Факультет: Жаратылыстану-математика



бет1/20
Дата19.11.2023
өлшемі158,5 Kb.
#124844
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
АБ-1 Искаков Абай ДФК-201с Футбол


Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
Факультет: Жаратылыстану-математика
Кафедра: Дене шынықтыру және спорт
Мамандық: Дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау
Пән: Футболды оқыту әдістемесі


Аралық бақылау №1
Тақырып: Футбол ойынының техникалық әдістері


Топ: ДФК-201 с
Студент: Искаков Абай Сейлханович


Семей қаласы, 2023 жыл
Тақырыбы: Футбол ойынының техникалық әдістері
1. Оқу жоспары мен бағдарламалары. Ұйымдастыру мен басқару құрылымы.
1.Оқу жоспары мен бағдарламаларын құру.
2.Ұйымдастыру мен басқару құрлымының негізі.
3.Оқытушы кадрлар мен оқушылар құрамы.
Футбол ойынында допты тоқтау тәртіп бойынша қалыпты қозғалыстардың бірі болып саналады. Допты тоқтату толық болып саналады, егер доп тоқтап, қимылсыз жатса, толық емес болады, егер тоқтамай, тек жылдамдығын ғана азайтса. Ойында көбінесе толық емес тоқталулар қолданылады. Допты тоқтатуда табанның ішкі жағы қолданылады.
Домаланған допты ішкі табанмен тоқтату ойында көбірек қолданылады. Бұл әдіс ыңғай және оңды болып табылады. Допты өзіне қабылдаған футболшы сол мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады.
Оқыту барысында:
1.Соққы бер және тоқтат. Қабырғадан 5м қашықтықта тұрып, қабырғаға соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан қабырғаға лақтыру т.с.с.
2.Қабылдау және беру. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне қарама қарсы 6м қашықтыққа орналасады. Бір-бірне допты кезекпен беру арқылы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға жаттығады.
3.Доп ортаға. Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14м . ойыншылардың біреуі ортаға тұрады. Ол допты басқаларына кезекпен беріп отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады.
4.Шеңберден-шеңберге. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олардың саны тең. Команда әр-әр жерде орналасады. Олардың алдына 2м диаметрлі шеңбер сызылады. Команданың біріншісі шеңбер ішінде доппен бірге тұрады. Ол допты өз командасына береді. Олар кері бағытта команда соңына барып тұрады. Осылайша қайталана береді. Үш реттен кейін орын алмасады. Топтың бір-бірінен қашықтығы 5-6м.
5.Қозғалыста ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8м қашықтықта тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төмендетіп жіберіп, аяқпен тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды.
Бастауыш ойыншыларда кездесетін қателердің көпшілігі допты қатты серпілту болып табылады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жаттығу кезінде әлсіз желдетілген доппен жаттығу керек.
Домаланған допты табанмен тоқтату. Бұл доп ойыншыға қарама қарсы кезде орындалады. Бұл қабылдаудың техникасы оншалықты күрделі емес. Тоқтатушы аяқ кішкене тізесі бүгіліп, жақындаған допқа қарсы тұрады. Допқа аяқ тиген кезде, тізе кішкене артқа жылжиды, бұл кезде доп жерге қысылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет