Ғылым тарихы және философиясы



бет27/185
Дата27.10.2022
өлшемі1.17 Mb.
#45758
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   185
Мүмкіндік және қажеттілік арқылы. Бұл әлемде осы дүниеге келген, бірақ келмеуі де мүмкін болған заттар бар. Олар бүгін – бар, ал ертең – жоқ. Олардың болмысы мәңгілік емес. Демек, әлемдегі заттардың барлығы күндердің күнінде жоқ болуы мүмкін. Бірақ олай болып жатқан жоқ, бұл бар болуы мүмкін нәрсенің артында қажетті нәрсе бар екенін көрсетеді. Ал ол – Құдай.
Игіліктің сатылығы арқылы. Дүниеде бар заттардың барлығының да кемелдікке жету дәрежелері әртүрлі: біреулер әдемірек, екіншілері оншалықты әдемі емес. Заттарды тек салыстыра қарау арқылы біз оларды бағалаймыз. Ал бұл Игіліктің, Әсемдіктің, Жақсылықтың, Шындықтың жоғарғы үлгісін қажет етеді. Ол – Құдай.
Мақсатқа сай болушылық арқылы. Ақыл иеленуші адам ғана мақсат көздеген іс-әрекеттерге ұмтылмайды. Дүниедегі әрбір заттың болмысының пайдаланылатын өз орны бар. Бұл жағдай садақтан атылған жебені еске түсіреді. Бірақ садақтан жебе атқан садақшыны
ұмытуға болмайды. Егер осылай болса, онда әлемдегі мақсатқа сай болушылық Құдайды мойындауды талап етеді.
Ф.Аквинский шығармашылығындағы болмыс мәселелерінің түп- тамырлары Аристотельдің «әлеует» және «әрекет» ұғымынан келіп шығады. Әлеует (мүмкіндік) өмірде бар, бірақ болмауы да мүмкін заттарды көрсетеді. Олар орнықсыз, әртүрлі өзгерістерге бейім, аяқталмаған, жетілмеген. «Таза әлеует» – бұл материя, ең бір болмашы болмыс. Ол өзгерістерге ұшырайды, сыртқы өзгерістерді қабылдайды. Әрекет болмыстағы іске асушылықты, аяқталушылықты, жетілгендікті көрсетеді. Әрекет – ол соның нәтижесінде заттар өз болмысын иеле- не алатын форма. Дара өзектілік – кез келген форманың бастауы бо- лып табылатын Құдай. Демек, Құдай шынайы болмыс, ал әлем – болмысқа қатыстыны иеленуші. Құдайда ғана болмыс пен мән бір- біріне сай келіп, олардың кемеліне келгендігін көрсетеді. Дүниеде бар заттарға келсек, олар кемеліне келмеген, олардың өмір сүруі және мәні ешқашан бір-бірлеріне толық сай келмейді. Олардың бұл дүниеге келуі де, келмеуі де мүмкін. Олай болса, бұл әлем мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтар нәтижесінде пайда болған деп айта аламыз.
Ал, шындығында, схоластика данагөйінің көріпкелдігі туралы бірлесе, жақсылап ойланып көрейікші. Біз бұл дүниеге қалай келдік? Темірдей қатаң қажеттілік болғандықтан ба? Жоқ, әрине. Егер біздің ата-аналарымыз кездейсоқ кездеспесе және бір-бірлерін сүйіп қалмаса, бұл кітапты басқа студенттер қолдарына ұстар ма еді? Әлбетте, кітаптың да басқа болуы мүмкін ғой. Сөйтіп, біздің бұл дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де мүмкін еді. Бірақ біз осы дүниеге келдік және баға жетпес сый – өмірге ие болдық. Біздің осы әлемнің шексіз сұлулығын көретін және солардың рақатына бататын мүмкіндігіміз бар, біз ішкі мүмкіндіктерімізді ашып көрсетуге және іске асыруға ұмтыламыз. Бұдан асқан бағалы не бар? Біздің күнделікті күйбеңіміз, бірдеңелердің жетіспеуі бірегей болмыс аясында тым күлкілі көрінеді. Қазіргі заманғы ғылым да ойшылдың даналық көріпкелдігін рас- тайды. Қазіргі заман көзқарасы тұрғысынан алғанда, Әлемнің ора- сан үлкен мүмкіндіктері (әлеуеті) бар, ал олардың азғантай үлесі ғана болмыста кездейсоқ өзекті болып шығады. Әлеует – өзектіліктің толқыны, ал қандай толқынның болмыс жағалауына келіп ұратыны
кездейсоқтықтарға байланысты.
Алайда Ф.Аквинскийге оралайық.
Адам сана мен ақыл-ой иесі болғандықтан, ол заттардың мән- мағынасын, олардың не үшін пайдаланылатынын танып біле алады.
Сондықтан адам әрекет етпес бұрын, не істейтінін түсінеді. Адам және бұл дүние жаратылғандықтан, заттар жетілудің әртүрлі сатыларында болады. Олай болса, адамның өзі қалайтын құндылықтарды таңдау мүмкіндігі бар. Ойшыл атап көрсеткендей, жамандықтың түп- тамырлары осында жатыр. Сөйтіп, түсіну мен оған сәйкес келетін іс-әрекет арасында қарама-қайшылықтар туады. Таңдау еркіндігіне бола адам күнәға батқан кезде, шындықтан таюы, тіпті оны ұмытып та кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   185




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет