Ғалым ұстаз туралы 10 дерек



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі1,46 Mb.
#127717
түріӨмірбаяны
  1   2   3

Ғалым ұстаз туралы 10 дерек:



  • Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ. 




  • Ол А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Надсон өлеңдерін қазақшаға аударды.




  • Орынбор, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.




  • Ғалымның алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы, ал екінші кітабы «Маса» 1911 жарық көрді.




  • А.Байтұрсынұлының есімімен аталатын Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті бар.




  • Байтұрсынұлының хоббиі – қолына фотокамера ұстап, өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз-қалпында суретке тарту болған екен. 




  • 1910 жылы сенімді серіктері Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарған. 




  • 1918-19 жжылы Алашорда қатарында болды.




  • Ғалым ұстаз Алматыда 3 жерде тұрған: қазір аэровокзал тұрған Қаскелең көшесі (қазіргі Чайковский көшесі), Красин көшесі (қазір Уәлиханов көшесі) және Космонавт көшесіндегі 60 үй. 




  • 1929 жылдың маусымында, Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды. 1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады. 

Өмірбаяны

Қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.



  • 1882-1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды.

  • 1890 жылы Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

  • 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

  • 1909 жылы патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылды.

  • 1912 жылы Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.

  • 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 ж. соңына дейін оның редакторы болды.

  • 1918-19 жылдары Алаш Орда қатарында болады.

  • 1919ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын әскери-революция комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

  • 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК, ҚР ОАК мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

  • 1925-29 жж. Қазақ халық ағарту институтында және ҚазПИ-де оқытушы болды.

  • 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 

  • 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е.Пешкованың қолдаухатымен А.Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 

  • 1937 жылы тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет