ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
"Қоғамдық денсаулық сақтау", "Мейіргер ісі" (1 курс) мамандықтарына арналған
«Физиология» пәні бойынша тест сұрақтары
Құрастырған: Оқытушы Избасарова М.С.
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., доцент Жолымбекова Л.Д.
Кафедра мәжілісінің, хаттамасы № . . 2014 ж.
Шымкент – 2014 ж.
«Физиология » пәні бойынша қорытынды білімді бағалауға арналған тест тапсырмалары 1 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» , « Мейіргер ісі» мамандықтарына, 360 сұрақ
~ Қанның қысымы ... төмен болады.
| веналарда
| венулаларда
| артериолаларда
| капиллярларда
| қуысты веналарда
~ Қан тамырларының тарылуы ... жүйке талшықтарының тітіркендірілуін тудырады
| симпатикалық, адренэргиялық
| симпатикалық, холинэргиялық
| парасимпатикалық, холинэргиялық
| парасимпатикалық, серотонинэнергиялық
| соматикалық, холинэргиялық
~ Тамырлар бойымен қан жылжыған кезiнде қан қысымының төмендеуi ... байланысты.
| қан тамырлар кедергiсiне
| қан тамырлардың созылуына
| қан тұтқырлығының жоғарылауына
| плевра қуысының терiс қысымына
| қанның осмостық қысымына
~ Ағзадағы капиллярлардың атқаратын ролі:
| зат алмасу
| сыйымдылық
| айналмалы
| өткiзгiштiк
| қоймалық
~ Қанды көп мөлшерде ... алады.
| бүйрек, жүрек, бауыр, бас миы
| терi, көкбауыр, құрсақ ағзалары, қаңқа бұлшықеттерi
| бүйрек, қаңқа бұлшықеттерi, бас миы
| жүрек, бауыр, құрсақ ағзалары, өкпелер
| өкпелер, бас миы, терi, тегiс бұлшықеттері
~ Қан қысымы ең жоғары капиллярлар ... кездеседі.
| бүйректе
| мида
| өкпелерде
| бауырда
| терiде
~ Веналардың қызметі:
| тасымалдау, сыйымдылық
| қоректену, бөлiп шығару
| тыныстық, алмасу
| бөлiп шығару, тасымалдау
| қоймалық, тыныстық
~ Жүрек минутына 72 рет жиырылып және систолалық қан көлемі 65 мл. тең болса, онда қанның минуттық көлемі... тең.
| 4200 мл
| 3200 мл
| 3800 мл
| 4800 мл
| 5200 мл
~ Қышаның (гoрчичник) әсерiнен терi тамырларының жергiлiктi кеңеюi ... қамтамасыз етiледi.
| аксон рефлексi арқылы
| Бейнбридж рефлексi арқылы
| қолқалық рефлекс арқылы
| коронарлық тамырлардың рефлексi арқылы
| шартты рефлекс арқылы
~ Қан қысымының кенет төмендеуi ... байқалады.
| артериолаларда
| артерияларда
| веналарда
| капиллярларда
| венулаларда
~ Флебограмма – бұл ... тiркеп жазыу әдісі.
| веналардың пульстiк толқындарын
| артериялардың пульстiк толқындарын
| жүректiң биопотенциалдарын
| көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын
| қан қысымының қисығын
~ Артериялық қан қысымын анықтау үшін қолданылатын әдіс:
| Коротков-Рива-Роччи
| реокардиография
| капилляроскопия
| плетизмография
| фонокардиография
~Пульстік қысым -бұл... қысымдар арасындағы айырмашылық.
| систолалық және диастолалық
| орташа және диастолалық
| орташа және систолалық
| систолалық және капиллярлық
| диастолалық және ұлпалық
~ Қан ағысына негiзгi кедергiні ... жасайды.
| артериолалар
| артериялар
| веналар
| капиллярлар
| венулалар
~ Қан қоймасы:
| көкбауыр, бауыр, өкпелер, терi асты веналары
| бауыр,бүйрек,бұлшықеттер,капиллярлар
| өкпелер, бұлшықеттер, артериолалар, синустар
| бүйректер, терi асты веналар, бауыр, ұйқы безi
| көкбауыр, бүйректер, бауыр, қуыс веналар
~ Систолалық қысым:
| жүректен тамырларға қан айдап шығарылған кездегі максимальдi қысым
| веналармен қолқа қысымының айырмасы
| диастола кезiндегi тамырлардағы минимальды қан қысымы
| қолқа мен капиллярлардың қысым айырмашылығы
| айшық қақпақшалар жабылған кездегi пайда болатын қысым
~ Көмірқышқыл газдың жергілікті әсерінен қан тамырлардың диаметрі:
| кеңейеді, тонусы төмендейді
| тарылады, тонусы төмендейді
| кеңейеді, тонусы төмендейді
| тарылады, тонусы жоғарылайды
| диаметр және тонусы өзгермейді
~ Қан тамырлар жүйесі арқылы қанның үздіксіз ағысын ... қамтамасыз етеді:
| қолқа және қуыс веналар арасындағы қан қысымының айырмашылығы
| артериялармен веналардың арасындағы қан қысымының айырмашылығы
| плевра қуысындағы теріс қысым
| веноздар клапандар
| қаңқа еттерінің жиырылуы
~ Пульстік толқынның таралу жылдамдығы... байланысты болады.
| адам жасымен тамырлардың серпімділігіне
| қан ағысының сызықтық жылдамдығы мен тұтқырлығына
| қан ағысының көлемдік жылдамдығы мен қанның температурасына
| тамырлардың кедергі күшімен қанның минуттық көлеміне
| жүректің жиырылу жиілігі мен қанның систолалық
~ Лимфа жүйесінiң негізгі қызметi:
| дренаждық
| алмасу
| сыйымдылық
| гуморалдық
| қоймалық
~ Систолалық және диастолалық артериялық қысымдардың айырымын ... деп атайды.
| пульстiк
| ортаңғы
| төменгi
| минимальды
| бүйiр
~ Гистамин енгiзгенде, қан қысымының шамасы:
| төмендейдi
| өзгермейдi
| жоғарылайды
| жоғарылайды, кейiн төмендейдi
| кенет жоғарылайды
~ Реограмма ... баға бередi.
| қанның толуына және тамырлардың тонусына
| қанның толуына және систолалық қысымға
| қанның толуына және диастолалық қысымға
| қанның толуына және пульстiк қысымға
| қанның толуына және ортаңғы қысымға
~ Қанның систолалық көлемiн ... әдістерімен анықтауға болады.
| Фик, реография
| Рива-Роччи, флебография
| Коротков, сфигмография
| Грольдман, капилляроскопия
| Вальдман, осциллография
~ Денi сау адам дене еңбегiмен айналысқанда:
| пульсi жиiлейдi, қан қысымы жоғарылайды
| пульсi жиiлейдi, қан қысымы төмендейдi
| пульсi баяулайды, қан қысымы жоғарылайды
| пульсi баяулайды, қан қысымы төмендейдi
| пульсi және қан қысымы өзгермейдi
~ Ренниннiң бөлiнiп шығуы жоғарылағанда қан қысымы:
| жоғарылайд ы
| өзгермейдi
| төмендейдi
| кенет төмендейдi
| фазалық түрде өзгередi
~ Жүрекке құйылатын веналық қан қозғалысы жоғарылағанда, қан қысымы:
| жоғарылайды
| өзгермейдi
| төмендейдi
| фазалық түрде өзгередi
| О-ге дейiн төмендейдi
~ Қалыпты жағдайда қан қоймаларындағы болатын қанның мөлшерi:
| 40-50%
| 10-20%
| 30-35%
| 50-60%
| 60-65%
~ Тыныс алу орталығын қоздыратын арнайы фактор:
| көмiрқышқыл газы, сутегі ионы
| көмiрқышқыл газы, азот
| адреналин, натрий бикарбонаты
| ацетилхолин, оттегi
| азот, оттегi
~ Жоғарыға көтерілгенде тыныс алудың өзгеруі мен тау ауруының шығу себебі:
| атмосфералық ауада СО2 және О2 кернеулiк қысымының төмендеуi
| атмосфералық ауада СО2 кернеулiк қысымының және азоттың төмендеуi
| атмосфералық ауада СО2 және О2 кернеулiк қысымның болмауы
| атмосфералық ауада О2 кернеулiк қысымының және азоттың төмендеуi
| атмосфералық ауада гелий және аргонның құрамының төмендеуi
~ Қаннан газдарды алу әдiсiн ... ұсынған.
| Сеченов, Баркрофт, Ван Слайк
| Данилевский, Пашутин, Лихач
| Веденский, Сеченев, Павлов
| Бехтерев, Пашутин; Бойль
| Разенков, Миславский, Сергиевский
~ Өкпенiң жалпы сыйымдылығын ...құрайды.
| өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалдық ауа
| дем алу сыйымдылығы, резервтiк дем шығару ауасы
| қалыпты тыныс ауа және қалдық ауа
| қызметтiк қалдық ауа, резервтiк дем алу ауасы
| өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы, қалыпты тыныс ауасы
~ Кеуде қуысының бүтiндiгi бұзылған кезде өкпе:
| басылып, тыныс алуға қатыспайды
| тыныс алған кезде созылады
| тыныс шығарған басылады
| кеуде қуысына iлеседi
| тыныс шығарған кезде созылады
~ Резервтiк дем шығаруда ауаның мөлшерi ...тең.
| 1300 мл
| 500 мл
| 1900 мл
| 2000 мл
| 2500 мл
~ Пневмоторакс - бұл:
| плевралық қысым атмосфералық қысымға тең болуы
| плевралық қуыстағы терiс қысым болуы
| плевра қуыстағы оң қысым болуы
| плевра қуысында көмiрқышқыл газының мөлшерiнiң көбеюi
| плевра қуысында қанның болуы
~ Пневмография – бұл ... тiркейтiн әдіс.
| көкiрек қуысының тыныс алу қозғалыстарын
| өкпе экскурсиясын
| тыныс алу көлемдерiн
| диафрагманың қозғалыстарын
| қабырға аралық бұлшықеттердiң жиырылуы
~ Тыныс алғанда өкпенiң көлемi:
| пассивтi кеңейедi
| активтi кеңейедi
| өзгермейдi
| активтi кiшiрейедi
| пассивтi кiшiрейедi
~ Дем алу сыйымдылығына ...кiредi.
| қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем алу көлемi
| қалыпты тыныс ауа, резервтiк дем шығару көлемi
| резервтiк дем шығару, қалдық ауа көлемi
| қызметтiк қалдық ауа көлемi және қалыпты тыныс ауасы
| қалдық ауа көлемi, өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы
~ Өкпенiң енжар тыныс алуын ... моделі үйретеді.
| Дондерс
| Дуглас
| Холден
| Баркрофт
| Сеченов
~ Эйпноэ- бұл... тыныс алу.
| қалыпты жағдайда
| жиi
| сирек
| жұмыс атқарғанда
| үзiлмелi
~ Өкпенiң функциональдық бiрлiгi:
| ацинус
| бөлiк
| альвеола
| сегмент
| зона
~ Пневмотахометрия ... анықтау үшін қолданылатын әдіс.
| тыныс алу бұлшықеттерінің күшiн
| тыныс алу көлемдерiн
| қандағы газдардың мөлшерiн
| тыныс алу қозғалыстарын
| плеврааралық қуыстағы қысымды
~ Қалыпты жағдайда бiр минутта тыныс алу жиiлiгi...рет.
| 14-16
| 5-10
| 20-25
| 27-35
| 40-50
~ Тыныс алу орталығын қоздыратын арнайы фактор болып... табылады.
| көмiрқышқыл газ
| оттегi
| адреналин
| ацетилхолин
| азот
~ Егер... кесiп тастаса, тыныс алу тоқтайды.
| сопақша мидың астынан
| Варолий көпiрінiң алдыңғы шетiнен
| Варолий көпiрінiң төменгi шетiнен
| жұлынның бел бөлiмiнiң деңгейiнде
| аралық мидың деңгейiнен
~ Артериялық қанға қарағанда веналық қанның көмірқышқыл газды көп мөлшерде байланыстыратын себебі:
| ұлпадағы көмірқышқыл газдың кернеуінің жоғарылауы
| гемоглобин мөлшерінің төмендеуі
| карбоангидразаның активтілігінің төмендеуі
| оттегінің кернеуінің төмендеуі
| оттегінің меншікті қысымының жоғарылауы
~Төменгі мойын және бірінші кеуде сегменттердің арасынан жұлынды кесіп тастағанда... жойылады.
| қабырғалық тыныс алу
| диафрагмалық тыныс алу
| қабырғалық және диафрагмалық тыныс алу
| қабырғалық және құрсақтық тыныс алу
| құрсақтық тыныс алу
~ Тыныс алудың өзiндiк рефлекторлық реттелуiн (Геринг-Брайер рефлекс) қамтамасыз ететiн импульстер ...келiп түседi.
|альвеолалардың механорецепторларынан, проприорецепторлардан
|қан тамырлардың механорецепторларынан, проприорецепторлардан
|мұрынның шырышты қабығының рецепторларынан, қаңқа бұлшықеттердiң проприрецепторларынан
|сопақша мидың хеморецепторларынан және iшкi мүшелердiң интерорецепторларынан
|қаңқа бұлшықеттердiң проприорецепторларынан және вестибулорецепторларынан
~ Артериалық қандағы оттегі кернуі… тең
| 100 мм с.б.
| 80 мм с.б.
| 60 мм с.б.
| 40 мм с.б.
| 20 мм с.б.
~ Альвеолярлы ауадағы көмiрқышқыл газының меншікті қысымы ...тең.
| 38- 40 мм с.б.
| 100- 102 мм с.б.
| 60- 68 мм с.б.
| 40- 48 мм с.б.
| 30- 28 мм с.б.
~ Кезеген нервтерді кесіп тастаса, дем алу және дем шығару:
| ұзарады
| өзгермейді
| баяулайды
| тоқталады
| жиілейді
~ Тыныс алу бұлшықеттердi иннервациялайтын мотонейрондардың аксондары …орналасқан.
| жұлында
| қыртыста
| гипоталамуста
| варолий көпiрiнде
| сопақша мида
. ~ Тыныс алудың гуморалды реттеуiн ...тәжiрбиемен дәлелденген.
| Фредерик
| Сеченов
| Дуглас
| Ван- Слайк
| Холден
~ Тыныс алу орталығына .... компоненттер кiредi.
| тыныс шығару мен тыныс алу, пневмотаксис
| механорецепторлар, диафрагма
| қабырға аралық бұлшықеттер, пневмотаксис
| қыртыстық және кезеген жүйкелер
| тыныс шығару,мотонейрондар
~ Артериалық қандағы оттегі құрамының пайыздық көлемi:
| 18-20
| 1- 8
| 10- 14
| 24- 300
| 39- 40
~ Қанның ұюына кедергi жасайтын зат:
| гепарин
| норадреналин
| адреналин
| кальций
| пепсин
~ Фибринолиздің 1 фазасында .... жүзеге асады.
| плазминогеннің қандық белсендірушісінің түзілуі
| плазминогеннің плазминге айналуы
| фибрин бөлінуі
| қандық және ұлпалық протромбиназа түзілуі
| фибриногеннің фибринге айналуы
~ Қан ұюының соңғы фазасына ... кіреді:
| ұйыған қанның ретракциясы
| фибринолиз, эритроцит агрегациясы
| ақ тормбтың қалыптасуы
| қанның және ұлпалық протромбиназа түзiлуi
| фибриногеннен фибрин түзiлуi
~ Қан плазмасының құрамындағы ақуыздар:
| фибриноген, глобулин, альбумин
| глобулиндер, миоглобин, фибрин
| фибриноген, карбгемоглобин, альбумин
| миоглобин, оксигемоглобин, альбумин
| фибриноген, метгемоглобин, альбумин
~ Қалыпты жағдайда артериялық қанның рН ортасы:
| 7,40
| 7,35
| 8,10
| 5,4
| 6,85
~ Биологиялық гемолиз ... туындайды.
| сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
| эфир, сiлтiлi,қышқылдың әсерiнен
| жоғары t°-ның әсерiнен
| плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
| электрлiк тоқтың әсерiнен
~ Химиялық гемолиз ... туындайды.
| эфир, сiлтiлi, қышқылдың әсерiнен
| сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
| жоғары t°-ның әсерiнен
| плазманың осмостық қысымының төмендеуiнен
| электрлiк тоқтын әсерiнен
~ Механикалық гемолиз ... туындайды.
| қандағы пробирканы қатты шайқаған кезде
| сәйкес келмейтiн қанды құйғанда
| жоғары t°-ның әсерiнен
| плазманың осмостық қысымының төмендеуi
| электрлiк тоқтын әсерiнен
~ Қан түзу мүшелерiне ... жатады.
| қызыл сүйек кемiгi, көкбауыр, лимфатикалық түйiндер
| қызыл сүйек кемiгi, көкбауыр, өкпе
| қызыл сүйек кемiгi, бауыр, лимфатикалық түйiндер
| қызыл сүйек кемiгi, бүйрек, бауыр
| көкбауыр , бауыр, бүйрек
~ Қан жасушалары ... фагоцитарлық қызмет атқарады.
| нейтрофил, моноциттер
| лимфоцит, эозинофильдер
| базофил, В-лимфоциттер
| Т-лимфациттер, моноциттер
| эозинофил, базофилдер
~ Карбоксигемоглобин гемоглобиннің ... қосылысы.
| иiстi газбен
| көмiрқышқыл газымен
| оттегiмен
| глюкозамен
| сумен
~ Оксигемоглобин гемоглобиннiң ... қосылысы.
| оттегімен
| көмірқышқыл газымен
| иiсті газбен
| глюкозамен
| сумен
~ Агглютинация байқалады, егер ... агглютинин, .... агглютиногенмен кездессе.
| альфа және А
| бета және А
| альфа және бета
| А және В
| А және А
~ Физиологиялық антикоагулянттарға ... жатады.
| антитромбин-ΙΙΙ, гепарин
| антитромбин- ΙΙΙ, протромбин
| ұлпалық фактор,гепарин
| проакцелерин,гепарин
| антитромбин - ΙΙΙ, проконвертин
~ Қан ұюға дейінгі фазасы:
| тамырлық-тромбоцитарлық гемостаз
| ұлпалық протромбиназаның түзілуі
| қандық протромбиназаның түзілуі
| протромбиннен тромбинге айналуы
| фибриногеннен фибринге айналуы
~ Қанның осмостық қысымы ... ұсталып тұрады.
| тер бездерi, бүйрек, өкпемен
| тер бездерi, бүйрек, бауырмен
| АІЖ, бауыр , өкпемен
| тер бездерi, бүйрек, жүрекпен
| бүйрек, өкпемен, қалқанша безбен
~ Пiшiндi элементтердiң гематокриттiк саны ...тең.
| 45%
| 25%
| 30%
| 55%
| 65%
~ III- қан тобындағы науқасқа ...қан тобын құюға болады.
| I және III
| I және II
| II және III
| II және IV
| I және IV
~ Қан жүйесiне... жатады.
| қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, циркуляциялайтын қан, реттеушi аппарат
| циркуляциялайтын қан, жүрек, қантамырлары, реттеушi аппарат
| қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, қан, жүрек
| циркуляциялайтын қан, қан жасаушы және қан бұзушы мүшелер, реттеушi аппарат, жүрек
| циркуляциялайтын қан, қан депосы, жiлiк майы, қантамырлар
~ Тромбоциттер:
| ретрактоэнзим, серотонин бөлiп шығарады, тромбопластин құрылуына жағдай жасайды
| антидене бөлiп шығарады, О2 тасымалдайды, топтық өзгешелiкке ие болады
| аллергиялық реакцияларға қатысады, серотониндi бөлiп шығарады, суды тасымалдайды
| тромбопластиннiң пайда болуына жағдай жасайды, фагоцитоздық қызметке ие болады
| серотонин және гепарин бөлiп шығарады, қан ұюына кедергi жасайды
~ Әйелдерде қалыпты жағдайда ЭТЖ-ның ... (мм/сағ) мөлшері.
| 2-15
| 20-25
| 25-30
| 30-40
| 60-80
~ Қан плазмасындағы ақуыз мөлшері.... г/л
| 65-85
| 5-25
| 25-50
| 150-200
| 250-300
~ Ағзада гемоглобин:
| СО2 мен О2 тасымалдайды, рН ұстап тұрады
| О2 тасымалдайды,қан ұю процесiне қатысады
| рН ұстап тұрады, азот пен оттегiнi тасымалдайды
| қан ұю процесiне, иммунды реакцияларына қатысады, рН ұстап тұрады
|иммунитет пен онкотикалық қысымды қамтамасыз етедi, көмiрсуларды тасымалдайды
~ Қанның құрамында гемоглобиннiң мөлшерi:
| 125-160 г/л
| 50-80 г/л
| 85-115 г/л
| 160-200 г/л
| 220-260 г/л
~ Эритропоэзге ...қажет.
| витамин В12, темiр, фолий қышқылы
| витаминдер Д, В12, сiрке қышқылы
| Кастл iшкi факторы, витамин Е, цинк
| биотин, витамин В3, марганец
| ретинол, фтор, витамин В6
~ Қанның құрамында тромбоциттердің мөлшері:
| 200-400*10 9/л
| 6-5*10 9/л
| 100-200*10 9/л
| 4-4,5*10 9/л
| 420-480*10 9/л
~ Лейкоциттердiң қызметi ... болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |