Эссе тақырыптары шығарманың ерекшелігіне, эссе түрлеріне қарай әртүрлі құрылады «М.Әуезовтің «Абай жолы»



бет1/5
Дата11.12.2022
өлшемі173,89 Kb.
#56547
  1   2   3   4   5

Эссе тақырыптары шығарманың ерекшелігіне, эссе түрлеріне қарай әртүрлі құрылады

«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» бөліміндегі кейіпкер Абайдың елге сағынышын жеткізудегі автор тәсілдерін талдап жаз».

Әдеби-талдау эссе автор қолданған тәсілдерді тауып, талдап жазады. Автор кейіпкер Абайдың ауылына деген сағынышын оқырманына баяндау, суреттеу, сипаттау әлде монолог, жанама мінездеу немесе тағы басқа қандай тәсілдерді қолдану арқылы жеткізді. Ол қаншалықты сенімді әрі ұтымды болды. Оқырманын әсерлендіре алды ма? Осы сияқты әртүрлі сұрақтар төңірегінде ойланып, талдай отырып жазады.

«М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Қодар мен Қамқа оқиғасын автор неге «Қайтқанда» бөліміне енгізді?»

Әдеби-сыни эссе. Автордың бұл бөлімге осы оқиғаны не үшін енгізгені туралы айтқан ақпараты жоқ. Эссе жазушы сыни көзқараспен талдай отырып жазады. Ол үшін «қайтқанда» сөзінің қолданысы туралы талқылау жүргізеді. Оның лексика-семантикалық қолданысына тоқталады. Кіріспе бөлімін осы сөзді талқылаудан бастап, соңында тезис шығарады. Бөлімнен нақты аргументтер келтіре отырып, эссе тақырыбына жауап береді.

«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы және сол дәуір туындыларындағы кедейлер өмірі - авторлардың кедей табына деген жанашырлығы».

Әдеби-синтез эсседе бірнеше туындылардағы кедей мәселесінің көтерілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады. Өзіндік көзқарасы тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргізеді. Синтез эссе – бірнеше ресурстардан ақпаратты синтездеп, бір тақырып немесе бір ойды қорғап жазылатын эссенің түрі. Синтез эссенің тақырыбы бірнеше байланысы бар ресурсты қолдануға болатындай ауқымды болуы керек. Дегенмен байланысы жоқ ресурстар қолданылатындай да тым жалпылама тақырып та болмауы қажет.

«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Қодар мен Қамқа оқиғасына шығарған Құнанбай үкімі дұрыс па?»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет