Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет1/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.



    

                                                        



“ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ (ФОНЕТИКА)” КУРСЫ БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫ

        Қазіргі қазақ тілінің фонетика саласы – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалу ерекшеліктерін,  әр қилы сипаты мен бір-

бірі-мен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Дыбыстың сипаты әр түрлі. Тіл дыбыстарының өзге

дыбыстар-дан   ерекшелігі   –біріншіден,   сөйлеу   мүшелері   арқылы   жасалады,   екіншіден,   белгілі   жүйелік   сипаты   бар,

үшіншіден, белгілі ұғым-ды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып санала-ды.  Әр түрлі тілдердің дыбыстық

жүйесі,  дыбыстарының сипа-ты мен саны  бірдей,  біркелкі  емес.  Тіл  білімінің  фонетика  сала-сы   белгілі  бір халықтың

дыбыстық   жүйесін   қарастырады.   Тіл   дыбыстары  дыбыстау  мүшелерінің   қатысы  арқылы   жасалады   да,   сол   мүшелердің

ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады. 

         Фонетика курсын оқып-үйрену нәтижесінде тіл дыбыста-рының жасалу, айтылу, тіркесу заңдылықтары туралы түсінік

қалыптасады,  орфографиялық,  орфоэпиялық  нормаларды  иге-реді.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексика-фразеология,    сөзжасам

және морфология, синтаксис салаларын оқып-үйренуге негіз болады.

         Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – тіл дыбыстарының жаса-лу ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыра отырып,

олар-дың   тілдің   сөз   құрайтын   мағыналы   бөлшектері   екендігін   таныту,   дыбыстардың   тіркесу   заңдылықтары   негізінде

орфографиялық, орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыру.

         Пәнді оқытудың негізгі мақсатына орай төмендегідей нақ-ты міндеттер қойылады:

– фонетиканың тіл білімінің бір саласы екендігі, оның са-лалары мен зерттеу әдістері туралы түсінік беру;

–  дыбыс пен әріп, олардың айырмашылықтарын меңгерту;

–  тіл дыбыстарының жіктелуі: дауысты және  дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру;

– дауысты дыбыстардың классификациясы мен емлесін меңгерту;

– дауыссыз дыбыстардың  классификациясы мен емлесін меңгерту;

– буын және екпін туралы мағлұмат беру;

– үндестік заңы: буын үндестігі мен дыбыс үндестігі арқы-лы қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерін байқату;

– орфография және орфоэпия туралы түсінік беру;

– сөзге толық фонетикалық талдау жасауға үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет