Хх ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы Жоспары: 20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері



бет1/13
Дата08.12.2023
өлшемі117,5 Kb.
#135075
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы


Жоспары:


1.20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері.
2.XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар.
3.XX ғасырдың басындағы жанрлық даму.
4.ҰОС жылдарындағы қазақ лирикасының дамуы.
5. ХХ ғ. 50-60 жылдарындағы әдеби даму және қазақ әдебиеттану ғылымы.
6. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы әдеби сын ұстанымдары.
7. Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеу
8. ХХ ғ.60-жылдардағы қазақ поэзиясының жанрлық өрісі.
9.ХХ ғ 70-80 жылдардарындағы қазақ повесі.
10. Қазақ тарихи романдарының қалыптасу үрдісі
11. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер болмысы
12. Қазақ прозасындағы ғұмырбаяндық шығармалар ұстанымы
13.Қазақ әдебиетіндегі замандас тұлғасын сомдау үрдісі
14.Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы дәстүрлі желілер
15.Қазақ прозасындағы ауыл өмірін бейнелеу дәстүрі.


ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу


1.20 ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері.

Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.


Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет