Кәсіпкерлік ұғымының мәні және тарихи даму сатылары
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті.
Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметінің мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.
«Кәсіпкерлік» терминді алғаш рет ағылышн экономисті Ричард Кантильон (1650-1734) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Кәсіпкерлік ұғымының мәні және тарихи даму сатылары
Ричард Кантильон «Сауда табиғатының очеркі» жұмысында кәсіпкерлерді «қымбатқа сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.
Кәсіпкерлердің рөлі туралы Адам Смит былай деп жазған: … ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызығушылығына жиі қызмет етеді.
Кәсіпкерлік ұғымыныңмәніжәне тарихи даму сатылары
• Орта ғасыр - Кәсіпкер ірі көлемді құрылыс немесе өндірістік жобаны орындауға жауапты адам
• 1725 жылы Ричард Кантильон - Кәсіпкер - тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.
• 1797 жылы Карно Бодо - Кәсіпкер - іске асыратын қызметіне жауапты болатын тұлға, жоспарлайтын, басқаратын адам. Кәсіпорынды құрып, оны басқарады.
• 1876 жылы Френсис Уокер - Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілетінің арқасында алатындарды айыра білу қажет.
• 1934 жылы Иозеф Шумпетер - Кәсіпкер - ол жаңа технологияларды өңдейтін жаңашыл адам.
• 1961 жылы Дэвид Маклеланд - Кәсіпкер - біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.
1964 жылы Питтер Друкер - Кәсіпкер - кез келген мүмкіндікті максимал табыспен қолданатын адам. Кәсіпкер терминінің эволюциясы
1975 жылы Альберт Шапиро - Кәсіпкер - ынтасын көрсететін адам, тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болдаы.
• 1985 жылы Роберт Хизрич - Кәсіпкерлік - жаңа құны бар нәрсенің құруының процессі, ал кәсіпкер осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы.
• 1988 жылы М.Алле - Кәсіпкер нарықтық жағдайда ұйымдастырылған шарушылықта жетекші роль алады.
• 1993 жылы Т.Ю.Горьков - Кәсіпкер- бұл бизнесте негізгі фигура, ол өзіне өндірістін барлыө факторларын біріңғай шаруашылық үрдіске біріктіру міндетін қоя
Үлкен экономикалық сөздікте - Кәсіпкерлік - бұл пайда алуды мақсат еткен ұйымдық - құқықтық формасымен белгіленген шектеулі азаматтардың және олардың бірлестіктерінің инициативті және дербес әрекеті - деп анықтама берілген.
Кәсіпкерлік субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғам, шаруашылық ассоциациялары және де басқа да әр түрлі бірлестіктер.
• Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтері:
1. Жалпы экономикалық
2. Ресурстық
3. Өнерлі-іздеушілік
4. Әлеуметтік
5. Ұйымдық (ұйымшылдық
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері
-шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі
-экономикалық қызығушылық
-шаруашылық тәуекел және жауапкершілік Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты.
Кәсіпкерлік ойлау жүйесі және этикасы
Таным - ақыл-ой қызметтерін, ақыл-ой процесстерін (ойлау процессі) және адамның психикалық (менталдік) жағдайын сипаттауға қолданылады.
Кәсіпкерлік танымды - мүмкіндіктерді бағалау, венчур құру және өсіру барысында бағалау, пайымдау, шешім қабылдау үшін қолданылатын білім құрылымы дейді
Метатаным - кәсіпкерлердің өздігінен оқу және проблемаларды шешу стратегияларын өздігінен қолдануы.
Бейімделген таным - кәсіпкерлік әрекеттердің қажет нәтижелерге жетуі . Когнитив процессі - Түпкі сұраққа жауап таңдау процессі (яғни белгілі бір кәсіпорынның стратегиясын таңдау)
Метакогнив процессі - Кәсіпкердің кәсіпкерлік тапсырманы қалай орындайтыны туралы жауап таңдауы.
Метакогнитивтік - кәсіпкердің балама стратегиялар жиынтығынан нақты стратегияны таңдағанын зерттеу емес, керісінше, кәсіпкерлік тапсырманың өзін анықтауға алып келген жоғарыдеңгейлі когнитив процессті зерттеуі.
Кәсіпкер деген кім?
Бизнес (кәсіпкерлік) ойлау - ойлаудың түрі, адам кез келген жерде ақша (пайда) табу мүмкіндігін табу қабілеті.
Кәсіпкер - ерекше оптимист, шынайы құштарлыққа бейім, табанды, еңбекқор, өзінің ісіне адал тұлғалар.
Кәсіпкерге тән сипаттар: сенім, төзімділік, табандық, энергия, күш-жігер, тапқырлық, есептелген тәуекелге бел буу мүмкіндігі, динамизм, көшбасшылық, оптимизм, қол жеткізу қажеттігі, әмбебаптық өнім, нрық, техника туралы білім, креатив, өзгелерге ықпал ету мүмкіндігі, адамдармен жақсы қарым қатынас жасау қабілеті, бастама, икем, интеллект, нақты мақсаттарға бағдарлану, қиындықтарды қабылдай білу, тәуелсіздік және т.б.
Этика
Этика - гректің «ethos» сөзінен шыққан, әдет-ғұрып немесе мінез құлық тәртібін білдіретін философиялық шама.
Этикалық сананы қалыптастыру - кәсіпкердің жауапкершілігі.
Этикалық процесс және құрылымдар рәсімдерге , позициялық мәлімдемелерге негізделген, көпмәнділікті болдырмау үшін қабылданған этикалық мақсаттарды жариялайды.
Институттық қағидалар қалыптастыру - кәсіпкердің этикасын кәсіпорынның экономикалық мақсатына қосудағысаналы қадам
Кәсіпкерлік стратегиялардың мәні және мазмұны
Инновация
Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолданудықұрудың комплекстік үрдісі немесе ғылыми - техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы.
Жаңалық - қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарлату бойынша фундаменталды, қолданбалытәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады.
Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу, патенттер, тауар белгісі, рационализаторлық ұсыныстар, жаңа немесе өндіріс процесі құжаттарыұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар, ноу-хау және т.б.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуықажет:
- талдау және қолдау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі
- критерийді анықтаудың сандық мүмкіндігі
- ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы.
Венчурлік топ дегеніміз - ғылыми зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен, және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқыкелісім шарттар бойынша жаңа еңгізілімдер жасауымен айналысатын шағын кәсіпорындық топ.
Инновациялық топ - жаңа ұйымның меншігін формалық тұрғыдан құрып, оны бөлісетін екі және одан да көп адамдардан тұрады.
Инновациялық саясат
ҚР 2002 жылы «Инновациялық қызмет туралы» заң қабылданды. Бұл заңның негізінде
Инновациялық саясат - мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі, әлеуметтік - экономикалық саланы дамытуда атқаратын негізгі рөлін анықтауға болады.
Инновациялық саясаттың басты мақсаты - отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осыарқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |