1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет1/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)


1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде
Қарастырылатын сұрақтар:
1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің нысаны, мақсат-міндеттері.
2.« Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны
3.« Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері
Тілді оқыту – студенттерді болашақ мамандығының қыр-сырымен таныстырып, оларды ғылыми-әдістемелік біліммен қаруландырып, өз бетімен кәсіби әрекетін іске асыруға мүмкіндік жасайтын бірден-бір пән. Демек студенттің алған теориялық білімін (тілдің салалары бойынша) іс жүзіне асыруға, келешек мамандығының негізін қалауға мүмкіндік беретін де жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің маңызы зор.
«Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – қазақ тілін оқыту әдістемесі теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:
– Әліппе мен қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;
– оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;
– Әліппе мен қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Пәннің нысаны – бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық құрамдасы ретіндегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны.
Оқу пәнінің өзге ғылым салаларымен байланысы
Әдістеме ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының қарастыратын нысандары бір. Ол – оқыту үрдісі. Айырмашылығы: дидактика білім беру, оқыту үрдісін жалпылама қарастырса, әдістеме жеке пәндерді оқыту заңдылықтарын қарастырады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме ғылымы дидактиканың ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі және бірізді (жүйелілік ұстанымы), материалдың қай бөлігі қай сыныпта өтілуі алдын-ала болжанып (алдын ала болжау ұстанымы), саналы түрде (саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы), өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыру ұстанымы) беріледі. Осыған орай әдістеме ғылымы педагогиканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Әдістеме ғылымы тіл білімімен тікелей байланысты. Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол алдымен тіл білшіміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылу мазмұнын анықтау анықтау әдістеме ғылымының міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына негізделеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексикологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі т.т. деп аталуының өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар-әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар: дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету т.т. әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Әдістеме ғылымы психологиямен тығыз байланысты. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқушының оқу материалын қабылдауы, есінде сақтауы, түсінуі, ойлауының дамуы олардың жан дүниесінің ерекшелігімен байланысты. Осыған орай мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге, жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушылардың психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Сондықтан материалды игертуде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру – ең маңызды мәселе. Оқу бағдарламалары да, оқыту үрдісі де осы факторға негізделіп құрылады. Адамның басты ерекшелігі – сөйлеу қабілеті. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды құралы. Өйткені қарым-қатынассыз қоғам да, оның қозғаушы күші адам да өмір сүре алмайды. Ал қарым-қатынас тек тіл, оның көрінісі сөз арқылы іске асатыны белгілі. Психологиялық тұрғыдан тілді меңгеру – жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі шарты.
Қазақ тілін меңгертудің заңдылықтары мен әдістемелік ұстанымдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет