Фрэнсис Бэкон және оның «Жаңа Органон» еңбегіндегі индуктивті және дедуктивті ойлауы



Дата10.04.2023
өлшемі16,19 Kb.
#81389

Жұмағали Мадина – 203 топ ИФ (корей тілі)

Бір ойшылдың (өз таңдауыңыз бойынша) еңбегін мысалға ала отырып, индуктивті және дедуктивті ойлаудың салыстырмалы талдауын жасаңыз.
Фрэнсис Бэкон және оның «Жаңа Органон» еңбегіндегі индуктивті және дедуктивті ойлауы.
Дедуктивті және индуктивті әдістер танымның ең кең тараған әдістері болып табылады. Дедукция мен индукция бұрын алынған білім негізінде жаңа білімді меңгеру процесінде орасан зор рөл атқаратын зейіннің маңызды түрлері екені белгілі. Дедукцияның таным әдісі ретіндегі ерекшелігі оның алғышарттарының дұрыстығы қорытындының ақиқаттығына кепілдік береді. Дедуктивті ойлауға мысал ретінде әлемге әйгілі «Шерлок Холмс» туындысын алсақ болады. Бұл шығарма детектив жанрында жазылғаны бізге мәлім. Шерлоктың өзі детектив болғандықтан тергеу кезінде, қылмыстың дәлелдерін іздеу кезінде әрқашан дедуктивті түрде ойланады. Бұл ойлау тәсілі арқылы Шерлок қылмыскердің қайдан келгенін, қылмыс болмай тұрып не істегенін және қайда тығылғанын анықтай алған. Осылайша, дедукция үлкен сенімге ие және математикадағы теоремаларды дәлелдеу үшін ғана емес, сонымен қатар сенімді білім қажет жерде кеңінен қолданылады.
Индукция (латын тілінен inductio – басшылық) – таным процесінде жеке білімнен жалпы білімге ауысу. Басқаша айтқанда, бұл бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелерін жалпылаумен байланысты зерттеу, білу әдісі. Индукцияның ерекшелігі оның ықтималдық сипатында, яғни бастапқы алғышарттардың ақиқаттығын ескере отырып, индукцияның қорытындысы тек ақиқат болуы мүмкін. Алайда соңғы нәтижеде ол ақиқат та, жалған да болып шығуы мүмкін. Осылайша, индукцияның дедукциядан айырмашылығы – ол ақиқатқа қол жеткізуге кепілдік бермейді, тек шындыққа жетуге көмектеседі. Эмпиризмнің негізін салушы, индуктивті ойлаудың негізін салушы Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Бэкон өзінің «Жаңа органон» атты еңбегінде индуктивті ойлау негіздеріне ой жүгірткен. Фрэнсис Бэкон философияның «Жаңа уақыт» деген хронологиялық бөлімін ашты. Бұл Қайта өрлеу дәуірінде басталған схоластикалық дәстүрдің түпкілікті жеңілісімен ерекшеленді. Жаңа заман жаңа әдісті талап етті. Ол дедуктивті ойлаудың жақтаушысы болмады, өйткені ол әдіс нәтиже әкелмеді, табиғатты тануға аса қолайлы емес болды. Дедуктивті ойлауға келтіріліген белгілі мысал «Барлық адамдар өледі – Сократ – адам – Сократ – өлімші» болды, бірақ Бэкон жұмысынан кейін философия тарихына тағы бір жаңадан мысал енді «Аққулардың бәрі ақ - Бұл құс аққу - Бұл құс ақ» делінді. Алайда көп ұзамай қара аққулар да табылды. Бұл дедукцияның қажетті білімді бермейді дегенді білдіреді, себебі ол альтернативті ерекше жағдайлардың мүмкіндігін ескермейді. Танымдағы дедукцияның нәтижелі екенін айту үшін зерттелетін аумақтың барлық объектілері «Барлық» деген ұғымға кіретініне сенімді болу керек. Бэкон әдісінің негізі салыстыру болып табылады. Ғалым бір нәрсе туралы сенімді қорытындыға келу үшін барлық белгілерді талдап, ұқсастығын анықтау керек деп есептеген. Фрэнсис Бэкон бұрынғы дәстүрді сынап қана қоймай, ғылымды жетілдіруге арналған өз бағдарламасын ұсынады. Бэкон ілімінің мақсаты – адам өмірін жақсарту үшін табиғат әлемін өзгерту болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет