Ф 03-01 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-лекция Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері



бет4/11
Дата28.10.2022
өлшемі401,13 Kb.
#45924
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4-лекция
Қазіргі журналистиканың деонтологиясы және құқықтық негіздері
Біз журналистиканың қоғам, халық алдындағы жауапкершілігі туралы жиі айтамыз. Ол журналистиканың дамуына, оның қоғам өміріндегі ролінің арта түсуіне тікелей байланысты. Оның үстінде халықаралық аренадағы ділдік, тілдік, экономикалық және саяси бәсекелестік қазіргі кезде жасампаздық, мәдени пікірлесу сипатынан алыстап бара жатқан сияқты. Осындай жағдайда журналистердің кәсіби дайындығы және оның ұлт, қоғам алдындағы міндеті барынша айқындала түседі. Уақыттың өзі ақпараттық кеңістіктегі журналистика табиғатына жиі‑жиі өзгеріс енгізіп отырады. Осындай аумалы‑төкпелі кезеңдерде кәсіби журналист өзінің қоғам алдындағы борышын естен шығармаса, ол өзінің міндетін дұрыс түсінгені. Бұл жалпылық мәні бар талаптар. Ал ісі жүзінде журналист редакция алдында, журналистер қауымдастығы алдында, бүкіл қоғам алдында жауапты. Бұл жауапкершіліктің деңгейі журналистің өз міндетін атқару процесі кезінде көрінеді.
Журналист парызын орындау барысындағы жауапкершілік проблемасы деонтология принциптері мен нормаларында көрсетілген. Деонтология (грекше deon – лайықты, logos – ілім) – журналистің кәсіби парызын сипаттайтын көзқарастар жүйесі. Ондай жүйе өздерінің кәсіби қызметіне орай адамдармен жұмыс істейтін дәрігерлерде, заңгерлерде, оқытушыларда, бизнес өкілдерінде де бар. Шығармашылық салаға ден қойған, журналистік корпусқа өз еркімен кірген адам мойнына ауыр міндет артады, үлкен жауапкершілікті алып жүруге бейіл береді.
Жауапкершілік – бұл кәсіби борыштың көрінісі, өз ұстанымыңды, қызметіңді және шығармашылық нәтижеңді қажеттілікке лайықтау.
Сондықтан журналист әрдайым кәсіби қиындықтарды жеңіп шығуға дайын болуы керек. Ойсыз, бейсауат қадам оның өзін де, сөз етіп отырған адамын да орға жығуы мүмкін. Сондықтан қаламгер медиктердің «Primum non nocere» («Ең алдымен зиян тигізбе») деген принципін басшылыққа алуға тиіс.
5-6- лекция
Журналистиканың принциптері мен ұстанымдары
Журналист табиғи ортада, қоғамдық жүйе аясында жұмыс істейді. Адамзат эволюциясы нәтижесінде адамияттық, демократиялық көзқарастар жетіледі, қалыптасады. Адам баласының осы қасиеттерін журналистика, журналистер ежелден өз бойларына сіңіріп, оны кәсіби принципке айналдырды. Оны ар-ождан кодексі десе де болады. Арлылық, ұлтжандылық, жалпыадамзаттық гуманистік ұстанымдар – журналистиканың өмірлік серігі. Сондықтан журналист мамандығының бойында жалпадамзаттық мән-мағына мен пішін бар. Ұлт туын көтерген АҚ‑ның, әр қаламгердің ақпарттық кеңістіктегі белсенділігі неғұрлым мықты болса, онда журналистиканың қоғамдағы ролі де арта түседі. Осындай пәрменділік пен ықпалдылық күшейген сайын, ол процесс кей кландар мен топтарға ұнай қоймайды, олар әртүрлі жолдармен баспасөздің өзін сын нысанасына айналдыра бастайды. Сондықтан журналистика саласында қызмет істеп жүрген шығармашылық тұлға белгілі бір принциптерді ұстануы керек, әлеуметтік зәру мәселелерге байланысты табандылық пен принциптілік үлгісін көрсетуі қажет.
Принциптер журналистиканың туа біткен қасиеті емес, ол тарихи тәжірибенің арқасында жинақталады да БАҚ жүйесі құрылымына бірте-бірте енгізіледі. Журналистика принциптерінің идеялық-әдіснамалық және күнделікті жүріс-тұрыстық деңгейін атап көрсетуге болады. Біріншісі журналистің қалыптасқан кәсіби сана-түйсігінің биігін аңғартса, екіншісі журналистің заң нормаларында көрсетілмеген жүріс-тұрыс стилін байқатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет