«философия» пәні бойынша


Технооптимистік  көзқарастар



Pdf көрінісі
бет66/67
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22291
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Технооптимистік  көзқарастар  өз  мәресіне  ХХ  ғ.  60  жж.  жетті.  Ол  кезде  ғылыми-

техникалық  революция  (ҒТР)  жетістіктерін  кеңінен  өндірісте  пайдалану  қарқыналған 

болатын.  Дж.  Гелбрайт,  Р.  Арон  т.б.  ғалымдар  ғылым  мен  техниканың  дамуы  «бұқаралық 

нарықты» тудырып, болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір әкеледі деген 

ой  тастады.  80  жж.  Д.  Бэлл,  Ж.  Фурастье,  А.Тофлер  сияқты  ғалымдар  «ғылымның  негізгі 

өндіргіш  күшке»  айналуына  байланысты,  барлық  жер  бетінде  қорланған  мәселелер-  ді 

компьютерлік  технологияларды  өмірге  енгізу  арқылы  шешуге  болатынын  айтты.  Алайда 

жақын  арада-ақ,  ҒТдың  теріс  салдарлары  да  айқындала  бастады.  Көп  елдер  экологиялық 

дағдарысқа  ұшырады.  Шикізат  қорлары  шексіз  еместігі  анықтала  бастады.  Дамвған  елдер 



89 

 

мен артта қалған елдердің арсында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер 



технопессимистік көзқарастарды тудырды.  

Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым 

мен  техниканың  ұлына  айналадырады  даген  пікір  айтты  .  К.Лоренц  ҒТР  адамдарды 

мыңдаған жылдар бойы беімделген табиғи қошаған ортадан жұлып алды,  «тастан  жасаған   

джунглиге»  қамады.  Кейбір  адамдар  жылдар  бойы  табиғатқа  шыға  алмайды.  Автоматтар 

адамдарды  ауыр  қара  жұмыстан  босатқанмен,  оның  жүйкесін  анағұрлым  тез  тоздырады. 

Қиындығыжоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуге 

әкеледі.  Іші  пысқан  адам  не  істерін  білмей,  өз  өміріне  қанағаттанбай,  нашнмен  әуестене 

бастайды... 

Технопессимистер  тәндік-сезімдік  өмір  бағдарламасынан  бас  тарту,  тойымсыздық 

пиғылды жою, қанатқа келу мәселелерін көтерді.  

Батыста,  Рим  қаласында,  1968ж.  көрнекті  ғалымдар  «Рим  клубын»  құрып,  адамзат 

алдында  тұрған  орасан  зор  қиын  мәселелерді  зерттеуге  кірісті.  Нәтижесінде  «жарылған 

бомбадай» дүниежүзілік қауымға әсерін тигізген “Өсудің шегі» (TҺе Limit of Growth)  деген 

баяндама  1972  ж.  дүниеге  келді.  Бұл  баяндамада  Табиғат  байлықтарының  шектелгені 

жөнінде,  әрі  қарай  жаңа  өндіріс  кешендерін  салу  экологиялық  теңдікті  жойып,  адамзатты 

апатқа  әкелу  мүмкіндігі  баса  айтылды.  Осы  клубтың  бірінші  президенті  А.  Печ-  чеи 

адамзатқа ең керекті нәрсе – руханяттылық, әсіресе – адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған 

мәселелерді шешуге болады. Деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев: «ХХ ғ. 

Адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХІ ғ. Ол оған мойын сұқпаса, құрып кетуі мүмкін», - деген 

ой тастайды.  

Әрине,  бүгінгі  таңдағы  ұлы  ғалымдар  алаңдауының  терең  себептері  бар.  Уақытында 

ағылшын  ойшылы  лорд  Честертон  айтқандай,  байлық  адамды  аздырады.  Өкінішке  қарай, 

материалдық  байлықтың  өсуі,  көп  жағдайда  соншалықты  рухани  өрлеуге  әкелмейді. 

Керісінше,  рухани  құлдырау  байқалады.  Оны  бүгінгі  таңдағы  өз  өмірімізден-ақ  көріп 

жатырмыз.  Бұл  қайшылықты  жою  адамзаттың  қолынан  келер  ме  екен?  Болашақ  өмір  оны 

көрсетер деген ойдамыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет