Ғылым тарихы және философиясы


Фрейдизм: саналы және санадан тыс әрекет мәселесі. неофрейдизм



бет118/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Фрейдизм: саналы және санадан тыс әрекет мәселесі. неофрейдизм




XX ғасырда ғалымдардың назарын адамның психикасында болатын санадан тыс қуатты қабат (қыртыс) өзіне аударды. Оған алғаш көңіл бөлген – австриялық дәрігер, психолог және философ зигмунд (Шло- мо) Фрейд (1856-1939) болды. Ұзақ жылдар бойы есі ауысқандардың психикасын зерттей келе, ол олардың мінез-құлқындағы, іс- әрекеттеріндегі санадан тыс импульстердің үлкен рөлі бар екенін тап- ты. Нәтижесінде, «психоталдау» дүниеге келіп, науқастарды емдеу- де айтарлықтай табыстарға қол жетті. Бұл ғалымға шабыт беріп, ол психоталдаудың негізгі ережелерін қоғамға және мәдениетке, оның ішінде философияға да таратты. З.Фрейдтің негізгі еңбектері – «мен және Ол» ( бұл жерде де: ОЛ – орысша ОНО. – Аудармашы), «тотем және тыйым» және басқалары.
Адамның көптеген құпия тілек-қалаулары және ұмтылысы санаға бағынбайтын әрекет қойнауларында жататын болып шықты. Оларды білу, табу адамды гипноз, яғни жасанды ұйқы жағдайына келтіргенде мүмкін болады, сондай-ақ кейбір байқаусызда айтылып қалған сөздерден, дене қимылдарынан, түс көруден де байқалады.
З.Фрейд бойынша, адам психикасы үш деңгейден тұрады:

  1. Ego (лат. – Мен, яғни тұлғаның сана-сезімі).

  2. Super ego (лат. – ең жоғарғы Мен, яғни әлеуметтендіру бары- сында тұлғаның санасына енгізілген, адамның мінез-құлқының ішкі реттелуінде маңызы бар әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жиынтығы).

  3. Libido (лат. – құштарлық, құмарлық). Оған адамның бойын- да санадан тыс жолмен өтіп жататын барлық психикалық үдерістер (түйсіктер, көзсіз құмарлықтар, әрекеттер, сезіну және тілектер және басқалары) жатады. З.Фрейд кейде оны екі әріппен: «Id» деп белгілейді. Оның ойынша, санадан тыс әрекеттің өзегі – адамның барлық психикасын әрлендіріп, «Меннің» ерекшеліктерін тудыратын оның жыныстық энергиясы.

З.Фрейдтің пайымдауынша, егер адам психикасының (Id) терең қабаты өмірден рақат, ләззат алуға ұмтылса, ал сана-сезімі (Ego) өмір жағдайларына бейімделуге тырысады. Нәтижесінде, олардың арасында өне бойы қарама-қайшылықтар туып отырады. Егер адамның тәрбие барысында алған Super ego қасиеті ерекше күшті болып шықса, онда ол ләззат алуды көздейтін, санаға бағынбайтын импульстердің сыртқа шығуына кедергі тудырады. Бұндай жағдайда адамның жүйке қызметі
нашарлап, не істегенін түсінбейтін күйге тап болады. Кей жағдайларда санадан тыс энергетика адамның шығармашылық дарынын туды- рып, рухани құндылықтардың биігіне көтереді (лат. – sublimation – көтеремін).
Кейіннен санадан тыс әрекет құбылысын З.Фрейд адамның негізгі екі түйсігі: өмір – Эрос және өлім – Танатос әрекеттері аясында қарайды. Егер Эрос өмірге деген сүйіспеншілікті, достықты, қуанышты сезіну және т.б. оятса, ал Танатос өшпенділік, құртып-жоюға ұмтылушылық, адамды қорлау сияқты теріс әрекеттерге итермелеп, адамды өлімге жетелейді.
Алайда санадан тыс құмарлықтар қаншалықты күшті болса да, адам оларды құрықтап, өз бақылауына ала алады. Мұнда адамды мазасыз- дандыратын, санаға бағынбай әрекет етуге итермелейтін импульстар- ды «сананың айнасына» шығару туралы сөз болып отыр. Қиындықты санамен ұғу – оның шешімі жартылай табылды дегенді білдіреді.
Адамның санаға бағынбай, бұзылған психикалық күштерді бұғаулай алатын қуатты құралы бар, ол – мәдениет. Мәдениет құндылықтары адамға өзінің көзсіз құмарлықтары мен әрекеттерін ығыстыра және шектей отырып, табиғатпен, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарын орнатуға көмектеседі. Алайда психика шектерінен ығыстырылған импульстер жоғалып кетпейді, олар өмір сүруін жалғастырып, жинақтала береді. Кей кездері сырттан бір не- месе басқа амал тауып, олар адамды әртүрлі бақытсыздықтар мен қайғы-қасіреттерге ұшыратуы мүмкін. З.Фрейдтің ойынша, жыныстық құмарлықтар қатыгездікпен, зорлық-зомбылықпен және басқадай теріс құбылыстармен тығыз байланысты.
Сөйтіп, жоғарыда аталған екі түйсік мәдениет дамуының негізгі бағыттарын айқындай отырып, өне бойы бір-бірімен күресумен болады.
Жалпы, З.Фрейдтің ілімі сол заманғы Батыс елдеріне екіжақты ықпал етті. Бір жағынан, ғылым және емдеу формасы ретінде пси- хоталдау пайда болды, ол өмірдің қарқынды формалары, тұрақты бәсекелестік, өмір үшін күреспен бірге, Батыс қоғамдары үшін өзгеше қажетті болып шықты. Екінші жағынан, фрейдизм, – бұл ілімнің негізгі қағидаларын көркем шығармашылық (кинофильмдер, пьесалар, романдар) тіліне аудару толқынында жыныстық төңкеріс деп атала- тын, қоғамның адамгершілік ахуалына теріс әсерін тигізетін жағдай орын алды.
Психосараптамалық идеялар халықаралық алаңға шыққан сол кезде- ақ, яғни өткен жүзжылдықтың 20 жылдарында Батыста кең таралған
уақытта, Фрейдтің психоталдауы экзистенциалистер (Ясперс), фено- менологтар (Шелер), әсіресе философиялық антропология өкілдері тарапынан сын нысанасына айналды. Кейіннен Витгенштейн, Сартр, Поппер, Мунье сияқты философтар да әртүрлі психосараптамалық тұжырымдамаларды сынға алды.
Ал ең қызығы мынада: бұл философиялық сын ақыр соңында әртүрлі жоспарлардың, оның ішінде психосараптамалық идеялардың бір-біріне селбесе тіршілік етуіне негізделген жаңа ілімдерді құрғысы келетін саны көп әрекеттерге алып келді.
Фрейд шәкірттерінің бірі, өз көзқарасын санадан тыс әрекет тео- риясына енгізген швейцарлық психолог және психиатр карл густав Юнг (1875-1966) болды. Басында ол өз ұстазының негізгі идеяларын жан ұшыра жақтаушы болды. Кейіннен оның санадан тыс әрекеттерге қатысты көзқарастары өзгерді.
Өзіне емделуге келушілердің ұйқыдағы түстеріне талдау жасай келе, ол олардың түстерінде ертедегі ата-бабаларының аңыз-ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерінің көрініс беретіні туралы қорытындыға келеді. Олай болса, санадан тыс жеке әрекетпен қатар, психикада «санадан тыс ұжымдық әрекеттер» де бар. Егер «сана- дан тыс жеке әрекет» адамның өмір тәжірибесінен келіп шығатын, ығыстырылған немесе ұмыт болған күйзелістер мен құмарлықтарды құраса, ал «санадан тыс ұжымдық әрекет» жалпыадамдық тәжірибені қамтиды. Оның үстіне, одан адамзаттың көпмыңжылдық тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар адамға дейінгі жан-жануарлар тіршілігінің іздерін де көруге болады. Батырлардың, Отан-Ананың, ақсақал- данышпандардың, жындардың және басқаларының бейнелері ауық- ауық адамдардың түстерінде көрініс береді. К.Юнг оларды «архетип- тер» (ең ежелгі тұрпат) деп атайды. Бұл бейнелер нақты мазмұнмен толықпаған және тек нышан-пішін түрі бар, алайда тұлға өзінің дербес өмір тәжірибесіне байланысты оларды нақты мазмұнмен толықтыра алады. Әрбір халық өзінің қайталанбас, тілде, салт-ғұрыптар мен дәстүрлерде бөлшектенетін өмір тәжірибесінен өтетіндіктен, архе- типтер де ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Халықтың көптеген дәстүрлері жоғалған жағдайда да, олар адамның өзіндік дүниетанымын құра оты- рып, генетикалық механизмдер арқылы берілуге қабілетті.
Сөйтіп, егер Фрейдке санадан тыс әрекет «микроәлемін» тал- дау еңбегі тиесілі болса, ал Юнг санадан тыс әрекетті зерттей келе, оның жекелеген тұрпаттық құрылымдарының (архетиптерінің) және мәдениеттерге ортақ құрылымдардың немесе бейнелердің өзара ұқсастығын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет