Негізгі бөлім Педагогикалық менеджмент жүйесі туралы түсінік



Дата11.12.2023
өлшемі18,55 Kb.
#136944
Байланысты:
пед менед


ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Педагогикалық менеджмент жүйесі туралы түсінік.
Педагогикалық менеджмент жүйесін қамтамасыз ететінг факторлар.
Педагогикалық менеджмент жүйесінің құрылымы
Қорытынды


"Менеджер – жоспарлайтын және шешім қабылдайтын адам, қаржы, материалдық және ақпараттық ресурстарды ұйымдастыратын, басқаратын және бақылайтын тұлға".
Бұл – "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" атты бағыт бойынша аударылған Рикки У.Гриффиннің "Менеджмент" оқулығына кіріспе тарауларда "менеджер" сөзіне берген анықтамасы. Жалпы менеджмент дегеніміз не? Менеджмент - басқару функцияларын іске асыратын сала. Жалпы түсінік бойынша қарастырар болсақ, белгілі бір ортаны кез-келген бағыттан басқару және сол ұжымның жауапкершілігін мойыныңа жүктеу. Нақты ғылымға сүйенер болсақ, менеджмент, яғни, басқару үдерісі негізгі 4 қызметтен тұрады. Олар:
- жоспарлау мен шешім қабылдау;
- ұйымдастыру;
- жетекшілік ету;
- бақылау.
Жоспарлау мен шешім қабылдаудың аты айтып тұрғандай, қызметі белгілі. Бұл жерде басқарушы ұжымның атқаратын қызметін жоспарлап, сол жоспар бойынша нақты қадамдар жасауға шешім қабылдайды.
Ұйымдастыру қызметі басшының ұжымның ішкі және сыртқы ахуалын түзетеді.
Жетекшілік ету –бұл бағытқа басшының ұжым қызметкерлерімен қалай кері байланыс орнататыны, оларды ынталандыру секілді әрекеттер кіреді.
Бақылау үдерісі – ұжым қызметкерлерінің еңбегін қадағалау, сонымен қатар, ұжымның еңбек өнімділігін, алға жылжу проуесін бақылау және өзгерістер бойынша дер уақытында шаралар қолдану.
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып « қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіріп,кейін адамдар арасында қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми атауы болып қолданыла бастады. Басқару ұйымдастыру дегенде біз басшының қызметкерден бір саты жоғары тұрып оны басқаруы ойымызға келуі мүмкін. Алайда Ю.А. Конаржевский менеджментті басқарудың жаңа философиясы ретінде қарастырып, əкімшілік-бұйрықтық жүйе емес, басқарудың жұмсақ жүйесі, жетістік формуласы тұрғысында анықтама береді.
Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешені жəне педагогикалық жүйені басқару: жоспарлау, реттеу, бақылау, басшылық жасау, ұйымдастыру Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды: адамның жеке басының беделін құрметтеу, құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау; адамға сену, оның өзін – өзі тануы жəне мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау; өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру; бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру; жетістікті, мектеп ісіне əркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
Педагогикалық менеджмент құраушы негізгі факторлар: іс-әрекет субъектісі(директор, директор орынбасары, оқытушы т.б), іс-әрекет объектісі(жетекшінің айтқанын орындаушы:оқушы,студент т.б), іс-әрекет мазмұны(оқу,басқару т.б), іс-әрекет қабілеті(оқытушы мен оқушының, оқушының оқушымен арақатынасы)
Педагогикалық менеджменттің негізгі құрылымдары: білім беру компоненті, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, оның оқыту үрдісін басқарудың əдістері, тəсілдері, формалары, құралдары, ұстанымдарымен байланысын ұсынады; мотивациялық компонент, біріккен еңбек үрдісіне жекелеме қатысушыларға мақсат қоюды ұсынады; когнитивті компонент, корпоротивті ойлауды дамыту əдісі ретінде педагогикалық білімді танытып, түсіндіруді ұсынады; əрекеттік компонент, ғылыми педагогикалық тəсілдерді білім беру концепциялары мен адамдық фактор аясында қолдануды ұсынады; шығармашылық компонент, педагогикалық əрекет мақсат қойып, оған жету тəсілдерін таңдап, қолдануда шығармашылық сипатқа негізделетінін ұсынады; ақпараттық (конативті) компонент, ақпаратты педагогикалық əрекеттің пəні ретіндегі сипатта анықтауды ұсынады; интегративті компонент, оның көмегімен оқыту үрдісін басқару функциясы мақсат қою, оған қол жеткізу білім беру үрдісі субьектілерімен бірге жасалады. Педагогикалық жүйе келесі компоненттерден тұрады: мақсаттың болуы - мазмұнының толықтығы - ұйымдастыру (əдістер, формалар)- ынталандыру (мотивация)- күтілетін нəтиже. Педагогикалық жүйенің осы құрылымдары басқарудың жеке обьектісі болып саналады.Педагогикалық менеджменттің басты мəні осы құрылымдарды өзара байланыста қарастыра отырып, оларды жоғары тиімді нəтижеге ортақ қол жеткізуге бағыттау.
Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен карау негізі
қаланған.Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды
дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің
сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы(ағартушылық,құзырлылық,зерттеушілік мәдениеті).
Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылык пен белсенділігін басқару болып табылады. Осы орайда Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып
табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет.
1.Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ыкыласпен мойындаңыз және
мақтаудан бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама тҥрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мҥмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның ҥмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді.
Қорытындылай келе, басқару - өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болады. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асрылып келеді, алайда қазіргі кездегі менеджмент әкімшілік-бұйрықтық жүйе емес, жағымды атмосферада адамдарды басқару жүйесі.
Пайдаланылған ресурстар:
«Педагогикалық менеджмент» Ш.Х.Курманалина, С.М.Бахишева, Н.Н.Дəулеткалиева, Н.Ж.Архыматаева. Оқу құралы. – Астана 2018 ж.
https://qamshy.kz/article/48387-griffinninh-meneddgment-kitabyna-sholu-basqarudynh-manhyzdy-qaghidalary

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


БАЯНДАМА
Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты

Орындаған: Абуова А.Ж.


Тексерген:Есенова Г.
Ақтөбе 2023 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет