Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы


Әуелбек Қоңыратбаев – фольклортанушы



бет30/76
Дата11.01.2023
өлшемі214,39 Kb.
#61005
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
38. Әуелбек Қоңыратбаев – фольклортанушы
Ә.Қоңыратбаев – қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті ғалымы, фольклортанушы, этнограф, түркітанушы әрі алғашқы кәсіби шығыстанушылардың бірі.
ХХ ғасырдың 20- жылдарынан-ақ қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуіне, жиналып басылуына, олардың баспа беттеріне жарық көруіне бір кісідей ат салысқан қазақтың маңдай алды фольклор танушысы ғалымдарының бірі - Әуелбек Қоңыратбаев болды. 
Қазақ халқының бүкіл тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен қайғысын сөзге сыйғызған әдеби бай мұраларды Ә.Қоңыратбаевтың зерттеуі заңды құбылыс. Өйткені, ғалым саналы ғұмырында ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға, зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Ғалымның фольклористика саласында жазған ғылыми еңбектерінің бір саласы — тұрмыс-салт жырларына арналған.
Ә.Қоңыратбаевтың төрт түлік малға байланысты туған жырларды «бақташылық жырлары» деп бөлекше атағанын байқаймыз. Оны ғалым былайша түсіндіреді: «Бір кездері жабайы, аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың „пірі“ деп ұғынып, солар жайында түрліше, аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек», — дейді-де, өз ойын: «бұрын жабайы, аңдарға сыйынған халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған», — деп жалғастырады. Демек, ғалым бұл атауды көшпелі мал шаруашылығымен, яғни мал бағумен айналысқан халқының тұрмысымен байланысты таңдап алғанға ұқсайды.
Ал, діни-әдет ғұрыптарға байланысты туған жырлар жайлы ғалым: «Қазақ фольклорынан көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алады. Оның көріністері — бәдік, жарапазан, алғыс-қарғыс, арбау, бақсылық сарындары», — деп айта келіп, әрі қарай Шоқанның «қазақ арасындағы шаманизм нанымдарының қалдықтары» деген еңбегіне кең көлемде талдау жасайды. Атап айтсақ, зерттеуші шамандық ұғымына, оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталады. Сөйтіп, одан әрі бәдік айтысы, жарапазан жырлары жайлы сөз етеді».
Бәдік айтысы туралы Ә.Қоңыратбаев: «бәдік жырларында магия, тотемизм, мифологиялық сарындар бар. Оны дуализм дейді. Дуализмнің арғы тегі жақсылық пен жамандық тартысы түрінде келеді. Бәдікті бір ғана адам кеселі емес, мал емдеуге-де қолданған», — деп тұжырымдайды.
Ә.Қоңыратбаев жарапазанды: «бір кезеңде діни әдет-ғұрыпқа байланысты айтылған өлеңдер», — деп атап, «жарапазан жырларынан ислам дініне байланысты әдет-ғұрып көбірек орын алған. Бақсылық сарынында «тәңірі» сөзі басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем, — дейді. Сондықтан жарапазанды діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыр деп қабылдайды.
Осылайша Ә. Қоңыратбаев өз тұжырымын нақты мысалдармен дәлелдейді.
Ә.Қоңыратбаевтың тұрмыс-салт жырларына байланысты ғылыми тұжырымдары мен қазақ фольклористика ғылымының дамуына, зерттеуіне қосқан үлесі мол. Ә.Қоңыратбаев әрбір жырдың шығу тегіне, өзіндік ерекшеліктеріне жіті мән беріп қарап, толымды да тұшымды пікірлер айтты.
Сонымен қатар,Әуелбек Қоңыратбаевтың жолын жалғастырушы әрі ұлы Тынысбек Әуелбекұлы Қоңыратбаев болып келеді.
Т.Қоңыратбаевтың еңбектері әкесінің қажырлы еңбегімен тығыз байланысты.
Т.Қоңыратбай – ата кәсібін жалғастырушы мұрагер. Ә.Қоңыратбаевтың 100 - жылдығы қарсаңында ғұламаның 10 томдық шығармалар жинағын құрастырып, редакциялап, жарыққа шығарған.
Әуелбек Қоңыратбаевтың жеке архивінде қалған халық мұрасын зерттеп, зерделеген Т.Қоңыратбаев біраз дүниелер жарыққа шығарды. Оның ішінде Сыр елінің даңғар ақыны Нұртуған Кенжеғұлдың «Тағаймұрат», «Ақкете Шернияз», «Шұбырынды ақтабан» секілді көлемді дастандары, көптеген өлеңдері де бар.
Әкеден қалған ұлы мұраларды жинақтап, көпшілік назарына ұсыну да ғалым еңбегінен негізгі арқауына айналып отыр. Т.Қоңыратбаев өзінің бір сөзінде:
«Бүкіл саналы ғұмырын халық мұрасын жинауға бағыштаған ғұлама ғалымның фольклорлық-этнографиялық қызметін бір еңбекпен толық қамтып көрсету мүмкін емес. Халық мұрасы каншалықты мол, ауқымды болса, оны жинаушы Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми мұрасы да соншалықты бай әрі мазмұнды. Олай болса ғалымның жинаушылық, зерттеушілік қызметінің қазақ фольклористикасының назарына ілігуі әбден орынды. Сол негізде біз қазақ фольклористерінің қатарына тағы бір есімді қосамыз. Ол – халық мұрасының қамқоры әрі үлкен жанашыры, профессор Ә.Қоңыратбаев». -дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет