Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында


БИДАЙ САРЫ ТАТЫН ЖІКТЕЙТІН АМЕРИКАНДЫҚ СОРТТАРДЫҢ



жүктеу 4.01 Mb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата18.03.2017
өлшемі4.01 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

БИДАЙ САРЫ ТАТЫН ЖІКТЕЙТІН АМЕРИКАНДЫҚ СОРТТАРДЫҢ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СИПАТТАМАСЫ 
 
Ж.С.Тілеубаева – б.ғ.к., аға оқытушы, Қ.Д.Маселбаева – ізденуші,  
Қ.А.Асқарбаева – оқытушы. (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Оңтүстік  Қазақстан  жағдайында  алғаш  рет  америка  сары  тат  сорт 
жіктегіштері зерттелінді. Жіктегіш сорттардың ауруға тӛзімділігі жасанды індет аясында 
ӛсімдіктердің вегетациялық кезеңдерде бағаланды.  
Түйін сӛздер: Сары тат, Питомник, Тӛзімділік, Сары тат сорт жіктегіш, Зақымдану. 
Сары  тат  (қоздырғышы  -  Puccinia  srtriiformis  f.  sp.tritici)  әлемде  бидай  ӛсірілетін 
барлық егістік аймақтарда кең таралған қатерлі ӛсімдік ауруы.   
Сары  тат  ӛсімдіктің  жапырақ  тақтасын  зақымдап,  ассимиляциялық  әрекетін 
нашарлатады,  осы  себептен  физиологиялық  процестері  бұзылып,  масақ  ұзындығы 
қысқарады, бидай масағындағы масақшалар саны, масақтағы дән саны, дән мӛлшері және 
салмағы  азайып,  бидай  сапасы  және  егін  түсімі  кемиді.  Ӛсімдіктің  тіршілікке 
қабілеттілігін  тӛмендетеді  немесе  оның  функцияларын  бұзады.  Осының  салдарынан 
ӛсімдікте  ассимиляция  процесі  бұзылады,  тамыр  жүйесінің  дамуы,  масақтағы  масақша 
саны, масақтағы дән саны, дән массасы, сабақтың беріктігі кемиді, құрғақшылыққа және 
қысқа тӛзімділігі тӛмендейді [1].  
Сонымен  қатар  зақымдану  салдарынан  ӛсімдік  бойы,  сабағының  жуандығы  және 
тамырының  дамуы  қысқарады,  нәтижесінде  тамырдың  қоректік  заттарды  топырақтан 
сіңіруі  қиынға  айналады.  Індет  неғұрлым  күшті  болғанда  зақымданған  жапырақ  күні 
бұрын ӛліп қалады, ӛсімдіктің ӛсуі және дән түзуі тӛмендеп, егін түсімінің кемуі 70-80%- 
ке жетеді [2].  
Дән  ӛнімінің  қатты  кемуі  сары  таттың  сабақты  зақымдануынан  туындайды.  Әдетте 
бұған  жапырақтың,  жапырақ  түтікшесінің,  масақ  қабықшасының  және  масақ 
қылтанағының  зақымдануы  бастама  береді,  масақ  астындағы  сабақтын  зақымдалуы  егін 
түсімінің  жойылуына  дейін  әсерін  тигізеді  [3,  4].  Тат  ауруларынан  ӛсімдікті  қорғаудың 
экологиялық  жағынан  таза,  экономика  жағынан  тиімді  әдісі  бұл  ӛндіріске  тӛзімді 
сорттарды  ендіру.  Селекцияда  жетістіктерге  жету  үшін  патоген  расасына  немесе  тұтас 
популяциясына қарсы тиімділігі жоғары тӛзімді генді білу керек, сонымен қатар ол геннің 
ұзақ сақталуы жиі қадағаланып тұру қажет [5].  
Материалдар  және  әдістер.  Зерттеу  материалдары  ретінде  америка  сары  тат  сорт 
жіктегіштері  пайдаланылды.  Тәжірибе  институттың  тәжірибелік  танап  жағдайында 
жүргізілді. Танаптық жағдайда әр сорт  тӛрт қатардан ені  1м, қатар арасы 20 см болатын 
мӛлтектерге  қолмен  егілді.  Әр  питомниктің  шеткі  жағасына  індет  кӛзі  ретінде  Богарная 
56,  Стекловидная  24  және  ауруды  қабылдағыш  сорт  Morocco  егілді.  Түптену  фазасында 
бидай сорттарына бүрку әдісі бойынша сары тат уредоспорасы жұқтырылды. Сары татпен 
зақымдануды есепке алу бақылау сорттарында ауру дамыған кезде Гасснер және Штрайб 
кӛрсеткіші бойынша ұпаймен, Петерсон кӛрсеткіші бойынша пайызбен (%) жүргізілді.  
Нәтижелер  және  талқылаулар.Танап  жағдайында  американдық  доктор  Ченнен 
келіп  түскен  сорт  жіктегіштердің  ӛсімдіктің  вегетация  кезеңдерінде  сары  тат  аруына 
тӛзімділігі  зерттелінді.  Зерттелінген  сорт  дифференциаторлар  арасынан  Paha  (Yr  Pa1,  Yr 

174  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Pa2,  Yr  Pa3),  Druchamp  (Yr3a,  Dru1,  Dru2,  HTAP),  Riebesel  47/51  (Yr9),  Produra  (Yr  Pr1, 
Pr2)  дамудың  барлық  кезеніңде  ауру  қоздырғышқа  иммунды  болды.  Түптену  және 
сабақтану кезінде тӛзімді болған Heines VII (Yr2, Yr HVII), Moro (Yr10, Yr Mor), Yamhill 
(Yr2,  Yr4a,  Yr  Yam),  Tyee  (Yr  Tyee),  Tres  (Yr  Tr1,  Yr  Tr2)  сорт  жіктегіштер  масақтану 
кезінде  сары  татпен  2/10-2/40  орташа  тӛзімділік  деңгейінде  зақымданды.  Lemhi  Yr21, 
Chinese 166 (Yr1), Lee (Yr7, Yr22, Yr23), Express (HTAP resistance), Yr8, Yr9, Compair (Yr8, 
Yr19) сорт жіктегіштерінің масақтану кезінде патогенмен зақымдануы 3/40-3/80 кӛрсеткіш 
деңгейін  қамтыды.  Fielder  (Yr6,  Yr  Fie)  және  Hyar  (Yr17)  дамудың  барлық  кезеңінде 
ауруға тӛзімсіздік байқатты. Бұл сорт жіктегіштерінің сары татпен зақымдануы масақтану 
кезінде 4 балл, 80-90% болды (1-кесте,1-сурет).   
 
1-кесте 
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
тҥптену
сабақтану
масақтану
за
қ
ым
да
н
уы,
 %
даму кезеңдері
1- Сурет. Америка сары тат сорт жіктегіштерінің даму кезеңдері  аурумен 
зақымдануын анықтау
Lemhi
Chinese 166
Moro
Yamhill
Lee
Fielder
Tyee
Tres
Hyar
Express
Yr9
Compair
 
Американың бидай сары тат сорт жіктегіштерінің ауруға тӛзімділігін 
анықтау 
Аталуы 
Ген 
Зақымдану типі және деңгейі, балл/ % 
түптену 
сабақтану 
масақтану 
Lemhi 
Yr21   

2/5 
3/50 
Chinese 166  
Yr1 
2/5 
3/40 
3/70 
Heinese VII  
Yr2, Yr HVII 
1/5 
2/5 
2/40 
Moro  
Yr10, Yr Mor 
2/10 
2/20 
2/20 
Paha  
Yr Pa1, Yr Pa2, Yr Pa3 



Druchamp 
Yr3a, Dru1, Dru2, HTAP 



Riebesel 47/51  
Yr9 



Produra 
Yr Pr1, Pr2  



Yamhill  
Yr2, Yr4a, Yr Yam 


2/10 
Stephens 
Yr3a, Ste1, Ste2, HTAP 


1/5 
Lee  
Yr7, Yr22, Yr23 
3/10 
3/60 
3/80 
Hyar  
Yr17 
3/10 
4/70 
4/80 
Express  
HTAP resistance 

2/5 
3/40 
Аталуы 
Ген 
Зақымдану типі және деңгейі, балл/ % 
түптену 
сабақтану 
масақтану 
Fielder 
Yr6, Yr Fie 
3/5 
4/70 
4/90 
Tyee  
Yr Tyee 


2/40 
Tres 
Yr Tr1, Yr Tr2 
1/5 
2/10 
2/20 
Yr 8 
Yr8 from Compair in Avocet 

3/50 
3/70 
Yr 9  
Yr9 from Clement in Avocet 

3/40 
3/60 
Clement   
Yr9, Yr Cle 


1/5 
Compair    
Yr8, Yr19   


3/40 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 175
 
Зерттеу  нәтижесінде  бидай  сары  тат  сорт  жіктегіштерінің  даму  кезеңдері  аурумен 
зақымдануы  анықталынды.  Paha  (Yr  Pa1,  Yr  Pa2,  Yr  Pa3),  Druchamp  (Yr3a,  Dru1,  Dru2, 
HTAP),  Riebesel  47/51  (Yr9),  Produra  (Yr  Pr1,  Pr2)  сорт  жіктегіштер  барлық  кезеңдерде 
ауруға иммунды болды. Бұл аталған сорт жіктегіштерді селекцияда тӛзімділік кӛзі ретінде 
пайдалануға ұсынуға болады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Н.В.Ступина, Ю.В.Лобачев, С.Н.Сибкеев Генетический метод защиты яровой 
мягкой пшеницы от листовой ржавчины. // Вопросы биологии, экологии, химии и 
методики обучения / Сарат. гос. ун-т, 2005 в.8. -С 57-607. 
2.  А.С.Кайдаш,  В.И.Бессмельцев,  М.В.Добрянская Возможные потери  урожая зерна 
озимой  пшеницы  от  желтой  ржавчины  (Puccinia  stiformis  West.)  //  Микология  и 
фитопатология. - 1976, Том 10, Выпуск 6. – С.509-511. 
3.  А.С.Кайдаш,  В.П.Шинкаарев  Обоснование  краткосрочного  прогноза  желтой 
ржавчины для сортов озимой пшеницы. Микология и фитопатология. 1972, Том 6, Выпуск 
1.-с.13-17. 
4.  А.Х.Хахимов,  М.И.Рашидов  и  др.  Желтые  ржавчины  пшеницы  в  Узбекистане. 
Защита и карантин растений, 2002. №7. – С.36-37.  
5. М.Койшибаев Особенности развития желтой ржавчины и пятнистостей листьев на 
озимой  пшенице  в  Центральной  Азии.  //  1-я  Центрально-Азиатская  конференция  по 
пшенице. – г. Алматы. 10-13 июня 2003 г. – С.281. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  работе  методом  фитопатологического  исследования  у  американских  сортов 
дифференциаторов  озимой  пшеницы  идентифицировано  4  гена  устойчивости  к  желтой 
ржавчине:  Paha  (YrPa1,  Yr  Pa2,  Yr  Pa3),  Druchamp  (Yr3a,  Dru1,  Dru2,  HTAP),  Riebesel 
47/51  (Yr9),  Produra  (Yr  Pr1,  Pr2).  Указанные  сорта  являются  ценными  донорами  для 
селекции на иммунитет в условиях Казахстана.  
 
SUMMARY 
 
The  article  deals  with  4  genes  of  stability  identified  the  yellow  blight  of  American  sorts 
differentiators of winter wheat the method of phytopatology research: Paha(Yr Pa1, Yr Pa2, Yr 
Pa3),  Druchamp(Yr3a,  Dru1,  Dru2,  HTAP),  Riebesel  47/51(Yr9),  Produra(Yr  Pr1,  Pr2).  The 
indicated sorts are valuable donors for a selection on immunity in the conditions of Kazakhstan. 

176  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
 
Э К О Л О Г И Я 
 
 
ӘОЖ 502.1(574);581.524 
МЫСТЫҢ ZEA MAYS ӚСІМДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН 587 ГИБРИДІНІҢ ӚСУІ МЕН 
БИОМАССА ЖИНАҚТАУЫНА ӘСЕРІ  
 
Д.З.Абильмажинова – магистр, оқытушы, Г.С.Шыныбекова – магистр, оқытушы  
(Алматы қ., Қазмемқызпу). 
 
Аннотация:  Мақалада  мыстың  Zea  Mays  ӛсімдігінің  Қазақстан  587  гибридінің  ӛсуі 
мен биомасса жинақтауына әсері жайлы айтылған. 
Түйін  сӛздер:  пестицид,  концентрация,  ауыр  металдар,  гибрид,  биомасса, 
антропоген. 
ХХІ ғасырдың басында ғылым мен техниканың дамуы ӛндіріс орындарының жедел 
ӛсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі 
мен  таралуы  және  олардың  тірі  ағзаларға  әсерін  жүйелі  түрде  зерттеу  ӛзекті  мәселелер 
қатарынан орын алды [1].  
Қоршаған  ортаға  таралған  барлық  зиянды  қалдықтар  түптің  түбінде  топырақты 
ластаушы болып табылады. Мұндай зиянды заттарға күнделікті тұрмыстық қалдықтардан 
бастап  үлкен  ӛндіріс  орындарынан  шығарылатын  барлық  қалдық  түрлері  кіреді.  Ӛндіріс 
орындарынан шығарылатын газды және аэрозольды қалдықтар атмосферадағы су буымен 
қосылып және оттегімен тотыға отырып қышқыл жауын ретінде топыраққа түседі. Ондай 
газдардың  ең  үлкен  үлесі  күкірт  пен  азот  оксидтері  болып  табылады.  Шаң  мен  қатты 
қалдық ретінде шығарылатын заттарды кейде кӛзбен кӛру де қиын емес. Мысалы, қыстың 
күндері ӛндіріс орындарының маңында ақ қардың бетінен қара түйіршіктермен ластануы 
жиі байқалады және сонымен қатар, үлкен жолдың маңында да дәл осындай кӛріністерді 
аңғаруға  болады.  Әсіресе,  жазда  ӛсімдік  жамылғысының  жапырағында  шаң  мен  қатты 
аэрозоль  түрінде  қонған  лас  заттар  усьтица  арқылы  ӛсімдіктерге  сіңіріледі.  Ал,  күзде 
ӛсімдік  қурағанда  барлық  лас  заттар  кері  топыраққа  араласады.  Осындай  жолдармен 
ластанған  жердің  литосфера  қабаты  қазіргі  кезде  ғалымдарды  алаңдатып  отыр.  Себебі, 
әртүрлі  жолдармен  түскен  улы  заттар  қоректік  тізбек  арқылы  адам  денсаулығына  кері 
әсерін тигізеді [1.2].  
Қазіргі  кезде  осындай  техногенді  ластанған  аудандарда  әртүрлі  аурулардың  пайда 
болуы  мен  қозуы  жиі  байқалады.  Ғылыми  деректерге  сай,  трофикалық  байланыстар 
арқылы  адам  ағзасы  тағам  ӛнімдерінен  40-50%,  судан  20-40%,  ауадан  20-40%  улы 
заттарды қабылдайды [3].   
Ластанған  қоршаған  ортаны  қалпына  келтірудің  физикалық,  химиялық  және 
биологиялық  жолдары  белгілі.  Олардың  ішінде  физикалық  немесе  химиялық  жолмен 
тазарту  ӛте  тиімсіз.  Жоғарыда  келтірілген  әдістердің  ішінде  ең  тиімдісі  –  биологиялық 
әдіс.  Әсіресе,  ластанған  ортаны  ӛсімдіктер  кӛмегімен  қайта  қалпына  келтіру  жолдарын 
жасау соңғы жылдары аса қарқынды дамуда [5].  
Ауыр  металдар  ағын  суларда,  металл  ӛндіруші  ӛндірістің  маңайында  топырақта, 
тастанды қазба орындарында, қалалық қоқыс тастайтын жерлерде  және тұрып қалған су 
қоймаларында  кӛп  мӛлшерде  кездесіп,  қоршаған  ортаны  ластайды.  Қазақстанның  егін 
шаруашылығы мен жайылым жерлерінің үлкен кӛлемі ауыр металдармен ластанған [4].   
Ӛндіріс  орындарынан  бӛлінген  экотоксиканттар  метерологиялық  фактордың 
әсерінен    атмосферада,  суда  және  топырақта  кең  таралып,  тірі  организмдердің  тіршілік 
әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуін, жиналуы мен 
миграциясын  зерттеу  олардың  тірі  организмдеріне  әсерін  дұрыс  бағалауға  мүмкіндік 
береді.  Қазіргі  кезде  барлық  табиғи  орталарда  бақыланып  отырған  ластаушы  химиялық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 177
 
заттардың негізгілерінің бірі ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық 
активтілігіне  байланысты.  Сонымен  қатар,  олар  органикалық  қосылыстар  сияқты 
ӛзгеріске ұшырамайды (трансформацияланбайды), биохимиялық айналымға түскенде ұзақ 
сақталады [5].  
Ауыр  металдардың  топырақта  кӛп  мӛлшерде  болуы  оларға  сезімтал  түрлерінің 
жойылуына  және  белгілі  бір  аймақтағы  ӛсімдіктердің  азайып  кетуіне  әкеледі.  Ауыр 
ӛндіріс  орындарының  дамуына  байланысты  табиғатта  «техногенді  аймақтар»  пайда 
болады. 
Қазіргі кезде дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелерінің бірі  – пестицидтерден 
кейін  ауыр  металдардың  тірі  ағзаларға  улы  әсерін  әлсірету  болып  табылады.  Ауыр 
металдардың  қоршаған  ортаға  таралуы  тек  табиғи  жағдайда  ғана  емес,  сонымен  қатар 
антропогенді  жолмен  де  қарқынды  түрде  жүзеге  асуда.  Олардың  қатарына  ӛндіріс 
қалдықтары, тау-кен ӛндірісі, транспорт, қара және түсті металл ӛндіру, құрамында ауыр 
металл кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтарын (ЖЭО) 
жатқызуға болады [4].   
Ауыр  металдармен  ауаның,  судың,  топырақтың  ластануы  Қазақстанның  ірі  ӛндіріс 
орталықтарында  да  экологиялық  ӛзекті  мәселе  болып  саналады.  Мысалы,  Семей 
қаласының ӛндірістік орындарына жақын маңындағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр 
металл концентрациялары қалыпты жағдайдағы топырақпен салыстырғанда мырыш – 7,4, 
қорғасын  –  9,9,  мыс  –  3,8,  кадмий  –  13,3,  марганец  –  1,3,  кобальт  –  2-3,5  есеге  дейін 
жоғарылаған [5].  
Біздің зерттеуіміздің мақсаты Қазақстанда кең таралған жүгері  гибридінің ӛсуі  мен 
биомасса жинақтауына мыстың әсерін анықтау. 
Зерттеу  материалдары  мен  әдістері.  Зерттеу  объектісі  ретінде  жүгері  ӛсімдігінің 
Қазақстан  587  гибридінің    дәндері  алынды.  Ауыр  металл  ретінде  мыстың  (Сu)  әртүрлі 
(25мг/л, 50мг/л, 100мг/л) концентрациялары алынды. Зерттеу 4 вариант бойынша ылғалды 
ортада  жүргізілді. 1 бақылау варианты, 2 вариант - 25мг/л Сu ионы, 3 вариант – 50 мг/л 
Сu ионы, 4 вариант – 100 мг/л Сu ионына есептелген күкірт қышқылының тұзы алынды. 
Әр вариант үш қайталаумен жүргізілді. 
Зерттеуге  алынған  ӛсімдік  дәндерін  ӛндіруге  қоймас  бұрын,  толық  қалыптасқан 
біркелкі дәндерді іріктеп алып 5-6 қайтара қара сабынмен сумен жуып, 16% сутек асқын 
тотық  ерітіндісінде  15  минут  ӛңдеп,  одан  кейін  тағы  да  бірнеше  қайтара  дистильденген 
сумен жуып, залалсыздандырамыз. Тұқымдар 3 күнге ӛндіруге қойылып, ӛнгеннен кейін 
тәжірибе  ауыр  металсыз  бақылау  варианты  және  мыс  пен  кадмийдің    25мг/л,  50мг/л, 
100мг/л  концентрациялары  бойынша  варианттар  алынды.  Тәжірибе  7  күнге  созылды.  7 
күндік жүгері гибридінің тамыр және сабақ ӛскіндерінің  ұзындықтары сызғышпен, жеке 
мүшелерінің биомасса жинауы электронды таразыда ӛлшенді.  
Зерттеу  нәтижелері.  Кӛптеген  зерттеушілердің  мәліметтері  бойынша  ауыр 
металдардың  әсерінен  тамырдың  ӛсуі  сабаққа  қарағанда  кӛбірек  тежеледі,  тамыр 
түктерінің  саны  мен  құрғақ  биомасса  жинауы  азаяды.  Ауыр  металдардың  әсерінен 
алдымен  меристема  аймағы,  содан  кейін  тамыр  түктерінің  түзілуі  жүретін  созылу 
аймағының  клеткаларында  күрделі  ӛзгерістер  орын  алады.  Ӛсу  корреляциясы  бұзылып, 
апикальды  ӛсуі  мен  латеральды  ӛсу  үйлесімділігі  жойылады.  Соның  салдарынан 
тармақталуы,  бойлай  ӛсуі  тежеліп  қысқа  жуан  тамырлар  түзіледі.  Нәтижесінде  ӛсімдік 
тамырының  жалпы  және  адсорбциялағыш  бетінің  кӛлемі  кішірейеді,  осыдан  барып 
ӛсімдік  біртіндеп  тіршілігін  тоқтатады.  Тамырдың  коректік  заттарды  сіңіру  қабілетінің 
тӛмендеуі бара-бара ӛсімдіктің ӛсуін, дамуын тежеп тіршілігін тоқтатуға дейін әкеледі [3].  
  Келтірілген  мәліметтерді  ескере  отырып  ауыр  металл  мыстың  әр  түрлі 
концентрацияларының  Zea  Mays  ӛсімдіктердің  құрғақ  биомасса  жинақтауына  әсерін 
қарастырайық.  7  күндік  жүгері  ӛсімдігінің  жеке  мүшелер  зерттеу  барысында  1  бақылау 
варианты бойынша сабақтың ұзындығы (7,05 ±0,091 см), ал тамырының ұзындығы (1,85 
±0,084  см)  болды.  2  вариант  (25мг/л  Сu)  бойынша  сабақтың  ұзындығы  (6,25  ±0,043  см) 

178  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
және тамыр ӛскіні (1,8 ±0,055 см) бақылау вариантымен салыстырғанда біршама қысқа. 3 
вариант (50мг/л Сu) бойынша тамыры (1,52 ±0,076 см), сабағының ұзындығы (6,02 ±0,043 
см).  4  вариант  (100мг/л  Сu)  бойынша  байқағанымыз  сабағы  (5,78±0,02  см)  3  вариантпен 
салыстырғанда  сәл  қысқалау  және  тамыр  ӛскіні  (1,46  ±0,084  см)  (1-  кесте  және  1- 
диаграммада  мыстың  7  күндік  жүгері  ӛсімдігінің  Қазақстан  587  гибридінің  ӛсуі  мен  
биомасса жинақтауына әсері айтылған).  
1-кесте 
Тәжірибе 
варианттары 
Тамырдың ұзындығы 
1 ӛсімдік 
тамырының 
құрғақ салмағы 
Сабақтың ұзындығы 
1 ӛсімдік сабағының 
құрғақ салмағы 
мг/л 
см 

мг 

см 

мг 

бақылау 
1,85±0,084 
100 
2,06 
100 
7,05±0,091 
100 
9,17 
100 
25 
1,8±0,055 
97,2 

97,1 
6,25±0,035 
88,7 
7,6 
87,9 
50 
1,52±0,076 
82,2 
1,93 
93,7 
6,02±0,043 
85,4 
6,04 
65,7 
100 
1,46±0,013 
78,9 
1,8 
87,4 
5,78±0,02 
82 
5,02 
54,5 
1-диаграмма 
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
100
тамыр 
ұзындығы
тамырдың 
құрғақ 
салмағы
сабақ 
ұзындығы 
сабақтың 
құрғақ 
салмағы
бақылау
25мг/л
50мг/л
100мг/л
 
Неғұрлым  мыстың  концентрациясын  арттырған  сайын,  соғұрлым  ӛсімдік  тамыры 
кӛптеген  ӛзгеріске  ұшырайды.  Біріншіден,  ӛсімдік  мүшелерінің  ӛсуі  мен  биомасса 
жинақтауына кері әсерін тигізетіндігі зерттеу барысында анықталды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
О.П. Добров Техногенез-мощная геохимическая сила биосферы // Природа. - №11 
– С.87-92. 
2.
 
М.С.Панин  Формы  соединенных  тяжелых  металлов  в  почвах  средней  полосы  
Восточного Казахстана. - Семипалатинск: Государственный университет Семипалатинска. 
– 1999.- 329с. 
3.
 
Э.И.Рудакова,  К.Д.Каракас,  Т.Н.Сидоршина  и  др.  Микроэлементы:  поступление, 
транспо рт и физиологические функции в растениях. – Киев: Наукова. Думка, 1987, С.184 
4.
 
Б.А.Ягодин,  В.А.Говорина,  С.В.Виноградова  и  др.  Накопления  кадмия  и  свинца 
некоторыми  с–х  культурами  на  дерново-подзолистых  почвах  разной  степени 
окультуренности // Известия ТСХА. 1985.- №2.- С.85-86.  
5.
 
С.Анталова  И  др.  Исследоваие  поведения  кадмия  в  системе  «почва-растение»  в 
полевых экспериментах // Поведение паллютантов в почвах и ландшафтах. Пущино, 1990. 
– с.90-96. 
РЕЗЮМЕ 
В статье приведены результаты исследования и влиянии процесса накопления меди 
на рост растения Zea Mays гибрида Казахстанская 587, а также на их сухую биомассу.  
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 179
 
SUMMARY 
The article deals with the  research results  and the influence of the accumulation of copper 
in the growth of the plant Zea Mays hybrid Kazakhstan 587, as well as their dry biomass. 
 
 
 
ӘОЖ 581.5 
ЕМЕН, АРША, АКАЦИЯ ӚСІРУДІҢ АРЗАН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАН 
ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУДЕГІ  
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
К.Н.Жайлыбай – б.ғ.д., профессор, Г.Сыпабекқызы, Ж.Қоңырова,  
У.Ережетова – экология мамандығының 4-курс студенттері  (Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация:  мақалада  Қазақстандағы  бүгінгі  және  болашақ  экологиялық 
проблемалар  қарастырылған.  Экологиялық  жағдайларды  жақсарту  үшін  күшті 
фотосинтездеуші  ағашты  ӛсімдіктерді  (емен,  арша,  акация  т.б.)  кӛптеп  ӛсіру  керек. 
Аталған ағаштарды ӛсірудің ең арзан әдістемесі тұжырымдалған. 
Түйін  сӛздер:  емен,  арша,  акация,  оларды  ӛсірудің  ең  арзан  әдістемесі,  экология, 
ғасыр ішілік табиғи циклдар, Қазақстанда болатын қуаңшылық жағдай. 
Қазіргі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, атмосферадағы оттегі 
түгелімен  ӛсімдіктер  фотосинтезі  нәтижесінде  жинақталған.  Мысалы,  құрлықтағы 
ӛсімдіктер  жамылғысының  фотосинтезі  нәтижесінде  атмосфераға  жылына  280-320  млрд. 
тонна оттегі қосылады. Оның 80-85% мӛлшері биосферадағы тірі организмдердің, соның 
ішінде  адамдардың  тыныс  алуына  жұмсалады  екен,  ал  10%-ы,  яғни  28-32  млрд.  тонна 
оттегі ӛндірісте, транспорттың барлық түрлерінде жағылады. Ал, ӛндіріс, транспорт, ауыл 
шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен  дамитын болса, XXI-ғасырда жылына 58-64 
млрд.  тонна  және  одан  да  кӛп  мӛлшерде  оттегі  жағылып,  пайдаланылады  деген  болжам 
бар.  Нәтижесінде  құрлықтағы  ӛсімдіктердің  фотосинтезі  процесінде  шығарылған  оттегі 
адамзаттың  энергия  алуы  үшін  жағылған  оттегі  мӛлшерін  қайтадан  толтырып,  қалпына 
келтіре  алмайды,  аталған  газ  (оттегі)  мӛлшері  жылдан  жылға  азая  береді.  Егер  аталған 
салаларда энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе оттегінің мӛлшері 21%-дан 8%-
ға  дейін  азаюы  мүмкін.  Бұл  сүтқоректі  жануарларға  ӛте  зиянды  құбылыс,  олар  жаппай 
қырылуы мүмкін. 
Атмосферадағы оттегі мӛлшері 12% болғанда адам есінен танып құлайды. Яғни, бұл 
жағдай  адамзат  тіршілігіне  де  аса  қауіпті.  Адам  баласына  нан,  ет,  сүт,  тағы  басқа  азық-
түлік  қаншалықты  қажет  болса,  оттегі  де  ӛте  керекті  фактор.  Бірақ,  атмосферада  оттегі 
әзірге  жеткілікті  болғандықтан  оны  дефицит,  шектеуші  фактор  деп  есептемейміз. 
Осындайда «алтынның қолда барда қадірі жоқ» деп қазақ айтқан ғой. 
Биосферадағы  және  Қазақстандағы  ауа  бассейнін  жақсартып  тазалау  үшін  адам 
баласының әліде 40-45 жыл уақыты бар. 
Гренландиядағы,  Антарктидадағы,  биік  таулар  басындағы  мұздықтар  жылдам 
ерігендіктен жоғарыда аталған 40-45 жылдың әдепкі 20-25 жылы ішінде кӛктем, жаз, күз 
айларында жауын, ал қыс айларында қар кӛп жауып, тасқын су проблемалары туындайды. 
Кейінгі  2-3  жыл  ішінде  мұндай  жағдайлар  Европада,  Австралияда,  Индияда,  Қытайда, 
Жапонияда, Ресейде, Тынық  мұхит аралдарында және Қазақстанда қыс кезіндегі  қар ӛте 
кӛп  мӛлшерде  жауғандықтан,  кӛктемдегі,  жаздағы  нӛсер  жаңбыр  әсерінен  кӛптеген  елді 
мекендерді тасқын су басып қалды. 
Мысалы,  Ресейдің  Краснодар  (Кубань)  ӛңірінде  2012  жылдың  5-6  шілдесі  күндері 
нӛсер  жаңбыр  (аз  уақыт  ішінде  121-300  мм  жауын  жауған)  әсерінен  кӛптеген  елді 
мекендерді  тасқын  су  басып  қалды,  171  адам  қайтыс  болды,  мыңдаған  адамдар  (30 
мыңдай)  зардап  шегіп,  баспанасыз  қалды.  Жапонияның  оңтүстігінде  нӛсер  жаңбырлар 

180  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
әсерінен  туындаған  су  тасқынынан  240  мың  адам  қоныс  аударуға  мәжбүр  болуда.  Ал  
Қытайда тасқын судан 7 млн-дай адамдар зардап шегуде.  
Осы  кезеңдерде  (2012  жылғы  шілде  айында)  АҚШ-та  екі  аптаға  созылған  аптап 
ыстықтан  77  адам  қайтыс  болды,  техника  істен  шыға  бастады.  Канзас  штатында  қатты 
қуаңшылық  болып,  егіс  алқаптары  қурап  жатыр.  Қазақстандағы  Қызылорда  облысында 
40-45°С ыстық болып тұр. Ақтӛбе, Қостанай,  Ақмола, Маңғыстау облыстарында 35-39°С 
ыстық сақталуда.  
Ғалымдардың  болжамы  бойынша,  ғасыр  ішілік  табиғи  циклдардың  ұзақтығына 
(интервалына)  байланысты  Жер  ғаламшарының  солтүстік  бӛлігінде  климаттың  ылғалды-
салқын фазасы 1978-1979 жылдардан басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді, 2012-
2013  жылдардан  бастап  климаттың  жылы-құрғақ  кезеңі  басталып,  ұзақ  жылдарға 
созылады. Ал, ең қатал, жауын-шашыны аз, ыстық, қуаңшылық жағдайдың максимальды 
әсерлі  кезеңі  2018-2021  жылдары  байқалады  және  2026-2035  жылдарға  дейін  созылады, 
сосын  кезең  аяқталады.  Бұл  табиғи  циклдық  құбылыстың  зиянды  әсері  әлемдік  «жылу 
эффектісі» әсерінен күшейе түседі және уақыт бойынша ұзарады деп күтілуде. Осындай 
циклді құбылыстардың зиянды әсерінен 2012 жылы Қазақстанда 1 млн. гектар егістік ӛте 
тӛмен ӛнім берді.  
Жоғарыда  аталған  40-45  жылдың  кейінгі  20-25  жылында  құрлық  ортасындағы 
жерлерде,  әсіресе  Қазақстанда  ӛте  күшті  қуаңшылық  жағдай  қалыптасып,  тұщы  су 
проблемасы  туындауы  мүмкін.  Бұл  жағдайларды  болдырмау  үшін  Қазақстан 
территориясында  күшті  фотосинтездеуші,  СО
2
-ні  сіңіріп,  кӛп  мӛлшерде  оттегіні 
шығаратын  және  ұзақ  жыл  ӛмір  сүретін  емен,  арша,  акация  т.б.  ағашты  ӛсімдіктерді 
жылда-жылда  кӛптеп  егіп,  ӛсіру  керек.  Нәтижесінде,  ӛте  күшті  қуаңшылық  және  қатал 
континентальды  климатты  жағдайды  болдырмай,  экологиялық  жағдайды  жақсартуға, 
әлеуметтік  шығындарды  (жануарлар,  адам  ӛлімін  болдырмауға)  болады  деп  күтілуде. 
Осыған  сәйкес,  аталған  студенттердің  тікелей  қатысуымен  және  профессор 
К.Н.Жайлыбайдың  жетекшілігімен  Экология  кафедрасында  арша,  емен,  акация,  сирень 
ағашты  ӛсімдіктерді  ӛсірудің  ең  арзан  әдістемесі  тұжырымдалып,  ӛндіріске    енгізілуде. 
Соған қысқаша тоқталамыз. 
Арша.  (Juniperus-можевельник)  −  кипарис  тұқымдасына  жататын  мәңгі  жасыл 
жапырақты  ағашты  немесе  бұталы  ӛсімдік.  Қазақстанда  оның  жабайы  10  түрі  бар,  олар: 
Түркістан аршасы (Juniperus turkestanica), Талас аршасы (Juniperus talassica), Сібір аршасы 
(Juniperus communis), Виргинский аршасы (Juniperus virgiana), т.б. 
Арша  ағашы  жұмсақ,  одан  қарындаш,  домбыра,  бесік  жасалады.  Бұрын  қазақтар 
айран,  қымыз  пісетін  күбіні,  ас  табақтарын  арша  ағашынан  ойып  жасаған.  Арша 
ағашының  иісі  қымыз  иісіне  ұқсас  және  мұндай  табақтарда  микробтар  ӛсіп  дамымайды. 
Арша  биіктігі  10-15  м  болатын,  300-800  жыл  ӛмір  сүретін  ағашты  ӛсімдік.  Жетілген  бір 
аршаның  шығарған  оттегі  мӛлшері  25-30  адамның  бір  жыл  тыныс  алуына  жетеді  екен. 
Сонымен қатар арша бір жыл ішінде 20-25 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады екен.  
 Емен (Quercus-дуб) − шамшат тұқымдасына жататын, күз, қыс айларында жапырақ 
тастайтын ағашты ӛсімдік. Дүние жүзінде оның 450-дей түрі бар. Қазақстанда бір түрі − 
кәдімгі емен (Quercus rober) ӛседі. 
 Емен  биіктігі  30-40  м  болатын,  1000-1500  жыл  ӛмір  сүретін  ағашты  ӛсімдік. 
Жетілген бір емен ӛсімдігінің фотосинтез процесінде бір жылда шығарған оттегі мӛлшері 
40-45  адамның  жаз  бойы  тыныс  алуына  жетеді  екен.  Сонымен  қатар  емен  ағашы  бір 
жылда  30-40  тонна  шаң-тозаңды  залалсыздандырады  және  кӛктемнен  күзге  дейін 
микробтарды жояды екен. 
Ұнтақталған  емен  ағашы  қабығын  медицинада  іш  ауруына  қарсы  қолданады.  Арал 
ӛңіріндегі  аптап  ыстықта  іші  ӛтіп  ауырған  кӛптеген  балаларды  емен  қабығының 
қайнатылған  суы  аман  алып  қалды.  Еменнің  тұқымы  жаңғақ  жабайы  шошқалардың, 
тиындардың,  тағы  басқа  жануарлардың  қорегі.  Егер  емен  жаңғағын  сыртқы  қабығынан 
аршып, ұнтақтап, малға берсе құнарлы жем болады. 
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет