызша таралып, жақын адамдардың арасында ғана айтылатын. Негізінен сол дәуірдегі жас буын өкілдері саналатын ақындар өлеңдерінде тың теңеу, сұлу сурет, ерекше ой айтуға талпынған жаңалығы бар ізденістер жиі көрініп қалатын.

Тәуелсіздіктен кейінгі кезең қазақ әдебиеті үшін тың өзгерістер мен жаңалықтарға толы кезең еді. Бұл кезең елімізде жаңа идеологиялық тұғырнаманың қалыптасып, қоғамдық санада ұлттық идеяның қайта жаңғыруымен есте қалады. Аталған уақытта ұлттық сананың оянуына байланысты әдебиетіміз рухани жағынан қайта түлеп, мәдениетіміз жаңа сапада байып, көптеген поэзиялық шығармаларда кеңес дәуірінде пайда болған рухани құндылықтар теріске шығарылып, қоғамда болып жатқан әлеуметтік дағдарыстар көркем жинақталып, жаңаша сипатта суреттеле бастады. Дін бостандығы, тіл бостандығы, жеке адамның өзін барлық жағынан еркін сезінуі ақын-жазушылар шығармаларында нақты көрініс тауып жатты.
Шығармашылық үдерісте қоғам мен жеке адам арасындағы қарым-қатынасты қайта саралау, адамзат тарихындағы жеке адамның рөлін көркем шығармалардағы тартыс сипатында, көркем образдар жүйесінде айқын бейнелеу, жеке авторлық идеяны субьективті мақсатта батыл қорғау ерекше қарқынмен дами бастады. Бұл үдеріс, әсіресе, поэзия жанрындағы адам мен қоғам, оның қоршаған ортамен байланысы мәселесін арқау еткен философиялық шығармаларда жиі көрініс беріп отырды.
Әрбір шынайы талант иесі өз шығармашылығы арқылы мына дүниеде болып жатқан өзгерістерді, тек өз танымы тұрғысынан суреттеп қана қоймай, сонымен қатар өз замандастарының дәуір жайлы, қоғам турасындағы ойларын да, өз елінде өтіп жатқан тарихи оқиларды да халық көзқарасы тұрғысынан бейнелеп көрсетуге міндетті. Өз халқының ұлттық- этникалық ерекшелігін сақтауға деген ұмтылыс ұлттық бастауларға деген әдебиеттің қызығушылығын күшейтті. Сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында пайда болған этникалық өзін-өзі тану туралы эстетикалық тұғырнамалар, біртіндеп жапыадамзаттық жаһандану жағдайында ұлттардың өзін-өзі сақтап қалуы туралы түсінікке қарай ойысып кетті. Бұл кездегі Отаншылдық, жеке адамның бостандығы туралы тақырыптар жаңа мәнге ие болды, жаңа мазмұнда жырлана бастады. Лирикалық қаһарман бұл тұста бұрынғыдай коммунистік партияның қатардағы жауынгері, қалың бұқараның бір бөлшегі болудан қалған еді. Ол өз жерінің шынайы жанашыры, қорғаушысы, атамекенінің заңды мұрагері ретінде бейнелене бастады. Лирикалық қаһарманның өзінің ұлтына, өз халқының өткен тарихына деген көзқарасы түбірімен өзгерді. Бұл кездегі поэзия ұлтқа деген көзқарастарды нығайтудың құралы болып қана қоймай, ұлттық бірлік идеясын насихаттайтын уағыздаушылық қызмет атқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет