Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы


 Абсолютті және салыстырмалы ақиқат



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Абсолютті және салыстырмалы ақиқат 

Абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат  –  ежелгі  және  қазіргі  заманғы 

философиядағы  ақиқат  тұжырымдамасы,  ол  ойлаудың  ең  маңызды  сипаты  болып 

табылады және таным-түсініктеріміздің даму үрдісін бейнелейді. 

Кез-келген шындық салыстырмалы және абсолютті болуы мүмкін. Салыстырмалы 

ақиқат  деп  шындыққа  жақын  толық  емес  және  содан  кейін  толықтырылатын  танымды 

айтады.  Салыстырмалы  ақиқат  тану  барысында  бір-бірін  алмастырып,  жойып  абсолютті 

ақиқатқа ұмтылады. 

Абсолютті ақиқат – бұл танып білу барысында өзгертілмейтін шындықты айтады. 

Абсолютті ақиқатқа физикалық тұрақтылар, «мәңгілік ақиқаттар» және т.с.с жатады. 

Салыстырмалы және абсолютті ақиқат туралы ұғымдар танымды белгілі бір тарихи 

жағдайда орын алатын үрдіс ретінде түсіндіреді. 

Абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат  білімнің  дәлдігі  мен  толықтығын 

сипаттайды. 

Мәдениет  тарихында  шындық  әлеуметтік  және  жеке  құндылық  ретінде  танылды. 

Ежелгі  философтар  ақиқат  бірлігі,  сұлулық,  игілік  идеясын  қорғаған.  Олар  әрқашан 

шындыққа  моральдық-эстетикалық  жағынан  жақындады,  бұл  адамның  және  қоғамның 

өміріндегі  шындықтың  маңыздылығын  бағалайтынын  білдірді.  Ұзаққа  созылған 

қиындықтар, қателіктер, қайғылы оқиғалар ақиқатқа жол ашады.  

Біздің  білімдеріміздің  толық  болмауы,  шектеулілігі  және  қателігі  немен 

анықталады? 

1) табиғат шексіз күрделі және алуан түрлі болуы тиіс

2)  объектінің  өзгеруі  (дамуы)  тиісінше,  біздің  білімімізді  өзгерту  керек  және 

біліміміз нақтылануы керек; 

3)  танымның  шарттары  мен  құралдары:  бүгін  қолданған  құралдарды  болашақта 

одан да жетілдірілген құралдармен алмастыруымыз; 

4) табиғатты танып-білу арқылы адамзаттың өзінің дамуы. 



Диалектика  бойынша  абсолютті  ақиқат  өзара  іс-қимылдан,  салыстырмалы 

шындықтардың  өзара  байланысынан  туындайды.  Ол  бұған  дейін  танылған  және  алда 

танылатын нәрселердің, сондай-ақ болашақта бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы 

мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Болмыс 

пен  ойлау  заңдылықтарының  өзара  сәйкестілігін  көрсетеді.  Абсолютті  және 

салыстырмалы  ақиқат  объективті  шындықты адам танымы  біртұтас  қалпында  айқын 

аңғарта  ала  ма,  әлде  тек  шамамен,  салыстырмалы  түрде  ғана  білдіре  ме  деген  сұраққа 

жауап береді. 

Біздің  таным-түсініктеріміз  адамзат  ойының  (философияның,  ғылымның, 

техниканың,  өндірістің)  қол  жеткізген  деңгейлерімен  тікелей  сабақтас.  Соған  қарай 

адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. 

Демек,  ақиқаттың  өзі  де  дамуға  байланысты  өзгеріп,  түрленетін  салыстырмалы 

категория  болып  табылады.  Сонымен  қатар  салыстырмалы  ақиқат  абсолютті  ақиқатты 

танудың  құрамдас  бөлігі  де.  Егер  салыстырмалы  ақиқат  ғылыми  сипатта  болса,  оның 

құрамында  ақиқаттың  белгілері  де  болмақ.  Яғни,  абсолют ақиқат салыстырмалы 

ақиқаттың  жиынтық  көрінісі  де.  Салыстырмалы  ақиқат  болмыстың  шартты,  өзгермелі, 

уақытша,  қайсыбір  жағдайда  тәуелді  кезеңдік  қырларын  бейнелейтін  болса  да,  ол  әрбір 

құбылыстың  мазмұн-мағынасын,  құндылық  қасиетін,  сипаты  мен  қолданылу  аясын  ой 

елегінен өткізу, зерделеу, саралау барысында қалыптасып, қабылданады. 

Салыстырмалы  ақиқат  таным-білімді болмыс шындығына  жақындатып,  тарихи 

жағдайларға  үйлесімділікті  арттырады,  жалпыға  ортақ  идеяларды,  абсолют  мұраларды 

іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның 

даму  мүмкіндігінде  шек  жоқ.  Ол  өзгермелі  дүниенің  егжей-тегжейін  саралай,  іріктей, 

өмірге бейімдей отырып, абсолют мәннің құрамдас бөліктерін жасақтайды.  

Жаңа  дәуір  философиясы  абсолюттілік  пен  салыстырмалылықты  бір-біріне  қарсы 

қоймай,  бір-бірінен  бөле-жара  қарамай,  олардың  ара-қатынасын  ғылыми  ұғымдармен 

айқындады:  абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат тіршілік көріністерінің  қарама-қарсы 

жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі  де объективті мазмұнды 

бейнелейді, нақты білімді толықтырады. 

Салыстырмалы  ақиқат  объектіні  біртұтас  толық  күйінде  емес,  белгілі  бір  жағдай, 

қатынас  шеңберінде  бейнелейді  де,  осы  салыстырмалы  кезеңдерден  абсолют  ақиқат 

құралады және көрініс табады. 

Абсолютті ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды. Абсолютті 

және  салыстырмалы  ақиқат  ғылыми  таным-түсініктерді  бұлжымайтын  қағидаға 

айналдырудан  сақтандырады,  білімнің  даму  сабақтастығына  жол  ашады,  зерде-зейінді 

әлемдік өзара байланыстарды тануға шоғырландырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет