Факултет-Дінтану тдт-211 пән -мәдениеттану



Pdf көрінісі
Дата05.12.2023
өлшемі460,32 Kb.
#134506


БӨЖ
Факултет-Дінтану ТДТ-211
пән -Мәдениеттану 
Тақырыб—Қазақ халқының
билері мен әндері
Дайындаған- Құрманбаев Е
Қабылдаған- Жанболат С 


2
Қазақ халқының биі
Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды
бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан
қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс
салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың
көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ
жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар
жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап,
өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі
халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын
айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары,
бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге
соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлікүрдістерін
күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін
насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында
өзіндік маңызды рөл атқарды.


3
Қазақ
халқының
билер
Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз
байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен
КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші
жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның
сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық
биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұлова мен
Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін
шебер меңгерген.[1] Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған
би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл.
филармония жанынан би ансамблінқұрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж.
құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж.-хореограф. Л.Д.
Чернышова, комп. Б.Байқадамов, балетм. 


Қазақ халқының әндері
Ұлттық өнер туындыларының жіктелуі
Ұлттық өнер дегеніміз – қай заманда да ұлтпен
бірге жасасып, дамып отыратын күрделі процесс.
Оған қай кезде де зерттеу жұмысын,
талдауларды жүргізіп отыру қажет. Сонда ғана
бізге беймәлім болған жайттар жаңаша қырынан
ашылмақ.
5
Бұл 
ретте 
елордалық 
баспалар 
көптеген
өнертанушылармен, авторлармен, оқырмандармен
жұмыс жасауда. Тұтастай алғанда, ұлттық өнер
дегеніміз мынадай элементтерден тұрады: ән өнері;
күй өнері; бейнелеу өнері; сәндік қолданбалы өнер;
театр өнері; кино өнері және т.б. Бүгінде көптеген
Астаналық баспалар өздерінің бағытын тапты. Көбі
басты назарды ұлттық өнерге аударуда. Және көбіне
ән, күй, бейнелеу өнері түрлеріне қатысты тың
дүниелер жарияланып келе жатыр. Мысалы,
«Фолиант» пен «Елорда», «Жасыл Орда» баспалары.
Сол себепті, осы өнер түрлерінің қазақ халқы
өміріндегі 
маңыздылығына, 
даму 
тарихына,
өзектілігіне тоқтауды жөн санадым. Қазақ халқының
ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ән дәстүрі
дүниеге келді. Соның нәтижесінде бай музыкалық
мұрасы жасалды, мәдениеті қалыптасты. 


Әндер
Билер
Әндер
Қазақтың 
музыкалық 
фольклорының 
түрлік-жанрлық
құрылымын және оның тәрбиелік мүмкіндігін айқындау
негізінде мәдени шаралардың проблемаларына талдау
жасағанда, оның негізгі екі түріне – ән мен күйге тоқталып
өткен де дұрыс. Қоғамның демократиялық жолмен дамуы
ұлттық мәдениеттің жетілу үрдісін жеделдете түседі.
Мәдениеттің 
құрамдас 
бөлігі 
ретінде 
ұлттық
шығармашылықтың түрі мен мазмұнының көрінісі оның жалпы
адамзаттық мәнін айқындамақ. Қазақтың халық музыкасы
терең және жан-жақты зерттеуге тұрарлықтай. 
Өйткені, ол өзінің бейнелік мәні мен мазмұнын аша түсуімен
сазгерлік шығармашылықтың одан әрі өркендеуі үшін негіз
жасайды. Сан ғасырлар бойы ұрпақтар жасаған рухани
құндылықтар мәдени мұраның мол қорының негізін құрайтын
дәстүрлі ұлттық шығармашылықта айрықша орын алды деуге
негіз бар. Шығармашылық – тәжірибенің баға жетпес мұрасы,
адамгершіліктің, мәдениеттің іргетасы ретінде ол тек ұлттың
ғана емес, сонымен бірге қоғамның рухани баюының таусылмас
бастауы қызметін де атқарып келе жатыр күні бүгінге дейін.
Ежелгі билердің канондық түрлері бізге
жетпеген. Бірақ халық арасында би
қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық
ойындар мен салт-жораларда сақталған,
тарихи және этногр. деректерде қалыптасу
негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-
тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-
қуақылардың өнерлерінде би қимылдары
мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі
малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат
көріністерін ұлттық таным-талғамға сай
көркем бейнеледі. 
Қазақ әндерімен
билері
Билер
Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне
шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд.
Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм.
тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі
Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары
билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж.
екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы
өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы”
және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін
тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында
Ш.Жиенқұлова мен Ә.Ысмайлов болды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет