Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)



бет1/72
Дата18.10.2023
өлшемі0,71 Mb.
#118481
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72

Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)

1. Физиологияның ғылым ретіндегі жалпы сипаттамасы.


Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)- жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Сонымен қатар физиология тірі оргаизм мен жүйелердің бір-бірімен байланысын қарым – қатынасын зерттейді.
Физиология – жедел дамып келе жатқан ғылымдар қатарына жатады.Физиология жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология сияқты ғылымдардан бөлініп шығып, тіршілік әректтері туралы нақтылы деректер айқындап берді.Физиологияда физикалық, химиялық, кибернетикалық, математикалық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылады.
Физиология ғылыми бағыт ретінде 3 топқа бөлінеді.
1.Жалпы физиология
2.Жеке физиология
3.Қолданбалы физиология
1.Жалпы физиология – организмнің жасуша мен тіндерінің ,ағзаларының барлығына тән тіршілік үрерістерін,жаратылысын,көрсеткіштері мен қасиеттерін зерттейді.Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық болып 2-ге бөлінеді.
Салыстырмалы физиология- жануарлар әлемінің әртүрлі түрлерінің ұқсатығы мен айырмашылығын ажыратады.
Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез және филогенез кезінде қалыптасу заңдылықтарын қарастырады.
2.Жеке физиология – кейбір тіндер мен ағзалардың қасиеттерін,жүйелерге бірлесіп ұйымдасуын қарастырады.
3.Қолданбалы физиологияадамның әлеуметтік жағдайларын,іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Мысалы :
Спорт физиологиясы – дене шынықтыру,машықтану тәсілдерін ұйымдастырады.
Тамақтану физиологиясы – адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты,
ұтымды тамақтану шараларын қалыптастыралы.
Психофизиолгия-әртүрлі психикалық үрдістерді,өзгерістерді зерттейді.
Және ұшқыш,ғарышкер,сүңгушілерге таибаттың әр алуан төтенше жағдайларына байланысты жүктемелер әсерін зерттейтін суасты,авиация,ғарыштық физиологиялар қалыптасқан.
Экологиялық физиология - табиғаттың әр алуан төтенше жағдайларының әсерін тигізеді.
Физиологияның аса маңызды саласы – ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы.Негізгі мақсаты мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын ғылыми жетілдіру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет