«Ғылым тарихы мен философиясы»: пәні және мақсаттары.
Ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы. Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс.Ғылым философиясы – философияның бір аймағы, пәндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым әлеуметтік институт ретінде және қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымға енетін қағидалар дәлелденген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады.
Ғылым философиясы: статус және пәні.
Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді. Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін әлеуметтік–мәдени астарын да қарастырады және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихысыз «бос»»; әлде Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясың ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет. Осы мәселені ол 3 бағыттың көлемінде қарастырған:
тарих методологиялық жалпылау мәлімет береді;
тарих методологияны ғылымға жақындатуға ықпал етеді;
тарих методологтардың құрылыстарына коррекция жасап оларды түзетеді.
Философия тарихының статусы және мәселелері.
Ғылым философиясы тарихи әлеуметтік-мәдени статусқа ие болып, шындық пен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды зерттеуіне бейімделген. Ғылым философиясы «алгоритм ашылуын» іздестірген, ғылыми білімнің динамикасының дамуын қарастырады. Ғылым философиясына жақын ғылымтану және ғылымиөлшем аумағымен тығыз байланысты, ғылыми зерттеулерге ықпал етті. Ғылыммен ақпараттың массивтерінің динамикалық зерттеу статистикасының аймағы «ғылымиөлшем» деп аталады. Карл Поппер бойынша, философиялық білімнің орталық мәселесі теория мен сенімдік негіздерін бағалау; ғылыми білімнің мәселерінің көбеюі, өсуі деген.
Достарыңызбен бөлісу: |