Г. И. Бейсенова



бет1/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Ф.7.11-19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ


МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ




Г.И. БЕЙСЕНОВА


«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНФОРМАТИКА» пәнінен
Лекциялар жинағы

7М01530- Информатика білім беру бағдарламасының магистранттары үшін







Оқу түрі: күндізгі

Шымкент, 2022




1-2 дәріс.
Тақырыбы:Кіріспе. Педагогикалық информатиканың жалпы мәселелері.
Жоспары:
1. Педагогикалық информатиканың жалпы мәселелері.
2. Педагогикалық информатика пәнінің оқытудың мақсаты.
Мазмұны:

  1. Педагогикалық информатиканың жалпы мәселелері.

Педагогикалық информатика - педагогикалық ғылымдардың жаңа саласы. Педагогикалық информатиканы педагогикалық үдерісті жетілдіру мақсатында педагогикалық іс-әрекетті ақпараттық қамтамасыз ету мен автоматтандырудың және оны дербестендіру мен оптимизациялаудың теориялық мәселелерін, әдістерін және технологиясын жасайтын ғылыми бағыт ретінде анықтауға болады. Тұтасымен алғанда педагогикалық информатика білім беру процесі мен информатиканың өзара әрекеттесуін зерттеп, осы өзара әрекеттесудің заңдылықтары мен тенденцияларын анықтауы тиіс.
Педагогикалық информатика информатика мен бірқатар педагогикалық ғылымдардың түйілісінде қалыптасып келеді, оны сипаттайтын ұғымдық аппараты, мақсаты, әдістері және т.б. бар.
Педагогикалық информатика - информатика мен бірқатар педагогикалық ғылымдардың түйілісінде қалыптасып келеді, оның өзінің ұғымдық аппараты, мақсаты, әдістері, принциптері мен зандылықтары бар.
Педагогикалық информатика - теориялық ғылым, ал теорияның пәні қатынастар жүйесі ретінде беріледі. Оқу іс-әрекетінде пайда болатын қатынастар жан-жақты болып келеді: мұғалім-оқушы, оқушы - оқу материалы, оқушы - басқа оқушылар, оқушы - оқыту құралы. Педагогикалық әдебиеттерде екі іс-әрекеттің арасындағы - оқыту мен оқу - қатынас басты мәселе болып есептелетін көзқарас кеңінен таралған. Оқыту мен оқудың бірлігі дидактикалық, оның ішінде, танымдық қатынастар жүйесін анықтайды. Бұл өзара байланысқан іс-әрекеттер тек оқыту процесінде ғана өтеді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерінің өзара әрекеттесуі 1.2-суретте келтірілген.
Сөйтіп, білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы дидактиканың немесе педагогикалық информатиканың зерттеу пәні: оқыту (мұғалімнің іс-әрекеті) мен оқудың (оқушының танымдық іс-әрекеті) өзара әрекеттесу процесі, ал оның негізгі мақсаты - білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы осы өзара әрекеттесудің заңдылықтары мен тенденцияларын ашу.
Дидактиканың зерттеу пәні тұтасымен алғанда, білім беру мен оқыту процесі болып табылады: оқу-әдістемелік әдебиеттерде, ақпараттық технология құралдарының мазмұнында және білім беру құралдарында жүзеге асырылатын, қоғамды ақпараттандыру деңгейі мен оқушының жеке тұлғалық дамуының мүмкін болатын деңгейіне сәйкес келетін білім беру мазмұны; оқушының тағайындалған интеллектуалдық деңгейіне және оның меңгеруге тиіс біліміне сәйкес келетін оқыту әдісі мен ұйымдастыру түрі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет