«Философия» пәні бойынша №2 соөж тақырыбы: Үнді философиясы Орындаған



бет1/3
Дата14.05.2023
өлшемі31,18 Kb.
#93134
  1   2   3


«Философия» пәні бойынша
2 СОӨЖ
Тақырыбы:
Үнді философиясы
Орындаған:
«
Тексерген:
PhD Философия докторы,
Философия кафедрасының аға оқытушысы

Алматы, 2023


Көне Үнді философиясы
Жоспар


-Кіріспе
-Негізгі бөлім
Буддизм
-Қорытынды

Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялык ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолынмен бірлесіп келеді [1, 11].


Философия б.з.д. VI-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы өз көзқарастарын қалыптастыра бастады. Философиялык рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалык, иллюзиялык көзқарастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірілуіне ен алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық математиктер мен астрономдар әлемнің гелиоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қалады, квадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді [1, 11].
Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігі, оның өз осінен айналуы туралы ойларды айтты, математиктері санаудың он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды [1, 11].

Негізінен алғанда, Үнді қоғамында 4 каста тарихи пайда болды [3, 56].





Брахмандар (ақтар)

Кшатрилер (қызылдар)

Вайшьилер (сарылар)

Шудралар (қаралар)

айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен, діни қызметкерлер, ел басқарушылар.



айналысатын істері — жауынгерлік істер.

еңбек етеін адамдар, негізінен, егін егу, мал бағу, колөнермен айналысу т.с.с.

ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.

"Варна" сөзі "түс, кабык, бояу" дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға етуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой енбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өндеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін [2, 21].


Тарихи алғашқы үш каста - б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне баска жактан келген арий тайпалары. Шудралар — жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі (ab origine - латын сөзі, басынан бастап) [3, 56].
Әрбір кастанын өзінің әдет-ғұрыптары және баска касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді [3, 56].
Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастады [3, 56].
Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердін болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жаткан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:

  • Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;

  • Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алуы;

  • Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі [3, 56].

Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбында аныктады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі жеке адамнын өмірі, оның ішкі дүниесі, баска - адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды [2, 21-22].
Кене Үнді философиясының басқа ерекшеліктеріне тоқталсақ:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3)діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4)философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялык жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5)негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі [2, 22].
Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен каста болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. Үнді еліне жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып, өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше құрамдас бөлігі ретінде жеңіл сіңісіп кетеді [3, 56].

Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі — оның ете бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды [3, 56].


Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген. Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі [3, 57].
Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет