Гормондар биохимиясы ц-амф және ц-гмф арқылы әсер ету механизмі



бет1/4
Дата13.03.2023
өлшемі0,51 Mb.
#73850
  1   2   3   4

Дәріс №1. Гормондар биохимиясы. ц-АМФ және ц-ГМФ арқылы әсер ету механизмдері.

Биохимия кафедрасы

Дәрістің жоспары

  • Гормондар туралы түсінік, жіктелуі.
  • Жалпы қасиеттері.
  • Гормондардың әсер ету механизмдері.
  • Аденилатциклазды жүйе.
  • Гуанилатциклазды жүйе.
  • Гормондар – ішкі секреция бездерінде синтезделетін, қанға немесе лимфаға бөлініп шығатын, нысана-жасушаларына
  • әсер етіп, заттар алмасуын реттейтін биологиялық активті заттар.

    Гормондар ферменттердің активтілігін немесе синтезделу жылдамдығын өзгерту арқылы заттар алмасуын реттейді.

Гормондардың жіктелуі

І. Нәруызды-пептидтік гормондар:

  • Жай нәруыздар: инсулин, паратгормон.
  • Күрделі нәруыздар: ТТГ, ФСГ, ЛГ.
  • Полипептидтер: глюкагон, кальцитонин.
  • ІІ. Амин қышқылдарының туындылары: тиреоидты гормондар, катехоламиндер.

    ІІІ. Стероидты гормондар: кортикостероидтар, жыныс гормондары.

Гормоноидтар

  • Эйкозаноидтар (простагландиндер).
  • А және Д витаминдері.
  • Биогенді аминдер (серотонин, гистамин).
  • Олар синтезделген орнында жергілікті әсер етеді.

Жалпы қасиеттері.

  • Әсер ету арнайылығының жоғары болуы.
  • Жоғары биологиялық активтілігі.
  • Секрециялануы.
  • Қашықтан әсер етуі.
  • Гормондар қанда бос (активті) немесе нәруыздармен байланысқан (активсіз) күйде болуы мүмкін.
  • Уақытша әсер етуі: стресс-гормондары, бейімділік (адаптациялық) гормондар.
  • Рецепторлар арқылы әсер етеді.

Рецепторлар

Рецепторлар –ірі, қышқыл нәруыздар, нағыз гликопротеиндер болып табылады. Олардың құрамындағы көмірсу гормондарды танып, гормондарды байланыстырады. Рецепторлар плазма мембранасында, цитозольде, ядрода, органелла мембранасында орналасады. Белгілі бір гормонның рецепторлары бар жасушалар мен тіндерді нысана-жасушалар немесе нысана-тіндер деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет