Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.з.д.2-1 мың жылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Қазақ халқының бастауына сақтар,
үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Антрополог О.Смагуловтыңпікірі бойынша сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновдықтарға ұқсас болған. Қазақстанға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпаларымен (сақ, сармат, үйсін т.б.) араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілері дами бастады.
ХІІІ ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы осы кездегі халық болып қалыптасу барысын бұзады.
Монғолдардың жаулап алуына байланысты Қазақстанда антропологиялық процестер де жаңа өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі – 150-200 жылға кешеуілдеді. Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтады. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары (қыпшақтар) басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі.

ХІV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын жазған: тарихшы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани.