Биомедициналық этиканың мақсаты мен негізгі принциптері. Дәрігерлік қателіктер мен ятрогениялар: негізгі этикалық және дәрігерлік қателіктер туралы ақпараттың ашылуы
Биомедициналық этиканың мақсаты мен негізгі принциптері. Дәрігерлік қателіктер мен ятрогениялар: негізгі этикалық және дәрігерлік қателіктер туралы ақпараттың ашылуы»
Этика - құлықтылық туралы ілім, моральдың мағынасы мен маңызы жайында қарама қарсы ойлар жүйесі. «Этика» сөзі ежелгі грек ethos – дәстүр сөзінен шыққан. Ережелер, дәстүрлер адамдардың қоғамдағы ара қатынасын және тәртібін реттейді. Медициналық этика этика құрылмының бірі болып табылады. Этика адам құлықтылығын ғана зерттемейді, оның идеологиялық қалыптасуына да әсер етеді.
Биоэтика
Биомедициналық этика — адам, оның өмірі, денсаулық, құндылығы, өмір сапасы туралы медицина және денсаулық сақтау саласымен байланысты тәртіп ережелер.
Биомедицинская этиканың пәні —медицина, денсаулық сақтау салаларында (биология, генетика, биотехнология, ес туралы ғылым, тағы басқалар.) мораль мәселелерін талқылау
Негізгі мақсаты: этикалық құндылықтармен мәселелерді шешу, заманауи медицинада нақты моральдық мәселерді шешуге қатысу.
Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады. 2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады. 3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген. 4. Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.