Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп –интернаты Ғылыми жұмыс “Асық ойындары ” Орындаған: 8“А” сынып оқушылары
Есімсейт Е.Н ,Есенқұлов Ғ.Т
Жетекшісі:Нұғманов Ағыбай Қарынови
Қазақ әдибиет пәні
Қостанай қаласы 2022 жыл
Жоспары: 1 Кіріспе
2
Андатпа: Біз осылай қазақ елінің дамуына және біздің еліміздің танымал болуына көмектеспекпіз . Қазақ елінің дәстүрлі ойындарына жаңа өмір бермекпіз
Анатация: Таким образом, мы будем способствовать развитию Казахстана и популяризации нашей страны . Мы дадим новую жизнь традиционным казахским играм
Аnnotation:
Thus, we will contribute to the development of Kazakhstan and the popularization of our country. We will give new life to traditional Kazakh games
Кіріспе Асық – төрт түліктің малдың және де қоңыр аңдар тілерсегіндегі ,қызметі күрделі , буынға біткен шымыр сүйек.Төрт түлік малдың асығы үлкен кішілігіне қарамастан пішіндес , мүсіндес келеді. Ал жылқы асығының пішіні бөлек келеді. Асық ойынына асық пішіні тікелей байланысты.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.Асық ойыны күн-түнді талғамай ойыналады. Олардың олардың әр қайсысының өз міндеттері бар. Мысалы: Күндіз асық ойнау мергендікке, ал түнгісі-ептілікке баулиды.Асық ойыны – көшпелі елдерде, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-салтында атам заманнан бері келе жатқан ұлттық ойындардың бірі. Асықты ұлдар ойнайтын ойын, бірақ та асықтың қыз балаларға да арналған ойын түрі бар. Қазақ арасында кең тараған асық ойынының түрлері көп-ақ. Асықтар төрт түлік мал және қоңыр аң сүйектерінен жасалады. Олар түрлі түске бояулармен боялып, ірілері сақа етіп алынады. Сақа салмақты болуы үшін кейде әр қырын тесіп, оған қорғасын ерітіп құйған. Асықты жерге иірген кезде ол төрт түрде (алшы, тәйке, бүк, шік) түседі. Асықтың төрт жағы «асықтың төрт тұрығы» деп аталады. Олар төрт түлік малға сай аталады: алшы - «жылқы», тәйке – «түйе», буге (бүк) – «қой», шіге (шік) – «ешкі».
Қай кезден-ақ бала тәрбиесіне ерекше мән берген атам қазақ сәбидің зерек те зерделі, алғыр да тапқыр, ширақ та шымыр болып өсуі үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ойлап тапқан. Соның бірі ұлттық ойындар. Бабаларымыз бала тәрбиесіндегі ойындардың да үлкен рөл атқаратынын аңғарып бала зеректігін арттыратын, зейінін ашатын, шынықтыратын сан түрлі ұлттық ойын түрлерін тудырды. Солардың бірі және кеңінен таралғаны асық ойыны.
Асық ойындары қеңес дәуірінде еріккендердің ойыны, пайдасы жоқ деп аталынды – деп еске алады сол кездің адамдары
Асық тек қана ойын ойнауға арналмаған. Археологиялық дәлелдерге сүйенсек асықтар, ежелгі адамдарды жерлеуге қолданылған, ал бетіндегі бедері не сызықты өрнегібар асықтар жерленген адамның белгілі бір әлеуметтік мәртебесін білдіреді, жас балалардың мазарына тесік асық салады дейді – ескерткіш, мола, мазар зерттеген археологтар.
Асық ойындары қазақ жұртына тән болғанымен, асыққа бізден бөлек көптеген елдер қызығып, таңқалып ойнап жүр. Ал кейбір қазақтар тіпті асықты ойнайда алмайды.