Эссе 4. Кәсіпкерлік орта – экономикалық категория Кәпкерлік феномені байырғы кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды.Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.«Кәсіпкер» және «антрепкер» терминінің аударғанда, «делдал» деген ұғымға тең болады.Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. «Сауда табиғатының очеркі» (1755ж) атты жұмысында ол кәсіпкерлерді «Қымбат сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : «… ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес.Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:
Үлкен табысқа ұмтылу.
Тәуекелге бару.
Жаңашылдыққа ұмтылу.
Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы.
Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.Кәсіпорын — бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, «кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.1725 жыл. Р.Кантильон. Кәсіпкер- тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер- іске асыратын қызметін жауапты болатын тұлға; жоспарлайтын, басқаратын және кәсіпорынды құрып, оны басқарады.1876 жыл. Ф.Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілеттің арқасында табыс алатындарды айыра білу қажет.1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер- ол жаңа технологияларды өндейтін, жаңашыл адам.1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер- біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер- кез- келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер- ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер- осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы.Нарықтық экономикада кәсіпкерлік келесі қызметтерді орындайды.