1.1 Форматтар. Масштабтар. Сызықтар
Форматтар. Сызбалардың өлшемдерін келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. МЕСТ 2.301-68* бойынша негізгі және қосымша сызба форматтары, басқа да құжаттар бекітіледі.
Формат сыртқы жіңішке қоршау сызығымен анықталады. Сызба форматтарының ішкі қоршауы кағаздың үстіңгі, оң және төмеңгі жақтарынан, формат шетінен 5 мм қашыктықта, ал сол жағынан 20 мм қашықтыкта үздіксіз жуан сызықпен жүргізіледі (1.1.1-сурет).
1.1.1-сурет – А4 форматынан басқа форматтарды безендіруге мысал
Ауданы 1 кв.м, өлшемдері 1189×841 мм формат және оның қысқа кабырғасына параллель тең екіге бөлу арқылы жасалған форматтар негізгі форматтар ретінде алынады. Негізгі форматтардың белгілеулері мен өлшемдері 1.1.1-кестеде көрсетілген.
Қажет болған жағдайда жиектерінің өлшемдері 148×210 А5 форматын пайдалануға рұқсат етіледі. Қосымша форматтар негізгі форматтардың қысқа қабырғаларын бүтін n-рет үлкейту арқылы алынады, ондағы n-бүтін сан.
Ішкі қоршаудың оң жақ бұрышының төменгі жағына сызбаның негізгі жазбасы жазылады. Негізгі жазбанын мазмұны, орналасуы және өлшемдері СТП 02073458-0104-92 бойынша көрсетіледі.
1.1.1-кесте – МЕСТ 2301-68* бойынша негізгі форматтардың белгілеулері мен жиектерінің өлшемдері
Форматтардың белгілері
|
А0
|
А1
|
А2
|
А3
|
А4
|
Формат жиектерінің өлшемдері
|
841×1189
|
594×841
|
420×594
|
297×420
|
210×297
|
А4 форматының бетінде негізгі жазба қысқа қабырғасына жазылады (1.1.2-сурет).
1.1.2-сурет – «Геометриялық тұрғызулар» тапсырмасындағы A3 форматтарын безендіру мысалы (1-форма)
Негізгі жазба және қоршау сызбасы (тұтас жуан негізгі сызық) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі (1.1.3-сурет). Тапсырмадағы негізгі жазба 1.1.3-суретте көрсетілген (штамп).
1-ші бағанда – сандарды № 7 сандармен жазады, 14×70 бағанында да осы биіктікті қолданады.
2-ші, 4-ші бағанда – сызба аталуы № 5 әріптермен жазылады.
3-ші бағанда – № 3,5 әріптермен үш жол жазады.
1.1.3-сурет – Негізгі жазуды толтыру (1-форма)
Достарыңызбен бөлісу: |