Презентация без названия



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#136698
  1   2   3


Слайд 4
Техногенді бүлінген жерлер


Техногенді бүлінген жерлер туралы түсінік жəне оларды 
рекультивациялаудың маңыздылығына шолу 
Ғаламшардың əрбір тұрғыны үшін жыл сайын 20 тоннаға жуық минералды шикізат өндіріледі. 1 млн. тонна темір 
рудасын өндіру 10 гектардан 650 гектарға дейін жететін жерлердің бүлінуіне əкеледі, марганец рудасын өндіру - 75 
гектардан 600 га дейін, көмір өндіру - 2,5 гектардан 45 га дейін, минералды тыңайтқыштар өндіру үшін алынатын 
руданы өндіру кезінде 20 гектардан 100 гектарға дейін, 1 млн. м рудалы емес (құрылыс) материалдарын өндіру 1,5 
гектардан 580 гектарға дейін жердің бүлінуіне əкеледі. Ұзындығы 1 км жететін бір магистралды труба құбырларын 
жүргізу барысында 4 гектарға дейін жер ауданы бүлінеді. Бір жылда бұл (уақытша ғимаратар мен жол салуларды 
есепке алмағанда) бірнеше мыңдаған гектарға жетеді. Минералды шикізаттарды өндіру жəне адамның қоқыс 
қалдықтарын, күл үйінділерін (ТЭЦ, ГРЭС, ТЭС), қалдықсақтағыштар (кен байыту комбинаттары), əскери, 
өнеркəсіптік жəне азаматтық мақсатта нысандар салу сияқты қызмет түрлері халық шаруашылығы үшін құнды 
жерлерді пайдаланудан шығарып тастауға əкеледі. Жыл сайын осы қажеттіліктерге 6-7 млн га құнарлы жерлер 
алынады. [5].


Сурет 1 - Карьердің қоршаған ортамен қарым-қатынас сұлбасы Ы.Жақыпбек Т.Б., сызбасы 
бойынша [6] 


Жер 
асты қазба байлықтарын ашық əдіспен қазбалау барысында 
күрделі мəселерлерге жердің бүлінуі, сол аймақтағы топырақтардың 
антропагендік ластануы жəне игерілетін аудандарағы жердің 
астыңғы, үстіңгі су көздерінің ластануы жатады. Гидрологиялық 
құбылымдардың бұзылуы, атмосфераның шаң жəне газбен 
ластануы, 
утты 
элементтердің 
жердің 
флора 
жəне 
фауна 
жасушаларына 
енуі, 
санитарлық-гигиеналық 
жағдайдың 
нашарлауына алып келеді. Бұған дəлел карьердің (сурет 1) қоршаған 
ортамен байланысына назар салғанда биосфераның барлық 
элементтерінің, жер қойнауының жəне жер рессурстарының 
жағымсыз факторларға тап болатынын білеміз [7]. 


Рекультивацияның мақсаты жаңа ландшафты жасау болып 
табылады.
Ландшафтың барлық компоненттері рекультивация 
жұмыстарының 
нəтижесінде 
қайта 
жасалады: 
болашақ 
ландшафтың топырағын құрайтын жыныс қабаты жəне жер 
бедері қалыптасады; жер асты ыза суларының режимі қалпына 
келеді; рекультивация жұмыстары жүргізілетін аумақты 
игерудің таңдап алынған түрлеріне сəйкес ландшафттың 
топырақ жəне өсімдік жамылғысының құрылымы жасалады. 
Жасанды түрде жасалған орта қалпына келтірілген аумақтың 
жануарлар əлемін қалыптастырады [9].


Рекультивацияның алдына қойылатын негізгі міндет
– бұл бүлінген жерлердің 
өнімділігін қалпына келтіру. Бұл міндетті болашағы зор ретінде айқындауға болады
алайда рекультивациялық жұмыстарды жүргізу кезеңі ішінде орындалуы қиын 
жұмыс, себебі оны шешу нысанның түріне, оның функционалдық мақсатына жəне 
табиғат жағдайларына байланысты. Қоқыс тастайтын жерлерді, уытты үйінділерді, 
қалдық сақтағыштарды, күл үйінділерін жəне басқа нысандарда рекультивация 
жұмыстарын жүргізу тек қоршаған ортаны қорғауға бағытталған табиғат қорғау, 
эрозия үрдістерін болдырмау жəне осы нысандарда құнарландырылған ландшафты 
жасау ғана болуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет