Факультетінің деканы п.ғ. к


Оқу әрекетінің құрылымы мынандай



бет85/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
Оқу әрекетінің құрылымы мынандай:

-мотивтер;

-оқу әрекеті;

-бақылау әрекеті;

-бағалау әрекеті;

Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу әрекетінің мотивтері.

Іс-әрекетті жүзеге асыру үшін мотивациялық аймақты қалыптастыру керек. Олар: әр түрлі қажеттіліктер жүйесі,мотивтер,мақсаты мен қызығушылықтары. Бала мектепке «оқушы боламын» деген мотивпен келеді де,жаңа,одан да үлкен мәртебе алады. Алғашқы кездері мұндай мотивациялар өте күшті болады. Алайда,біраз уақыт өткеннен кейін баланың ұстанымы қалыпты болады да,аталған мотив өзінің маңызын жояды. Сыртқы мотивтерден басқа балада әлеуметтік мотивтер де бой көтереді. Әлеуметтік мотивтер балада басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу,өзін осы қатынастар жүйесінде белгілі бір орнының болуы,мәдениетті болу,өзін дамыту жауапкершілігі мен борыш,т.б. мотивтердің болуы. А.Н.Леонтьев бойынша,кіші мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік мотивтері білетін,түсінетін категорияларға жатады дейді. Нәтижеге ғана бағытталған бағдарлау (баға алу,мақтау есту,т.б.) оқудың мазмұнын шектейді де,оқу жүйесін мәжбүрлейді туғызады. Оқудың нәтижелілігіне ішкі мотивтер мінездемесінің рөлі өте зор. Мысалы,оқу-танымдық мотивация танымдық қажеттіліктер мен интеллектуалды белсенділікті туғызады. В.В.Давыдов бойынша,оқу әрекеті арнайы спецификалық мазмұнға ие. Яғни,ол адам санасының дамыған формалары. Оқу мақсаты-анық нені меңгеру керектігі туралы ойдың болуы.

Бастауыш сыныптарда оқу іс-әрекеті бастапқыда балалардың оқудың компоненттерімен танысуының негізінде болады. В.В.Давыдов бұл компонентерді былай көрсетеді: 1) оқу ситуациялары; 2) оқу әрекеті; 3) бақылау; 4) бағалау. Бұл компоненттердің әр қайсысының мазмұны балада ақыл-ой дамуының қалыптасуына тікелей байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет