Ғарифолла Жұмабекұлы Абылқасов



бет1/4
Дата23.06.2022
өлшемі29,1 Kb.
#37240
  1   2   3   4



Ғарифолла Жұмабекұлы Абылқасов
филология мамандығының докторанты, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан
e-mail:abylkasov70@mail.ru
тел:87009845795
факс:020000


ӘОЖ 82.09(5Қ)


Ғ.Ж.Абылқасов
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті


Ғабдолла Тоқай жырлары – Жақан Сыздықұлы тәржімасында


Қазақ, татар әдебиеттерінің кейінгі екі ғасыр жүзіндегі байланысы турасында сөз қозғау үшін, екі халықтың шығармашылық өкілдерін өзара байланыстырушы, кесек туындыларды аударушы тәржімашылар туралы айтпай кетуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда Көкше өңірінің тумасы, көрнекті ақын, аудармашы Жақан Сыздықұлының шығармашылығына тоқталмай өту мүмкін емес. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан, нақтылай айтқанда 1924 жылдан бастап, жаңа әдебиеттің көшін бастаушылардың бірі болған, сол кезеңде өз қатарластарының арасында аса танымал ақындардың бірі болған, саналы ғұмырында алпысқа жуық өлең, поэма, аударма кітаптардың авторы атанып, өнімді еңбек еткен көкшелік қаламгердің шығармашылығына тоқтала отырып, Жақан Сыздықұлының татар әдебиетімен байланысы туралы қарастыру жөн деп білеміз. Қазақтың жаңа дәуір поэзиясына өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап араласқан Жақан Сыздықұлы жарты ғасырдан астам әдебиетіміздің дамуына атсалысып, жүздеген лирикалық өлеңдер мен отызға жуық эпикалық көлемді туындылар мен батыс, шығыс әдебиетінен аудармалар қалдырған қажымас еңбеккер тұлға..
Тірек сөздер: қаламгер, аударма, аудармашы, ортақ қазына.


Кіріспе
Жақан Сыздықұлы – қазақ оқырмандарына ерте танылған, шығармашылық ғұмыры бай, қалдырған мұралары да мол болғанымен, белгілі себептерге байланысты, көзінің тірісінде шығармашылық еңбегінің жемісін жеп, игілігін көруге жазбаған, тағдыры күрделі тұлға. «Ақын Жақан Сыздықұлы 1901 жылы 10 мамырда қазіргі бұрынғы Көкшетау уезі, кейінгі Көкшетау облысы Чкалов ауданы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданының Қараағаш атты қазақ ауылында Сыздық Төлемісұлының отбасында дүниеге келген»[1].Ақынның әкесі Сыздық Төлемісұлы – өз заманында ауыл-аймаққа белгілі, беделді тұлға болған екен. Біраз жыл болыс болған Сыздық шешен сөйлейтін, әрі сал-сері адам болыпты. Ақынның анасы Сәми де ел ішінде беделді, айт-тойларда айтысқа түсіп, айтқырлық тапқырлығымен көзге түскен адам болыпты. Әкесі Сыздықтың ел басқаруы туралы деректерді әйгілі жазушы Сәбит Мұқановтың мемуарлық романы «Өмір мектебінің» екінші кітабында[2]айтылады.
Жастайынан Арқаның әйгілі сал-серілері Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтардың өнерін тамашалап, әнін естіп өседі. Әйгілі Тезекбай, Қалия ақындар да осы өңірдің талантты өнерпаздары болатын. Жақан ақын жастайынан ән мен жырдың қадіріне жетіп, көкірегіне түйіп, зерделеп өседі.
Жақанның өз жұрты – арғынның момын бірлестігінен тарайтын он екі ата атығай ішіндегі бағыс Дәулетбек (даңқой) болса, нағашы жұрты – Абылайды хан көтерген атақты би қарауыл Қанай би Құттымбетұлы екен.
Арғы атам Қанай батыр ту байлаған,
Бауырын Зерендінің ен жайлаған[3],-
деп ақынның өзі жырлағанындай, нағашы жұрты Көкшетау биігінің оңтүстік батысында жатыр. Көнекөздердің айтуынша Сыздық пен Сәми анадан туған ұлдары Жақан мен Қажыбай да, қызы Бәди де ақын, әнші болыпты. Кезінде Үкілі Ыбырайдың сүйікті шәкірті болған Қажыбай әнші Ұлы Отан соғысында қаза табады. Оның ұлы Төлеген Қажыбайұлы – барша қазаққа әйгілі ақын, прозаик, драматург, журналист, аудармашы. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы. Жақан ақынның екінші шешесінен туған Қажымұрат Сыздықов та қарымды қаламгер ретінде қазақ әдебиетінде есімі қалған тұлға. Ол Леон Фейхтвангерді қазақша сөйлеткен дарынды аудармашы.
Баласының болашағын ойлаған Сыздық Жақанды қазақ даласына сол кезде кең қанат жая бастаған жәдитше мектептер жүйесімен оқытатын татар молдасына оқуға береді. Сөйтіп, жас Жақан Ғабдолла Тоқай шығармалары мен Абай туындыларын бір уақытта оқып, зерделеу мүмкіндігіне ие болады. Міне, осыдан кейін Жақан ақынның шығармаларында ауыз әдебиетінің, Абай үлгісінің қуатты әсерімен қатар туыстас татар әдебиетінің мақамдары да айқын сезіліп тұратын болады және аударма саласындағы шығармашылық бағытының бірі ретінде қалыптасады.
Татар ұстазынан сауатын ашқан Жақанды әкесі Көкшетау қаласындағы төрт кластық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Бұл оқу орнын аяқтауына 1917-18 жылдардағы аумалы-төкпелі кезең мүмкіндік бермейді. Осы алған білімімен ол Қазан төңкерісінен кейінгі ел өміріне араласа бастайды.
Қазақ поэзиясын ілгері дамытушы белгілі қаламгерлермен біріге еңбек етеді, өз жырларында жаңа қалыптаса бастаған қазақ елінің өсу, өрлеу жолдарын жырлауға атсалысады, оның өскелең өмірін айқын бейнелейді. Барлық ақындар тәрізді Жақан Сыздықұлы да өзінің туған ауылы туралы жырлады. Бұл турасында жерлесі Қазақстанның халық мұғалімі Сұңғат Хамидуллин былай деп естелік қалдырған екен: «...Елдің өскендігін, зор еңбек табыстарына жетіп отырғандығын көзбен көріп, сезініп отырған ақын перзенттік қуанышын үнемі жыр тілімен білдіріп, ыстық сәлемін жолдаудан жаңылып көрмеп еді. Мәселен, «Қарағашқа хат» атты толғауында, туған жердін өткені мен бүгінгісін салыстыра келіп, тың игеруден кейінгі өсіп-өркендеуін шабыттана жырға қосқаны әлі есімізде:
Бес түп қана қарағаш,
Қарашы қазір ну орман,
Қарағаш емес жалаңаш,
Толықсып бүгін нұр толған.
Кідірме маған Қарағаш,
Артыңа қарап алаң боп,
Жырламау маған жарамас,
Туған соң сенің балаң боп,
Мен сенің адал ұлың азаматың,
Өзіңнен өзегіме нәр алатын, -
деген жыр жолдарында ақынның туған жерге деген ыстық сағынышы, перзенттік парызды жете сезіну сыйпаттары мен мұндалап тұрған жоқ па?»[4].
Жақан ақын өзінің кіндік қаны тамған ауылы Қарағаш пен оның түстік жағында мұнартып тұрған Арқаның жер шоқтығы Көкшетауды жырлаудан жалыққан емес. Мұны ақын шығармашылығына көз салған кез келген оқырман бірден аңғарған болар еді. Көкшетау туралы ақын былай деп тебірене жырлаған екен:
Жұпар желі аңқыған,
Сарыарқаның сауыры,
Ақынды желмен тебіренткен,
Сұлу Көкше бауыры[5]
Жақан Сыздықұлы – халықтар достығын әрдайым жырлаудан танбаған, интернационалист қаламгер болды. Ол ұлттар достығын ерекше шабытпен жырға қосып, «Туысқан өзбек халқына», «Кавказ», «Қазбек», «Ел бар сонау алыста», «Ғабдолла Тоқайға» т.б. өлеңдер жазды. Жақан ақынның барлық шығармасына, олардың тақырыбы мен мазмұнына, идеясы мен көркемдік қырларына тоқталып отыру мүмкін емес. Біз сондықтан да ақынның аударма саласындағы еңбектеріне, соның ішінде татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқай өлеңдерін аударудағы шеберлігіне тоқталатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет