Географияны оқыту технологиясы пәні бойынша глоссарий Географияны оқыту технодлогиясы



Pdf көрінісі
Дата29.01.2017
өлшемі151,68 Kb.
#2943

Географияны оқыту технологиясы пәні бойынша глоссарий 

1.

 



Географияны оқыту технодлогиясы -  пәні педагогикалық білімнің бір 

саласы  және  зерттейтін  басты  мәселесі  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпаққа 

физикалық  және  экономикалық  географияның  негізін  геология, 

экономика, 

демография 

сияқты 


кейбір 

жақын 


ғылымдардың 

элементтерімен қосымша беру болып табылады. 

2.

 

Дидактика – педагогикалың бір саласы, оқыту үрдісіндегі негізгі 



теориялық ұйымдасуын, заңдылықтарын, принциптерін әдістерін 

зерттейді. 

3.

 

Оқыту  әдістемесі –  оқушыларға  білім  беру,  танымын  арттыру  және 



дамыту,  дағдыландыру  мақсатында  оқытушылардың  қолданатын  тәсіл-

амалдары мен құралдарының жиынтығы. 

4.

 

Оқытудың  түсіндірмелі  көрнекілік  әдісі  –  оқшылардың  білім  алуын 



ұйымдастыру.  Әдістің  басты  бағыты  оқушының  ақпаратты  оқу 

құралдарын  хабарлау  арқылы  игеруін  ұйымдастыру  және  жақсы 

қабылдауын  қамтамасыз  ету.  Мұндағы  оқушының  іс  әрекеті  берілген 

ақпаратты қабылдауға, оймен және есте сақтауға негізделген. 

5.

 

Репродуктивті  әдістің  басты  бағыты   —  алған  білімді  қолдану  мен 



пайдалнуды  білу  және  дағдыны  қалыптастыру.  Оқушының  әрекеті 

әртүрлі  тапсырмаларды  шешуде  олардың  белгілі  бір  жаттығуларды 

орындау  амалдарына  ие  болуға,  практикалық  іс  әрекетке  алгоритіиге 

сүйенуіне тура келеді. 

6.

 

Проблемалық әдіс – меңгеретін оқу материалдарына әр түрлі мәселелер 



мен  әдістер  және  олардың  шешімдерін  ашып  көрсету.  Оқушының 

әрекеті дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтаумен, қабылдаумен 

қатар  шектелмейді,  сондай  дәлелдеудің  логикасын  бақылау,  оқушының 

ойлау әрекетіндегі қозғалысты бақылауға да бағытталады. 

7.

 

Ішінара  іздену  әдісінің  негізгі  бағыты  –  оқушының  үнемі  дайындық 



үстіндегі мәселені өзіндік қою және мәселені шешуі. Оқушының әрекеті 

проблеманы қою және шешу жолын табуды меңгеру барысында оқушы 

белсенді қатысады. 

8.

 



Зерттеушілік  әдіс  –  ғылыми  таным  әдістерімен  қамтамасыз  ету, 

оқушылардың  шығармашылық  әрекетін  дамыту  және  шығармашылық 

әрекетті  ойдағыдай  қамтамасыз  ету,  епті  пайдалынатын  білімнің 

тұрақталуын  үйрету.  Оқушының  әрекеті  олардың  өз  бетімен  мәселе 

қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады. 

9.

 



Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді  дұрыс 

орындау  үшін  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлесіп  жұмыс  істеу  үшін 



қолданатын  тәсілдері.  Әдіс  арқылы  мақсатқа  жету  үшін  істелетін 

жұмыстар  ретке  келтіріледі.  Оқыту  әдістері  танымға  қызығушылық 

туғызып,  оқушының  ақыл-ойын  дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді 

түсінуге ықпал етеді. 

10.

 

Тәсіл  –  оқыту  әдісінің  элементі.  Жоспарды  хабарлау,  оқушылардың 



зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды 

қайталауы,  ақыл-ой  жұмыстары  тәсілге  жатады.  Тәсіл  оқу  материалын 

түсінуге үлес қосады. 

11.


 

Оқыту  құралдары  -  білім  алу,  іскерлікті  жасау  көзі.  Олар:  көрнекі 

құралдар,  оқулықтар,  дидактикалық  материалдар,  техникалық  оқыту 

құралдары,  станоктар,  оқу  кабинеттері,  зертханалар,  ЭЕМ  және  ТВ, 

нақты объектілер, өндіріс, құрылыс. 

12.

 

Эвристикалық  әдіс  –  арқылы  ақыл-ой  жұмысы  күшейеді,  оқушы 



білімді өзінің танымдық іс-әрекеті дамыту. 

13.


 

Бинарлық  әдіс  -    бір-бірімен  тығыз  байланысты  оқыту  мен  оқудың 

тәсілдерін  (хабарлау,  міндеттер  қою,  мұғалімнің  тапсырма  беруі, 

оқушылардың  тыңдауы,  жаттығулар  орындауы,  есептер  шығаруы, 

мәтінді оқуы. 

14.

 

Түсіндіру  әдісі  –  жеке  ұғым,  құбылыстарды,  құралдар,  көрнекі 



құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. 

15.


 

Түсіндіру  – оқыту  әдісі  ретінде әр жастағы  балалар тобымен жұмыста 

кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының 

күрделеніп,  оқушылардың  ақыл-ой  жұмысының  мүмкіндіктері  өскенде 

бұл  әдіс  кіші  жастағы  оқушылармен  жұмысқа  қарағанда  көбірек 

қолданылады. 

16.


 

Әңгімелесу  –  оқытудың  диалогтық  әдісі,  мұғалім  оқушыларға  мұқият 

ойластырылған  сұрақтарды  жүйелі  қою  арқылы  олардың  жаңа  оқу 

материалын  меңгеруіне  жағдай  жасап,  бұрын  оқылған  материалдарды 

қалай  меңгергенін  тексереді.  Әңгімелесу  -  дидактикалық  әдістің  ескі 

түрі,  оны  Сократ  шебер  түрде  қолданған,  сондықтан  әңгімелесу  әдісін 

Сократ әдісі деп атайды. 

17.

 

Пікірталас  –  танымдық      қызығушылықты  ынталандыру,  оқушыларды 



қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде 

талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының 

негіздерін түсінуге жағдай жасау.  

18.


 

Кітаппен  және  оқулықтармен  жұмыс  –  оқытудың  маңызды  әдісі. 

Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен 



жүзеге  асады.  Одан  әрі  оқушылар  кітаппен  жұмыс  істеуге  өздері 

үйренеді. 

19.

 

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау 



20.

 

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау 

21.

 

Цитаталау  -  мәтінді  сөзбе  сөз  көшіру.  Міндетті  түрде  автор,  кітап 



(жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі 

22.


 

Аннотация  —  мәнді,  елеулі  мағынасын  жоғалтпай  мазмұнды  қысқа 

баяндау 


23.

 

Рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу 

24.

 

Справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет 



25.

 

Формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы 

26.

 

Тақырыптық  тезаурус  –  бөлім,  тақырып  бойынша  негізі  ұғымдарды 



ретке келтіру 

27.


 

Оқушылар  үшін  білім  көзі  –  бақылау,  мұғалім  сөзі,  баспа 

материалдары.  Оқулықтар,  оқу  құралдары,  ғылыми  –  көпшілік 

әдебиеттер  және  журналдардан  оқушылар  түрлі  ақпараттар  алып, 

сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік 

алады,  өз  бетімен  білім  алу  әдістерімен  қаруланады.  Кітаппен  жұмыс 

әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. 

28.

 

Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті 



ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру. 

29.


 

Иллюстрация  әдісі  арқылы  оқушыларға  иллюстрациялық  құралдар  – 

атап  айтсақ:  плакат,  кесте,  картина,  карта,  тақтадағы  суреттер,  үлгілер 

көрсетіледі. 

30.


 

Демонстрация  әдісі  арқылы  заттар  мен  құбылыстар  тәжірибе  жасау 

арқылы 


немесе 

техникалық 

құралдардан, 

кино-фильмдерден, 

диафильмдерден көрсетіледі. 

31.


 

Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. 

Ол  арқылы  білім  "дайын"  күйінде  беріледі.  Мұғалім  материалды 

қабылдауға  көмектеседі,  оны  оқушылар  түсініп,  естерінде  қалдырады. 

Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды. 

32.

 

Репродуктивтік  әдіс.  Бұл  әдіс  арқылы  мұғалім  оқушының  іскерлігін 



және  дағдыларын  қалыптастырып,  тапсырмалар  беріп,  өзі  меңгерткен 

білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. 

33.

 

Алгоритм - оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт 



беретін іс-әрекеттердің жүйесі. 

34.


 

Мәселелік жағдаятты  тудырудағы мақсат - оқуды қиындату арқылы 

оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету. 



35.

 

Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды 

түсіндіріп,  оны  оқушы  меңгереді.  Аталған  әдіс  оқу  материалын  тез 

меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық 

материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. 

36.


 

Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, 

ғылыми  заңдарды  бақылау  жүргізгенде,  тәжірибе  жасағанда,  жаттығу 

жазғанда қолданады. 

37.


 

Индуктивтік  әдіс.  Индукция  -  латын  сөзі.  Оқушыларды  белгілі  бір 

қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар 

түсіндіріледі,  фактілерден  қорытындылар  шығартады.  Индукция  әдісі 

дедукциямен бірге қолданылады. 

38.

 

Импрессивтік  әдістер.  Импрессия  (латын  сөзі,  әсер,  толғаныс,  сезім) 



әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның 

авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын 

айтады. 

39.


 

Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы 

жасалған  жағдайда  оқушылар  нақты  құндылықтар  жасап,  өздерін 

танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда 

түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы 

болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы. 

40.


 

Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. 

41.


 

Оқыту  технологиясы  –  белгіленген  мақсатқа  нәтижелі  қол  жеткізуді 

қамтамасыз  етуде  оқытудың  формасы,  әдістері  мен  құралдарын  ашып 

көрсетіп,  оқу  бағдарламасында  белгіленген  оқытудың  мазмұны  жүзеге 

асырылады 



 

Құрастырған г.ғ.к., доцент:             Касымжанова Б.С. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет